Скаффолдинг стратегияларын қолдану арқылы тарих пәнінен тілдік дағдыларды қалыптастыру және дамыту жолдары акынбекова гулнур Оразбаевна, кенбаева надежда Амангелдиевна



Pdf көрінісі
бет15/135
Дата22.04.2022
өлшемі5,12 Mb.
#140352
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   135
Байланысты:
сборник3

Өмір сүру үшін өзгере білу керек.
Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп 
қала береді. Сананың ашықтығы,
 
жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің 
айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді; 

ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген 
сөз; 

бұл өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі. 
Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды 
өмірге әкелу. Бұрынғы білім алушы тек тыңдаушы, орындаушы ғана болса, ал қазіргі білім 
алушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Қазіргі білім 
алушы дүниетаным қабілеті жоғары, дарынды, өнерпаз, ізденімпаз, талапты, өз алдына мақсат 
қоя білу керек. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану педагогикалық іс әрекеттердің 
мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. 
Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиялық 
технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпараттық 
коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды. Оқытудың 
педагогикалық жаңа технологияларының барлығы дерлік оқушының өз бетінше білім алуын 
ұйымдастыруға бағытталған. Қазіргі уақытта білім мазмұнын жаңарту мен сапасын жаңа 
деңгейге көтеру мақсатында оқытудың педагогикалық технологиялары арқылы оқыту 
әдістерінің 
50ге 
жуық 
үлгілері 
ұсынылып, 
мектеп 
тәжірибесіне 
енгізіле 
бастады.Педагогикалық технологиялар көптүрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының 
екі ғана жолы бар.
Біріншісі теориялық негізде орындалуы, екіншісі тәжірибемен жүзеге келуі. Сонымен, 
жаңаша оқытудағы басты нәрсе бұл білім алу және өздігінен білім алу негізінде адам 
қабілеттерін, икемділіктерін дамыту. Жаңа білім алу парадигмасында тұлғаның 
қызығушылықтарын қамтамасыз етуде тұтастық, бағыттылықпен бірге мықты негізділік 
(фундаменталдылық) те шешуші рөлге ие. Қазіргі заманғы оқушының, әсіресе студенттің 
басты мақсаты көптеген пәндерден, олардағы ұшан теңіз ақпараттардың ішінен ең негізгісін, 
мәндісін таба білу. Тәуелсіз ел тірегі білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған 
мәселе білім беру, ғылымды дамыту.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты 
міндеті ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері 
негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін 
қажетті жағдайлар: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру
халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі 
дамыту міндеттерін көздейді. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында 
оқыту үрдісі технологияландыру мәселесін қойып отыр. Бүгінгі күннің басты 
ерекшеліктерінің бірі, «Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістіктің бәсекеге 
қабілеттілігін 2006-2009 жылдарында даму тұжырымдамасында» келтірілгендей, ақпараттың 
ақылға симайтын шамадан тыс, оны игеруде адамның биологиялық мүмкіндіктерінің «артық» 


13
мөлшерде дамуы. Сол себепті де оқу оқыту қысқа мерзімде ақпараттың көлемді бөлігін тиімді 
түрде ұсынатын, сол ақпаратты жоғарғы деңгейде игеретін және практикада бекіте алатын 
әдістерді қолдануды талап етеді. Бұл талап білім беру саласында инновациялық өзгерістерге 
әкеліп, оқудың оқытудың негізі ретінде тұлғалық дамуды қарастырады, өйткені бұл дәуірдің 
идеологиялық, әлеуметтік, саяси сұраныстары адамнан төмендегідей құзырлықтарды талап 
етеді: ақпараттың ішінен өзіне қажеттісін таңдап, оны пайдалану; проблемаларды шешу және 
шешім қабылдау; өзіндік пікір, идеялар, тұжырым, түсінік келтіру, оларды дәлелдей және 
қорғай білу; социумда ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас құра білу, бірлесе жұмыс 
жасай білу, жанжалдарды болдырмау; өмірге деген көзқарасын, ұстанатын сенімдерін, 
қажеттіліктерін, құндылықтарын жалпы адами құндылықтармен байланыстыру; өздігімен 
үйрене білу, өз білімін әрқашанда дамытып отыру. Қазіргі заманғы үздіксіз өзгеріп жатқан 
жағдайында жоғары мектеп өз әрекетінде білім алушылардың зияткерлік (интеллектуалы) 
қабілеттерінің дамуына бағытталуы қажет. Сондықтан мұғалім деген қасиетті мамандық 
иелеріне артылар жүк пен жауапкершілік өте үлкен. Жастарды дәл бүгінгі сынаптай сырғыған 
жаңалықтар дәуірінде көштен қалмай ілгерілеуіне ұстаздардың дұрыс бағыт бағдар беруі аса 
маңызды. Елбасы ертең - ақ ескіге айналады демекші, ғылыми - техникалық процесс 
заманында барлық иновациялық өзгерістерге сай интелектуалды ұлт болып қалыптасуымыз 
керек. Басекеге қабілетті азаматтарды тәрбиелеп қана қоймай, рухани бай тұлға ретінде 
қалыптасуы үшін педагок бар асылын аямау қажет.
Өзім жас маман болсам да шәкірттерімді жаңғыру процестерініңі негізгі қажеттіліктері 
арқылы тәрбиелеп келемін.
Бұл тұрғыда жаңа иновациялық технологиялар мен модульдерді қолданып, өз пәнім 
бойынша сапалы білім беріп,алға қойған мақсатыма жете аламын. Шәкірт етіп тәрбиелеу - 
менің ең манызды мақсатым. Ал тәрбие саласында прагматизм үлгілерімен ұлттық кодты 
сақтай отырып, азаматты тәрбиелеу бағытында жұмыс атқарып келемін. Алдағы уақытта бұл 
еңбектерім өз жемісін береді деп сенемін.
Жаһандану заманында басты құндылықтардан тек ғылыми жетістіктерді алып, ал 
рухани жаңғыру барысында ата - бабамыздан келе жатқан асыл мұрамызды бойына сіңірген 
азаматтар болса, ал менің педагог ретінде дұрыс бағыт - бағдар бергендігім болады. үш 
тұғырлы тіл саясаттан қолдап, әлемдік кеңістікке еркін сүңгіп кете алу үшын шәкірттерімнің 
шет тілдерін менгергені мен үшін маңызды. 
Егер жаңғыру елдің ұлттың рухани тамырынан нәр алмаса, адасуға бастайды деп Ел 
басымыз бекер айытпаған. Жаңғыру тарихи тәжірбиеге сүйеніп, ұлтық құндылықтарды сақтай 
отырып жаңаға бейімделу.
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай атамыз айтқандай :
«Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға. 
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға...» демекші, мен балаға білім беруден ешқашан жалықпаймын деп 
үлкен сеніммен айта аламын. 
Өз ойымды қортындылай келе, Мағжан Жұмабевтың «Мен жастарға сенемін» 
өлеңімен аяқтағым келеді. 
Арыстандай айбатты 
Жолбарыстай қайратты- 
Мен жастарға сенемін! 
Көздерінде от ойнар, 
Сөздерінде жалын бар, 
Жаннан қымбат оларға ар, 
Мен жастарға сенемін! 


14


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет