Скаффолдинг стратегияларын қолдану арқылы тарих пәнінен тілдік дағдыларды қалыптастыру және дамыту жолдары акынбекова гулнур Оразбаевна, кенбаева надежда Амангелдиевна


БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ӨМІР БОЙЫ ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ АЛУЫ



Pdf көрінісі
бет16/135
Дата22.04.2022
өлшемі5,12 Mb.
#140352
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   135
Байланысты:
сборник3

БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ӨМІР БОЙЫ ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ АЛУЫ 
АЙМЕНБЕТОВА Қарлығаш Турлыбаевна, АРПАБЕКОВА Шынаркуль Умиртаевна 
Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 
Қазақстан, Алматы қаласы 
Аннотация 
Мақалада ересек адамдар,соның ішінде педагог мамандардың үздіксіз өмір бойы білім 
алу мәселесі қарастырылады. Қазіргі кезде үздіксіз білім алу барлық елдерде өзекті мәселе 
болып отыр.Үздіксіз білім алу мәселесінің педагог тәжірибесінде іске асу жолдары мен 
адамзат өркениетінің дамуына ықпалы талқыланады. 
Abstract 
The article considers issues of adult education, including continuing education of teachers 
throughout life. Currently, continuing education is becoming relevant in all countries. The ways of 
solving problems of continuous education in pedagogical practice and its influence on the 
development of human civilization are discussed. 
Адамзат тарихының көші ілгерілеген сайын сол көштен қалмай ілесіп отыру -әрбір 
саналы азаматтың адами парызы. Осы тұста Мұхтар Әуезовтің: «Ел мен елді, халық пен 
халықты теңестіретін – білім» деген пікірі еріксіз тілге оралады. Бүгінгі бәсекелестік 
қарыштап отырған заманда басқа өркениетпен тереземіз тең болу үшін өмір бойы үздіксіз 
білім алу қағидасын назарымыздан қалыс қалдыруға болмайды. Үздіксіз білім алуда мыңдаған 
ақыл-ой иелері, зерделі, зейінді жұрттың талай қиындықтарды басып өтіп, талай жұмыс 
атқарғанын ұмытпау керек. Тұтас дәуірлер білім мен ғылым жолындағы күрестерді бастан 
кешірді. Бәрі өзгереді, бәрі таусылады, сарқылады, тек таза білім ғана сарқылмас қазына
таусылмас байлық болып қалады. Оқу, білімі бар жұрттар тастан сарай салғызып, өркениетті 
қоғамға аяқ басқалы қашан.
 
Қазіргі кезде үздіксіз білім алу дүниежүзінде өзекті мәселе болып отыр, өйткені 
ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың, саяси және әлеуметтік экономикалық 
өзгерістер қарап тұрмайды, адамды ізденуге итермелейді. Бүгінде әлем қарыштай дамып, қай 
салада болсын ұдайы өзгерістер жүріп жатыр, кейбір мамандықтарға деген сұраныстардың 
азаюы, жұмыс орындарының тапшылығына әкеледі, яғни әр адам үздіксіз оқып, білім алуға, 
өзінің кәсібін өзгертіп, қиындықтардан шығу жолдарын қарастыруы керек. Білім арқылы 
адамның әлеуеті көтеріліп, экономикалық өркендеуге және әл-ауқатын арттыруға жол 
ашылмақ.
 
Әр маман өз кәсібінің үздіксіз сұранысқа ие болуы үшін де жас ерекшеліктеріне 
қарамай оқып-ізденуді тоқтатпау керек. Осы тұста андрогогика [1] қағидасына тоқталатын 
болсақ, онда ересек адам кезе келген тақырыптағы кәсіби іс-әрекеттің негізгі және қосымша 
жақтарын дамыта алады. Демек, ересектерге жалпы білім берудің мәдениетін қалыптастыру 
олардың түпкілікті
білім инвариантын игеруімен айқындалады, бұл қажетті ақпаратты қолдана отырып 
қандайда бір тұжырымдамалар, теориялар мен ойларды тани алып, өзінше жасай алуы дегенді 
білдіреді. Бұған қоса, білімді ересек адам игерген білімі мен мәдениетін әдеттегі, қалыптан 
тыс шешімдермен қатар, жаңа шығармашылық мәселелерді шешуде өзектендіріп, дұрыс 
қолдана алады. Андрагогикалық амалды қарастыра отырып, негізгі іс-әрекетке мыналарды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет