Андрагогика
1
- ересектерге білім беру, оқыту және тәрбиелеудің теориялық және
практикалық мәселелелрін қамтитын педагогика саласы.
жатқызамыз: академиялық түрдегі оқыту іс-әрекеті, кәсіби іс-әрекет, оқыту-кәсіби іс-
әрекет, жалпы мәдени іс-әрекет. Бұл топтардың бірігуі ересек адамдарды терең білімдерді
игеруге бағыттайды, оларға сүйене отырып ересек адам кезе келген тақырыптағы кәсіби іс-
әрекеттің негізгі және қосымша жақтарын дамыта алады. Үздіксіз білім алу адамның өмір
ағымымен толыққанды мәні аясындағы адами және әлеуметтік-мәдени болмыс ретінде
қабылдауы білім беру жүйесінің философиялық-әдіснамалық негізі. Заманауи білім беруді
15
адам болмысының толыққандығының маңызды белгісі оның өткенімен және болашағымен
байланысуды тек сезіну - түсіну ғана емес, бұл рухани қарым-қатынастық адамның қазіргі
болмысының жан-жақтылығымен, тереңдігімен өлшенеді.
Ересектерге білім беру саласындағы адам жайлы философиялық антропология адам
бейнесінің біртұтастығын қалпына келтіру қажеттігі және оның дамуының тетіктері, білімдер
мен рәсімдердің бірігуі туралы айтады. Үздіксіз білім алудың философиялық-педагогикалық
жағы мынадай негізгі ойларға сүйенеді: біріншіден, субъект ретінде ересек адам болмысының
даралығын, әмбебаптығын ескеру; екіншіден, үздіксіз білім алуда адам жоғары талпынысын,
өзі үшін сыртқы ықпалдарды анықтап, оларды қабылдау немесе қабылдамау құқығын қорғау;
үшіншіден виртуалды тереңдік, яғни кез келген адамның бойында жасырын вируталды
мүмкіндіктердің түпсіз ішкі дүниенісінің бар екенін мойындау; төртіншіден, ересек адамның
білімін субъектілер арасындағы диалогтік қатынас аясында ашу, басқалармен терең, ашық
ортақтастығын көрсету; бесіншіден, білім берудің әмбебаптық, эвристикалық қозғалмалы, көп
қызметтік және жағдайларға байланысты сипатын арттыру. Бұл ойлар үздіксіз білім алу
жүйесінің негізгі ережелерін қалыптастыруға көмектеседі.
«Үздіксіз білім» туралы ұғым өткен ғасырда-ақ атақты француз, поляк, ағылшын, орыс
педагогтарының еңбектерінде айтылған болатын.
«...ағарту ісін тек таңдаулыларға ғана арналған институт деп және тек адамның толысу
кезеңіндегі қысқа уақытқа қатысты жұмыс деп санамай, білім алуды барлық жандарға
арналған іс деп және ол өмір бойы атқарылатын шаруа деп қарастыру қажет»- дейді А.Л.
Смитт. [2] Олай болса, педагог-маман заман талабына ілесіп отыруы тиіс, өйткені білікті
маман, мықты тұлға тәрбиелеп шығару тікелей осы мамандық иелерінің қолында екені
баршаға аян. Ал, оған сай бола білу оңай ма?! Оның салмағы қандай? Елдің әлеуметтік-
экономикалық дамуының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге қабілетті интеллектуалды және
кәсіби педагог даярлау мақсатқа алынады. "Ұстаз болу өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын
аямау" деп бекер айтылмаған.Қазақстандықтардың сапалы білімінсіз ұлтымыз, еліміз биік
шыңнан көрінбек емес. Осыны анық білетін Елбасымыз ұсынған жалпы орта білім берудің
жаңа жүйесіне ауысуға орай психологиялық-педагогикалық кадрларды кәсіби даярлауды
ұйымдастырудың мақсаттары, мазмұны мен технологиялары туралы мәселе өзекті бола түсті.
Жаһандану кезеңінің заманауи оқу бағдарламасын жүзеге асыруға қабілетті мамандар кәсіби
әрі жоғары деңгейде жұмыс істей білу және одан әрі кәсіби даму, бірлескен (ұжымдық,
топтық) кәсіби қызметпен айналысу, білім беру үдерісін басқару бойынша қабылданған кәсіби
қарым-қатынас техникасын пайдалану, білім беру ісіндегі кәсіби білім дағдыларын дамыту
мен білім беру ісіндегі мақсаттарды қоюға қызығушылық таныта білу, білім беру ісінде
шығармашылықты дамытуға ынталандыру, педагогикалық және әлеуметтік психологияның
негіздерін қолдану мүмкіндігін толыққанды пайдалану сынды құзіреттіліктерге бар
ынтасымен жауап бере алуы тиіс. Бұл дегеніміз, Қазақстанды болашаққа бастайтын ұрпақ
қалыптастыруға қауқарлы мамандар, яғни, педагогтар рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге
асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық-әдістемелік, әлеуметтік,
коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен
сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл
тұлға болуы шарт. Білім жүйесіндегі әр қадамды дұрыс жүзеге асыру жолында әр мұғалім
қызметінің мақсатты түрде жүргізілуі өзінің оң нәтижесін көрсетеді. Заман талабына сай тұлға
қалыптастырып шығару үшін ұстаз білім беру саласының негізгі және объективті міндеттерді
ескере отырып, нақты білім беру үдерісінің мақсаттарын құрастыруға (нәтижеге қол жеткізуге
бағдарланған оқыту үдерісі мақсаттарын қалыптастыру), оқу үдерісін білім беру
стандартының талаптарына сәйкес және оқу материалын меңгеруді ұйымдастыру бойынша
міндеттер кешенін шешуге бағыттай отырып жобалауға, оқу материалдарын дайындау және
оқу мақсаттарына сәйкес ұйымдастыруға, оқу үрдісін жобалау және практикалық іске асыру
үшін ақпараттық орта әлеуетін пайдалануға, оқушының оқу материалын меңгеруіне
бағытталған белсенділігін реттеуге, оқушылардың озық дамуын ұйымдастыру үшін
толыққанды жағдай жасауға (даму аймағына қол жеткізу), құзыреттілік түрінде жекелеген
нәтижелерге жетудің оң эмоцияларын ынталандыратын психологиялық жайлылық пен қолдау
16
атмосферасын құруға, өз білімін пайдалануға, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі анықтауға және
өзін-өзі тануға қол жеткізу үшін, субъективті тәжірибе алу үшін оқушылардың білім кеңістігін
кеңейту мүмкіндіктерін іздеуге, ағымдағы нәтижелерді бағалау, қойылған мақсаттарға жетуге
бағытталған оқытуды қадағалауға барынша талпынуы керек. Нәтижеге бағытталған білім
моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және
тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін
дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр. Біліктілік арттыру жүйесінде
педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік
іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты
қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.
Қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар, өзгерістер мен жаңалықтар
мұғалімнің өткені мен бүгіні, келешегі мен болашақ жайлы ойланып, жаңа идеялармен жұмыс
жасауға негіз болады. Қазақстан республикасының тұңғыш президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаев
жолдауында айтқандай, болашақта өркениеті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман
талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін – білім. Ғылым
мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту
үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соған орай оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім
саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстазға үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен білім
алатын, жан-жақты ізденетін, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу -
ұстаздың қолында. Сонымен қатар заманауи мұғалімдердің алдында жас ұрпақтың жеке
қабілеттілігін, дарындылығын, бейімділігін анықтау және оны дамыту, соның негізінде
олардың болашағына бағыт беру, өз заманының озық өнегесін санасына сіңіру, ұлттық
құндылықтарды құрметтейтін тұлға тәрбиелеу міндеті тұр.
Бүгінгі жаһандану заманында ұлттың бәсекеге қабілетті болу көрсеткіші – білім
деңгейімен өлшенеді, сондықтан әлемдік білім кеңістігіне еніп, білім беру жүйесін
халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе, демек оны «Қазір бой
жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман»-деп айтқан тұңғыш президентіміздің ой
қортуынан-ақ түсінуге болады. Ал бұл мәселені шешудің кілті педагог мамандар қолында,
өйткені педагог мамандар елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелейді.
Осы мамандық жөнінде В.А.Сухомлинскийдің «Педагог мамандық – бұл адамтану,
адамның күрделі және қызықты, шымшытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу.
Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып
табылады»-деп айтқан даналық өсиеті, мамандықтың қандай болатындығынан үлкен сыр
береді.
Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ізгілікті ана тәрізді барлық
адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі және өмір бақи үздіксіз ізденуші.
«Маған жәй айтсаң – ұмытамын, көрсетсең есімде сақтаймын, ал өзімді іс – әрекетке
қатыстырсаң үйренемін» деген қытай даналығын ескерер болсақ, онда бүгінгі мұғалімнің
технологияларды пайдалана отырып, өзіндік ізденіс жүргізуі мен оны практикада жүзеге
асыруы маңызды.
Бүгін білім берудің сапалы болуы үшін: біріншіден, ұстаздың жан – жақты
академиялық білімі болуы,екіншіден, мұғалімнің өз мамандығына деген шынайы
сүйіспеншілігінің және ешқандай дипломмен бірге
берілмейтін шығармашылық қабілеті, балаға деген кіршіксіз адамгершілік қасиеттері
болуы шарт.
Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы
шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті
қажет етеді,өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Бүгінгі заманауи ұстаз
шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат,
экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек.
Қазіргі заманғы педагог-ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен
жұмыс істейтін, білімін жетілдіруден жалықпайтын, жаңа формацияның жаңашыл ұстазының
ғана қолынан келеді.
17
Мұғалімдік іс тәжірибеде «Өмір бойы оқу» қағидасы оқушының ақпаратты
өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған
білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты
алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері
байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Сонымен қатар
үздіксіз білім алу қағидасы тек мұғалім тарапынан ғана емес, оқушылардың өз бетінше білім
алуымен де айқындалады. Соның нәтижесінде іс-тәжірибені сын тұрғысынан қарастырып,
оқытудың ақпарттық технологияларын, ғаламтор игілігін, ғылыми жетістіктерді сабақта
тиімді қолданып, заман талабына сай нәтижелі еңбек етіп келеміз. Біздің ұстаздық ұстаным –
әр сабақты әдістемелік жағынан жоғары дәрежеге жеткізу, оқыту мен тәрбие беруде дамыта
оқытудың жаңа жолдарын іздестіру. Сонымен қатар жаңашыл іс тәжірибе мен әдістемелердің
мүмкіндігін ұстаздар қауымына таратудамыз.
Қорыт келе, «Мұғалім – өз білімін үздіксіз жетілдіріп, іздену үстінде болғанда ғана
мұғалім, ал ізденуді тоқтатқан күні оның мұғалімдігі тоқтайды», деп Ушинский айтқандай,
білім алу мен білімді болу қоғам дамуына ықпалы зор факторлар. Нағыз педагог өмір бойы
оқиды, үйренеді. Кембридждік оқыту тәсілдерінің теориялық негізін елімізге енгізу үлкен
жетістік. Қазіргі жаһандық заманауи дамуда еліміздегі тұралап қалған білім беру саласының,
әлемдік білім беру стандарттарымен таныса отырып, оның тиімді тұстарын жүйелеп, елімізде
пайдаланып, іске асыру жолында көп жұмыс атқарылуда. Бұл өзгерістер тек педагогтар үшін
емес, сонымен қатар мектептердегі жаңа пәндердің пайда болуына, оқыту әдістемелерінің де
өзгеруіне мүмкіндік тудыратыны сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |