Скаффолдинг стратегияларын қолдану арқылы тарих пәнінен тілдік дағдыларды қалыптастыру және дамыту жолдары акынбекова гулнур Оразбаевна, кенбаева надежда Амангелдиевна



Pdf көрінісі
бет26/135
Дата22.04.2022
өлшемі5,12 Mb.
#140352
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   135
Байланысты:
сборник3

 Сыныпқа мінездеме: 
2017-2018 оқу жылында 7 «а» сыныбында 18 оқушы. Оқу жылы 
бойынша 76% білім сапасын, 100% көрсетті. Сынып оқушыларының әлеуметтік құрамы 
жақсы. Материалдық жағынан жеткілікті қамтылған. Сынып оқушылары ұйымшыл, бір-
бірімен жақсы араласады. Сыныптың жалпы танымдық бағыты жақсы Сыныптағы ұлдар мен 
қыздар өзара дос. Сабақ кезеңдерінде бір - біріне көмектесіп отырады. Оқуға деген ынталары 
– жақсы. Жалпы оқушылардың мінез-құлықтарында айтарлықтай өзгешелік жоқ.
Оқушылардың логикалық ойлауы жақсы. Сынып ата-аналары мектептің қоғамдық 
жұмыстарына белсене қатысады. Мектеп-ата-ана – оқушы арасындағы қарым-қатынас жақсы 
қалыптасқан. 
Неге бұл сыныпты таңдадық? Бірақ сыныпта бәсекелесе оқу деңгейі төмен. 
Сондықтан осы сыныпта топтық оқыту арқылы сыныпта оқу мен оқыту үрдісінде белсенді, 
бәсекелесе, жарыса оқу деңгейін, бәсекелестік атмосфера тудыру болды. Сабақ үдерісінде 
өз ойын жеткізе алмайтын, оқу дағдысы қалыптан төмен оқушылар бар. Әріптестерімен 
ақылдаса отырып, үш оқушыны таңдап алдық. Бұл арада мұғалімдер әр пән бойынша өз 
ойын айтып, оқушы дамуы және білім деңгейі сарапқа салынды. Соның нәтижесі бойынша 
сыныпта оқитын оқушылардың ішінен жоғары, орта, төмен көрсеткіштері бар үш оқушыны
алдық. 
А деңгейіндегі оқушы зерттеуге алған себебіміз: бұл оқушы сыныптастарына қарағанда 
алғыр, зерек, ізденімпаз, білім алуға құштар, шапшаң ойлағыш барлық пәндерден үлгерімі 
жақсы, бірақ ұяң оқушы, біліп отырса да өз ойын еркін білдіре бермейді.
В деңгейіндегі оқушы : бұл оқушы ортада көп ерекшеленіп көрінбейді, білімі орташа, 
мінезі тұйық, сабырлы, кейде қойылған сұрақтарға сенімсіздік танытып, өз ойын ашық айта 
алмайды. 
С деңгейіндегі оқушы зерттеуге алған себебіміз: күнделікті сабаққа кейде дайындықсыз 
және кешігіп келеді, білімге деген ұмтылыс-құлшынысы да тұрақты емес, ойын еркін жеткізе
алмайды.
Жоспар бойынша бірінші сабақты тарих пәнінен «Халықаралық байланыстардың 
дамуындағы ұлы Жібек жолының рөлі» тақырыбында Қамытпаева Ж.Е. өткізді. Үш оқушы 
үшін оқу нәтижелерін анықтап алып, сабақты өз деңгейінде жүргізді. Бейнероликтен не
көргенндерін сұрау арқылы әрі сабақ тақырыбы анықталса, әрі оқушылардың өз ойын
айтуына мүмкіндік берілді.
Бізге топпен оқыту әдісінің тиімді екені белгілі болып, келесі сабақты оқушылардың 
қызығушылығын арттыру мақсатында ойын түрінде өткізуді жоспарладық. С деңгейіндегі 
оқушының коммуникативтік дағдыларын арттыруға тапсырмаларды түрлендіріп алу 
көзделді. 
Lesson Study
 
тобы зерттеудің басты мақсаты мен міндеттерін анықтап алғаннан соң әр 
пән мұғаліміне негізгі нысандарды анықтау міндеттелді.

Lesson Study
 
бағытында жұмыс істейтін әрбір оқушының деңгейін анықтадық; 


28

Lesson Study- дің соңында әр оқушыдан қандай нәтиже күтілетіні туралы қысқа да 
нұсқа жаздық. Бақылаушылар арасында кім қай бақылаудағы оқушыны қадағалайтынын 
келісіп алдық. Сабақ барысында мұғалімдермен зерттеуге алған оқушыларды бірге бақылап, 
сабақтан кейін талқыладық. Оқушылар топпен жұмыс жасау арқылы, диалогтік әдісті 
пайдалану негізінде сабақтың мақсатына, нәтижесіне жеткендігі аңғарылды. «Миға шабуыл», 
Постер қорғауда, сұрақ –жауап әдісінде В деңгейлі оқушы белсенді болды және де бұл сабақта 
оқушылар бірін-бірі бағалап, сабақ соңында мұғалім жиынтық бағалады. Қандай тәсілдер
сабақты жақсарта алды? 
1.Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытатын әдіс түрлерін қолданудың 
тиімділігі. 
2. Жетекші, анықтауыш сұрақтардың дұрыс қойылуы оқушылардың өз ойын еркін 
жеткізуіне аз да болса көмектесті. Бірақ оқушылар өздерін еркін ұстай алмады.
Бізге топпен оқыту әдісінің тиімді екені белгілі болып, келесі сабақты оқушылардың 
қызығушылығын арттыру мақсатында «Джигсо» әдісі түрінде өткізуді жоспарладық. С 
деңгейіндегі оқушының коммуникативтік дағдыларын арттыруға тапсырмаларды түрлендіріп 
алу көзделді. Жұптық жұмыс, жеке жұмыстар бағалау критерийлері бойынша және өзара 
бағалау жүргізілді. Әрқайсысы өз деңгейлері жеткенше тапсырманы қызығушылықпен 
орындап, жұмыстанды. 
А 
сабақта белсенді жұмыс істейді. Өз ойын толық 
жеткізе біледі. Тақырыпты түсіндіруде белсенділік 
көрсетеді.
өте құлшынып лидер болуға
ұмтылмайды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет