Annotation
This article highlights the peculiarities of using innovative approaches. He was able to define
ways of using new innovative technologies in improving the quality of education. The results of the
lessons on physical education are discussed in the introduction of uprated content.
Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым
Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру
мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек
қызметі” деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов “Инновация” білімнің мазмұнында,
әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда
көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін
бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі
(жеке – дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).
Әдіскер С.Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың
инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен:
- дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін игерту үшін
ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның әлеуметтік-
психологиялық жауапкершілін арттырады.
- қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;
- оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет;
- ақпараттық бағдарламалап оқыту – оқытудың мазмұнын пәнаралық байланыс
тұрғысынан ұйымдастыру;
- иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда «адам-қоғам-табиғат” үйлесімдік бағыттағы
дүниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптасады;
- ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми
жаңалықтарды тәжірибеде «бала –субъект», «бала-объект» тұрғысынан енгізіле бастайды
да, ал ғылыми білімдер «оның тұрмысының әлеуметтік жағдайы мен іс-әрекетінің
әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде қарастырады;
Ал жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш
түрге бөлуге болады .
Модификациялық инновация – бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен
айналысу. Бұған В.Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі жэне оны көптеген
мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.
Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып
табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор
тәжірибені жұмылдыру қажет. XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби
бейімделуін қалыптастыру мәселелері – кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Сондықтай
біз болашақ педагог-психологтардың жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды
қолдануға даярлығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасадық. Болашақ
мамандардың жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды қолдануға даярлықты
қалыптастыру мына көрсеткіштерді қамтиды:
Шығармашылық өлшемдеріне шығармашылық ептілікті, шығармашылық
белсенділікті болашақ маманның шығармашылық-ізденушілік дамыту кіреді. Оған
болашақ маманның ғылыми – зерттеу жұмыстарына өзіндік талдау жасай алуы, өз білімін
көтеруге, жетілдіруге талпыныстың болуы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануға
өзіндік жаңалықтар, өзгерістер енгізумен және жаңалықты шығармашылықпен қолдана
алуымен сипатталады.
Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп,
сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:
74
- білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа инновациялық
технология түрлері сан алуан, оларды таңдау жэне одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби
біліктілігіне тікелей байланысты;
- жаңа инновациялык технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде
жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;
- жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының
материалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадрлық
әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды.
Қазіргі
жас
ұрпақтың
саналы
да
сапалы
білім
алуының
бірден-
бір шарты - оқу орындарындағы білім беру процесіне жаңа инновациялық
технологияларды
енгізу
екендігі
сөзсіз
түсінікті.
Сондықтан
ғылыми-
техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде
қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып
табылады. Біздің ойымызша, оқу орындарында инновациялық басқару жүйесін енгізіп, оны
жүзеге асыру міндет.
Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты
міндеттері мынадай:
- әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде
ұйымдастыра білу;
- білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;
- өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;
- аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.
Компьютерлік оқыту бағдарламаларының қай қайсы болмасын өз мазмұнынан
грамматикалық жұмыс жүргізуді тыс қалдырмайды, белгілі бір грамматикалық құрылымның
жұмыстарын қамтиды.
Әрине, барлығын байланыстыру, жүйелеу оңай жұмыс емес, бірақ белгілі бір жетістікке
жету үшін, «тілдердің үш тұғырлылығының» болуы үшін, нәтижесін көруге болатын сияқты.
Үш тілді болу - қазіргі заман талабы. Өркениет көшінен қалмай, соған сәйкес қадам жасауға,
толыққанды білім алуға қол жеткізуге үлесімізді қосуымыз керек. Экономикадағы табыстар
мамандардың біліміне, біліктілігіне байланысты екендігін білеміз. Сондықтан біз тек
Қазақстанның ішінде ғана емес, әлем деңгейінде бәсекеге қабілетті жаңа мамандарды
дайындай білуіміз керек. Қазіргі заман сабағы мұғалімсіз болмайды.Ұлы ағартушы
Ы.Алтынсарин: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені жақсы мұғалім - мектептің
жүрегі» деген екен. Онда «мектептің жүрегі» болумен қатар, жаңа егемен еліміздің ұрпағын
жаңа білім нәрін сусындатып, саналы тәрбие, сапалы білім беретін білімді, білікті ұстаз
болайық.
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруі жөнінде мемлекет
басшысы алға қойған міндетті жүзеге асыруда халықтың денсаулығы ең маңызды мәселе
болып табылады. Қазіргі уақытта әлеуметтік жағдай, өмір сүру ұзақтығының төмендеуі және
адам экологиясының қолайсыздығы бүкіл өркениетті әлем үшін көкейтесті мәселе болып
отыр. Еліміздің даму бағытын бекіткен «Қазақстан – 2030» бағдарламасында салауатты өмір
салтын ұстану мемлекеттік маңызы бар мәселелермен тең дәрежеде екендігі баса көрсетілген.
Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты ұғымын
құрастырады. Салауатты өмір салтын насихаттауда, салауатты өмір сүру мәдениетін
қалыптастыру мәселелерін жетілдіретін, осы саладағы басымдылықтарды анықтайтын ғылым
да, өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу формалары мен жаңа әдістерді ұстанатын білім де
қажет. Мектеп оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы алған білімдері
болашақ азаматтардың денсаулығын сақтап қалуға берік тірек болады.
Республикамызда мектептегі білім беру жаңа кезеңге көшуде. Жаңартылған білім беру
мазмұнын енгізуде мектептерде дене шынықтыру пәнін жүргізуде тиімді әдіс-тәсілдерді
енгізу қажеттілігі туындады. Бүгінгі таңда дене шынықтыру пәні жаңа мазмұнда жасалған
«Дене шынықтыру» бағдарламасының мақсаты оқушыларды дене шынықтырудың
негіздерімен таныстыру болып табылады, нақты айтқанда, олардың спорттық-спецификалық
75
қозғалу дағдылары мен дене шынықтыру физикалық қабілеттерін меңгеруімен қатар,
салауатты денені шынықтырудың дамуына ықпал етеді. «Дене шынықтыру» пәні бойынша
бағдарлама кезең-кезеңімен жүзеге асырылады оқу жоспары ұсынылған, бұл жоспар
оқушылардың физикалық іс-әрекеттің түрлері бойынша білімдерін, түсініктерін және
дағдыларын дамытуға ықпал етіп, сол уақытта олардың жеке гигена, психикалық денсаулық
және салауатты өмір салтының қағидалары сияқты аспектілер тұрғысында жалпы дамуын
жақсартуға ықпал етеді.Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін оқушыларды оқытуға арналған оқу
бағдарламасы келесі міндеттерді іске асырады.
Дене денсаулығының және рухани денсаулықтың негізін қалайды.
Оқушыларды өздерінің физикалық және психологиялық денсаулықтарын түсінуге
және нығайтуға ынталандырады.
Дене шынықтыру және спорт саласындағы теориялық білімдері мен тәжірибелік
дағдыларын дамытуға жағдай жасалған.
Оқушылардың қозғалыс дағдыларының дамуы, атап айтқанда, олардың төзімділігін,
ширақтылығын, күшін, ептіліктерін және икемділігін дамытуға әсер етеді.Дене шынықтыру»
пәнін оқыту оқушыларға:а) пән туралы білімдерін, шеберліктері мен дағдыларын күнделікті
өмірлерінде қолдануға;б) қимыл-қозғалыс дағдыларын жақсарту және оқушылардың дене
дамуын жетілдіру қажеттіліктерін бағалауға;в) адамгершілік қасиетін дамытудың
маңыздылығын түсінуге және әділ бәсекелестік пен өздерін үздіксіз дамытудың қажеттілігін
түсінуге;г) жеке гигена туралы ережелерін сақтау қажеттілігін түсінуге;д) дене қимыл-
қозғалыс жаттығулары адамның дене жүйелеріне әсерін білуге;е) өзінің және басқалардың
дене жағдайын бағалауға;ж) сыни тұрғыдан, шығармашылық ойлау қабілеттерін және
коммуникативтік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Жаңартылған оқыту процесін
ұйымдастырудағы педагогикалық әдіс-тәсілдер: ортақ тақырыптар арқылы оқыту – «Дене
шынықтыру» оқу пәнінің ортақ тақырыптарының мазмұны оқушының жақын аймағынан,
яғни оның өз іс-әрекетімен тікелей байланысты тақырыптарды оқудан басталады. Оқушылар
өз ойын білдіруге, оқу мазмұны бойынша сұрақ қоюға, сұрақтарға жауап іздеуге үйренеді.
Ойын іс-әрекеттері арқылы оқыту – оқу үдерісінде білімді меңгертуде оқу әдісі ретінде ойын
іс-әрекетін қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Оқушылардың сабақтағы ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға бағытталған ойын әдісі
арқылы, олардың шағын топтың өзге мүшелерінің пікірін сыйлауына, әртүрлі өнімді іс-әрекет
негізінде соңғы нәтижені алдын-ала көре білуіне, өзбетіндік іс-әрекетін жоспарлауына,
мақсатқа жету амалдарын таңдауына мүмкіндік беріледі. Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері
«Дене шынықтыру» пәнін меңгеру нәтижелері критериалды бағалауды қолдану арқылы
жүзеге асырылады. Критериалды бағалау оқыту, оқу және бағалаудың өзара тығыз
байланысында негізделген. Критериалды бағалау нәтижелері білім беру процессін
тиімді жоспарлау және ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады. Критериалды бағалау
қалыптастырушы және жиынтық бағалаудан тұрады. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз
өткізіледі, оқушы мен оқытушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және оқу
процесін дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді. Қалыптастырушы бағалаудың негізгі
функциялары: қалыптастыру – тәжірибе жүзінде құндылықтар жүйесін белгілеу,
қалыптастыру және бекіту, ынталандыру –оқушының күтілетін нәтижеге қол жеткізуі, тиімді
түрде алға ілгерілеуі үшін қолайлы жағдай жасау; уәждеу – оқушылардың бойында оқуға және
нәтижеге қол жеткізуге деген ынтаны ояту.Дене шынықтыру пәнінде қалыптастырушы
бағалаудың міндеттері:
Оқушылардың өзін-өзі бағалау дағдыларын қалыптастыру;
Оқушыларға жүйелі түрде кері байланыс ұсыну;
Оқушыларды мақсатты түрде оқуға уәждеу;
Оқушыларға олардың жұмысының сапасы туралы ақпарат ұсыну;
Мұғалімдерге оқушылардың алға ілгерілеуі туралы ақпарат ұсыну;6. Ата-аналарға
балаларының оқу нәтижелерінің деңгейі туралы ақпарат ұсыну. Осылайша, тиімді оқыту және
оқу мақсатында оқушылардың түсіну деңгейін анықтау үшін олардың оқу мақсаттарына
жеткендігінің
немесе
алға
ілгерілеуінің
деңгейі
қадағалануы
тиіс.
Сонымен
76
қатар педагогиканың түрлі аспектілері, атап айтқанда, оқушыға бағдарланған әдіс-тәсілдер,
проблема шешу, рефлексиялық оқу және бірлескен оқу тәсілдері қарастырылады. «Дене
шынықтыру» пәні бойынша оқу бағдарламасы оқушылардың ағзасын дамытуға және оның
дене белсенділігін қамтамасыз етуге бағытталған бірден-бір пән. Оқушылар түрлі
жаттығуларды орындауға, дене қабілеттері дамытуға және жетілдіруге мүмкіндік беретін жан-
жақты құрастырылған оқу бағдарламасы арқылы аталған міндетке қол жеткізуге болады.
Нәтижесінде оқушының бойында дене тәрбиесі жаттығуларының адам ағзасына тигізетін оң
әсері туралы білім жүйесі қалыптасады. Ағзаның бүкіл жүйелерін дамыту, барлық дене
сапаларын жетілдіру-дене шынықтыру пәнінің басты мақсаты болып табылады. Дене
шынықтыру пәнінің жеке тұлғаны тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Ол оқушының дене
дамуына, сондай-ақ әлеуметтік, дербес және рухани қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.
Мектептің білім беру жүйесінің құрамында бола отырып, дене шынықтыру оқушыларда
салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. Осындай жол арқылы болашақта
салауатты әлеумет қалыптастыруға болады. Сонымен қатар, дене шынықтыру сабағындағы
негізгі қағидаттардың бірі-белсенділік. Ол дене шынықтырумен айналысатындардың
ойластырылған негізде, терең түсінуін қамтамасыз етіп, дене шынықтыру-спорт шараларына
тұрақты қызғушылық мен қажеттілік тудыруға, сондай-ақ барынша белсенді болуға жетелеуге
бағытталған. Бұл қағидатты іске асыру дене шынықтырумен айналысатындардың
ойластырылған негізде, терең түсінуін қамтамасыз етіп, дене шынықтыру – спорт шараларына
тұрақты қызығушылық мен қажеттілік тудыруға, сондай-ақ барынша белсенді болуға
жетелеуге бағытталған. Бұл қағидатты іске асыру дене шынықтырумен айналысатындардың
түрлі жаттығуларды орындау техникаларын біліп, терең түсініп, дене шынықтыру үдерісіне
саналы және байсалды қарауға көмектеседі.
Мектеп оқушыларының салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру дегеніміз:
І. Жеке тұлғаның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен жан – жақты
үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу
дағдысын қалыптастыру;
ІІ. Салауатты өмір салты – ол денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен орнығуын
қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты нығайтуға бағытталған іс – шараларды жүргізу.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қандай жағдайларға назар аудару керек?
Өмір салты дегеніміз не?
Бұл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған мүмкіндіктерін қалыптастыру. Біздіңше,
адамның әлеуметтік – психологиялық және биологиялық жақтан салауатты өмір салтын
қалыптастыруға мына жағдайлар негіз бола алады:
- белсенді қозғалыс нәтижесінде организмді шынықтыру дене тәрбиесі немесе
спортпен шұғылдану;
- физикалық еңбектің гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;
- жеке және әлеуметтік гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;
- қарым – қатынас және экологиялық мәдениетке жету;
- дұрыс жыныстық тәрбие алу;
- зиянды әдеттерден аулақ болу.
Сондықтан балаларды жасынан салауатты өмір салтына қалыптастыруға күш салып,
зиянды әдеттерден сақтандыруымыз керек. Денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе. Халық
санының өсуі, оның сапасы, деннің саулығы мемлекет әл – ауқатының дамуына мұрындық
болады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның егемен
мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде соның 4 негізгі
күшін атап көрсетті. Оның бірі – жер үстіндегі байлық деп отырғанымыз – адам, оның білімі
мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы деген еді.
Дене тәрбиесі сабағында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі жоғары.
Білім – қоғамды тұрақтандыратын, рухани мұраны сақтайтын, ұрпақты ұрпаққа
сабақтастыратын құрал. Қолда бар мүмкіндікті пайдаланып оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін
тиімді қолдану, жаңа технологияны әркімнің өз сабағында пайдалану арқылы оқушы
жастарды халықтың дәстүр үрдісінде адамгершілікке, салауатты өмір сүруге баулу дені сау
77
ұрпақ тәрбиелеу дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің басты міндеті. Олай болса, оқыту мен
тәрбиелеудің ой елегінен өтетін әдіс-тәсілдерін, жаңашыл педагогтардың тапқан
әдістемелерін біліп қана қою жеткіліксіз, оны әркім өз мүмкіндігінше күнделікті сабақта
пайдалану қажет.
Дене шынықтыру пәнінің басқа пәндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар. Мұнда
негізінен оқушының қабілеті, бейімділігі баса назарда болуы керек. Дегенмен де оқушыларды
бейімдеу, қабілетін дамыту, спортқа деген қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылған
сабаққа байланысты. Сондықтан оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру, сабақта
тақырыпқа байланысты спорт түрлерінің шығу тарихын, спорт түрлері дамыған елдерді
спорттың әр саласындағы белгілі спортшылар өмірін алуға болады.
Сол себептен мұғалім сабақты тартымды етіп теория мен практиканы ұштастыруында
жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі баса назарда болуы қажет. Бұл мұғалім мен
оқушы арасындағы қарым-қатынас, сабақты жақсы оқитын, спортқа бейім оқушылармен
белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жақсы ойлар
туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуін ойластыру тиіс. Барлық оқушылар өз
қабілетін ең төменгі жеңіл тапсырмаларды орындаудан бастайды, оларды міндетті түрде
толық орындап болғаннан кейін ғана, келесі күрделі деңгейдегі жаттығуларды орындауға
көшіп отырады. Бұл оқушылар арасындағы бәсекелестікті және әр оқушының өз қабілетіне,
қызметіне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасалады.
Жаңаша әдістерді сабақтарда үнемі қолданысқа енгізуде теория мен практиканың
ұштасуына мән бергенде ғана жұмыстың мазмұндылығы көріне алады. Осы бағыттарда сын
тұрғысынан ойлау және деңгейлеп оқыту технологияларының тиімді әдістерін дене
шынықтыру пәнінде қолдануды ұсынамын. Алдымен «Дене шынықтыру пәні не береді?» –
деген сұраққа:» Қимыл қозғалысты береді. Машықтандыру. Дене мәдениетін қалыптастыру.
Денені шынықтыру, тәрбиелеу. Жалпы дамыту жаттығуларын меңгертеді. Мемлекеттік
стандарттық бағдарламаны жоспарлай білуді, нормативтік тест жаттығуларды игертуді
береді.
Дене тәрбиесі сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын тиімді пайдалануға да
болады. Осы технологияның шығармашылық бөлігін басшылыққа ала отырып, ой толғау
жасауға болады (мысалы, дене шынықтыру сабағын ойын түрінде ұйымдастыру), сол арқылы,
оқушылардың бейімділігін арттыруға болады.
Күтілетін нәтиже: дене тәрбиесі пәніне деген қызығушылықтарының артуы. Оқушы
шығармашылығы, өзін-өзі басқаруы, құрметі, эстетикалық талғамы да артып келеді.
Мысалы, дене шынықтыру сабағында 5 сыныптарына сергіту сәтін алатын болсақ, өз
тәжірибемде 7-сыныптарға өткізген «Көңілді мәре» атты сабағымда, алдымен оқушыларға ой
қозғау мақсатында, қазақтың ұлттық ойын түрлеріне тоқталдым, ұлттық ойындар туралы өз
түсініктерін сұрай отырып, сабақ барысы кезінде орындатуды жоспарладым. Міне, осы
арқылы оқушылар сабақта топтасып жарыс түрінде оздырылғанына көз жеткізді. Ойлау
қабілетін дамыту тұрғысында 6 сыныптар арасында «Озық ойлы бол!» сайысы оқушылардың
ой-қабілетін, жылдамдық ерекшелігін, тез шешім қабылдауына және топтық әрекет жасауына
пәндерді байланыстыра отыра кіріктірілген сабақ көрермендердің көңілінен шықты, сабақта
биология, химия, математика, сурет, алғашқы әскери дайындық пен дене шынықтыру
пәндерінен құралған ойындар пайдаланылды. Сабақты қызықты өткізу үшін мультимедиалық
проектор арқылы қазақтың ұлттық ойындарының тарихын таныстырып өтіп, жасырылған
сұрақтарды табуға машықтандыру, әр топқа белгіленген ұпай сандарына қарай бағалап
отырдым. Кейін сабақ барысын: «Кім шапшаң?» бөлімі деп алып, бұл бөлімінде оқушылар
белгіленген жерге дейін эстафеталық таяқшамен жүгіріп барып, белгілі жеріне жеткен кезде,
тақтаға жазылып берілген есептерді шапшаң орындап шығып кейін қайтып келу талабы
қойылды. Оқушылардың бұл бөлімде сабаққа деген қызығушылығының артуымен бірге
машықтанады, логикалық ойлау қабілеттері артады, қимыл-қозғалыс әрекеті дамиды.
Тәңертеңгілік бой жазу және сергіту жаттығулары мен бірге мектебімізде ұлттық өнеріміз
«Қара жорға» биін жаңғырту үстіндеміз, биді сергіту, тәңертеңгі бой жазу жаттығуларының
орнына да пайдалануға болатынына көз жеткіздік. Аудан көлеміндегі мектептер арасында
78
Наурыз айында ұлттық мерекемізді насихаттау барысында «Арқан тарту», «Қол күрес»,
«Асық ату» ойын түрлерінен жарыстар ұйымдастырып, ұлттық ойын өнерімізді өзге ұлт
өкілдеріне насихаттау басты міндетіміз. Себебі дене тәрбиесімен айналысатын адам өзін
әрқашан сергек сезінеді. Ал сергек адамның өмірге көзқарасы ерекше.Спорт қайратты қажет
етіп, өмірге құштарлықты арттырады.
Жоғарыда аталған ұлттық спорттық ойындардың өтілу нәтижесінде оқушының:
- Салт - дәстүрді құрметтеуі;
- Ұйымшылдығы,ізденімпаздығы;
- Намысқойлығы;
- Жүйке жүйесінің шынығуы;
- Ойлау қабілетінің дамуы;
- Білім алуға құштарлығы;
Ал деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдануда қандай нәтижелерге қол
жеткізуге болады? Сабақ барысында:
Алдымен оқушының «Не?» деген сұрағына: Сабақта шынайылық, оқыту бар екенін
көрсету.Оқушының «Қашан?» деген сұрағына: Сабақтан кейін болатын жағдайды толық
анықтатуға көз жеткізу қажет.Оқушының «Қайда?» деген сұрағына: Оқушының және ұстаз
арасындағы серіктесін анықтап, нәтижеге қол жеткізу қажет.
Өзімнің 6-сыныптарға өткізген «Акробатикалық жаттығулар» атты сабағымда алдымен
оқушыларға өткен тақырыптарға байланысты сұрақтар бере отырып, бүгінгі жаңа сабақтың
қандай тақырыпта өткелі тұрғанын ашып алдым. Сабақ барысында оқушыларға жеңілдетілген
логикалық сұрақтар беріп, кейін күрделі сұрақтарды тапсырма ретінде бердім. Сұрақтарға
байланысты жауабын тапқан оқушы, сол жерде практикалық түрде орындап көрсетеді. Сабақ
кезінде оқушының ішкі позициялық көз қарасы мен бағыты айқын көрініс бере алады. Сонда
ғана сабақ нәтижелі болып, білім сапасы артады. Осы бағыттарда әрбір мұғалімнің оқытуға,
үйретуге өз тұғырнамасы болуы қажет. Олар мыналар:
- Әр оқушының білім деңгейін, қабілетін, мүмкіншілігін түсіну;
- Оқушының бойындағы жетістіктері мен кемшіліктерін қабылдау;
- Оқушыларға қиындықтарды жеңуге, кемшіліктерден арылуға көмектесу;
Осылай ойын элементтерін, әдістерін деңгейлеп орындату арқылы оқушылардың
тапсырмаларды орындауда жинаған ұпайларын «даму мониторингі» кестесіне белгілей
отырып, оқушы біліміне талдау жасап отыру қажет. Өтілетін тақырыптарға байланысты
қызықты сергіту ойындарын ойнатудың да сабақ барысының сапасын арттыруға ықпалы көп.
Атап айтсам: «Кім шапшаң?», «Көңілді ойындар!», «Мен чемпион!», «Санамақ» сонымен
қатар қозғалмалы ойындар және ұлттық ойындарды сабақта түрлендіріп өткізуге
машықтандыру.
Сонымен, дене шынықтыру пәнінде жаңа инновациялық технологияларды қолданудың
орны орасан болары хақ. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім
сапасын көтеруге сыныптан тыс спорттық шаралардың да маңызы зор. Соның ішінде қазақтың
ұлттық ойындары мен қозғалмалы ойындарын, әр түрлі жарыстарын, тоғызқұмалақ, арқан
тартыс, асық ату, аударыспақ сынды ойын түрлерін өткізіп отыру керек. Осындай жұмыстарды
жүргізу нәтижесінде оқушылардың белсенділігі артып, спортқа деген бейімділігі
қалыптасады. Оқушылардың танымдық қабілеттерін артырып, салауатты өмір сүру, адам
денсаулығы осы спортқа байланысты екендігін түсінеді. Нәтижесінде оқушылардың білім
сапасы артып, оқу тоқсандарында жоғары сапаға қол жеткізуге болады.
Қорыта айтқанда, мен алдымен жеке тұлғаның әлеуметтік құзыреттілігін дамытуды
керек еттім. Сол арқылы ұжымдық зерттеуге қол жеткіздім, яғни оқушының өзін-өзі
басқарудағы әлеуеті артты. Жаңа идеяларды енгізу барысындағы орындалатын міндеттер:
1. Оқушымен қарым-қатынасты қалыптастыру.
2. Оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту.
3. Әр оқушының әрекетін, ұлттық болмысын пайдалануға жұмыстану.
4. Оқушының ұлттық моралының орындалуын қамтамасыз ету.
5. Оқушының санасын, сенімін, көзқарасын,білімін арттыру.
79
6. Оқушының парасатын, ойлауын қалыптастыра отырып машықтандыру.
Ең бастысы, оқу үрдісінде міндетті пәндерде оқушылардың теориялық білімін
әлеуметтік тұрғыдан қалыптастыруға мән беру керек.
Жұмысымның нәтижесі:
1) Әр оқушының білімі, қабілеті қалыптасады.
2) Оқушының бойындағы жетістіктері көрінеді.
3) Оқушылар қиындықтарды жеңеді, әлеуеті артады.
4) Жан-жақты дамуға қол жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |