82
2.
Белсенді оқыту әдістері мен педагогикалық технологиялар бүгінгі білім
саласындағы гумандандыру, демократияландыру, жеке тұлғаны дамыту сияқты келесі
мәселелерді
шешуді қамтамасыз етеді;
3. Оқытудың белсенді әдістері мен технологиялары білім алушылардың
интеллектуалдық, шығармашылық деңгейін жоғарылатып, жекелігін қалыптастырады;
4. Белсенді әдістер мен технологияларды қолдану мұғалімнің кәсіби шеберлігін
арттырып, шығармашылық әлеуетінің дамуына және кәсіби әрекетті шыңы «акме» жағдайға
көтерілуіне ықпал етеді.
5. Кез келген жаңалық ең алдымен адамның қиялында пайда болатындықтан
шығармашылық әлеуеттің құрамдас бөлігінің бірі - фантазия. Бұған дейін белгілі фактілерге
қатысты жаңа көзқарас тұрғысынан қарауға мүмкіндік береді. Сондықтан оның көркемдік
және ғылыми танымдық құндылығы орасан зор. Қиялдаудан туындаған шығармашылық
белсенділік едәуір шамада ішкі ниеттерге, жекелей дарындылыққа және адамның қызметі
үрдісінде қалыптасатын даралық тәжірибесіне байланысты. Фантазия арқылы адамның есінде
сақталған
қабылдау, елес бейнелері қайтадан өңделіп, сұрыпталып, жаңартылып, солардың
негізінде мимда жаңа бейнерлер жасалады.
6. Фантазия - педагогикалық актінің құрамдас бөлігі. Ол жаңа жоспарлар,
бағдарламалар, технологиялар. т.б. жасауда, оны жүзеге асыруда іске қосылады. Нәтиженің
қолдай болатынын болжау, бұрынғы елес - бейнелерді өзгертіп бір - біріне қосып, қайтадан
бейнелеу арқылы, оқытуда жаңа жолдар табуға көмектеседі. Фантазия арқылы көрнекті ақын,
педагог, психолог Мағжан Жұмабаев «Мылқау өмірге үн, сақау өмірге тіл беретін» жоқты бар,
ар барды гүлді, көрікті қылатын, бізді асыға аяқ бастырып тәңірмен тілдестіретін сол
фантазия» деген. Шығармашылық әрекет жоғары әлеуметтік қажеттіліктерден туатындықтан
оның нәтижесіне қарай қанағаттану немесе қанағаттанбау реакцияларын бастан өткізеді. Бұл
эмоциямен тығыз байланысты. Эмоция -толғану, сезім, көңіл - күй деген мағына береді.
Эмоцияның жоғары түрі адамның іс - әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады.
Эмоциясыз, сезімсіз ізденушілік болмайды.
7. Жақсылық
ашу өздігінен келе салмайды, оған алдын ала жасалған қажырлы еңбек
құлшындырады десек, дәл сол сәтті шабытты шақ деп сипаттауға болады. Шабыт - адамның
рухани күштерінің ширығып өрлеуі, шығармашылық толғанысы. Шабыт жаңа туындының
пайда болуына, бастайды. Ол адамның жоғары белсенділігінен, әрекеттің өнімділігімен,
шығармашылықтың шаттығын сезінумен «құштарлық» пен эмоциялық ойға шолумен
ұштасады. Шығармашылық үрдістің санадан тыс тәрізді болып көрінуі шығармашылықтың
өзінің барынша саналығының нәтижесі, сананың ерекше айқындылығының, ойлар мен
бейнелердің өзінше бір үлгіде лықси келіп, айшықтана көрінуінің, зейіннің, идеяны орындауға
бағытталған құлшыныс пен ерік жігердің жемісі. Шабытты шақтарында адам бойындағы бар
күш жігермен әрекет етеді.
8. Шығармашылық әлеует ұғымының құрамалары
ретіндегі адамның тұлғалық
сапаларының: еркіндік, шешімділік, тәуекелшілдік, тапқырлық, өнертапқыштықтың алатын
орны ерекше. Адамның еркіндігі өмірдегі, кәсіби әрекеттегі мәдени әлемдегі өз орнын анықтай
алу қабілетінде жатыр. Оның ойлау, пайымдау және әрекеттену еркіндігі жеке кәсіби
жауапкершілікті сезінумен сәтті байланысады. Рухани және материалдық құндылықтар
әлемінде еркін бағдарлай алу, педагогикалық догмалардан еркін тұлға тәуекелді талап ететін
шешімдерді өз мойнына ала алады. Еркін адам өзінің өмірлік позициясы,
ұстанымы
болғандықтан өзгелерді қайталамай, жаңаша тың жолдармен жүреді. Дәл осы сапа
шығармашыл мұғалім үшін аса маңызды.
9. Шешімділік адамның өз бетімен жауапты шешімдер қабылдауға және іс -әрекетке
оларды бұлжытпай жүзеге асыруға қабілеттілігі. Әрекет белгілі бір шамада тәуекелге барудың
және бірнеше баламадан біреуін таңдаудың қажеттілігін туындатады. Осы кезде
шешімділіктің маңызы зор. Сол қабылданған шешім үшін жауапкершілікті өзіне батыл алуды,
іс - қимылдың дер кезінде болуын оны тез орындай білуді білдіреді, ғылыми зерттеушілік
жұмыстарды ұйымдастыруда теориялық және тәжірибелік бағыттарымен оқушыларды
таныстырып, жас ізденушілердің шығармашылық дамуын қамтамасыз ету. Мұғалімнің
83
шығармашылық әлеуетінің құрамына оның кәсіби мәнді сапаларын жатқыза отырып, олардың
бастылары ретінде: шеберлік, импровизация мен интуицияны атап өтеміз.
10. Шығармашыл тұлғаның ерекше қасиеттерінің қатарына педагогикалық
импровизация жасай алуы жатады. Педагогикалық импровизация дегеніміз мұғалімнің алдын
- ала жоспарланбаған тосыннан пайда болған педагогикалық мәселені шешу үшін өзінің білік,
дағдысы мен іскерлігін шығармашылықпен іске қосуы.
Педогогикалық импровизация
мұғалімнің шығармашылықпен өзін өзі дамытуына әсер етуші фактор. Өйткені импровизация
кезінде мұғалімнің ішкі күштері мен қабілеттерінің жұмылуы маңызды орын алады. Дәл осы
жағдайда шығармашылық туады да әлеуеттің дамуына мүмкіндік жасалады.
11. Педагогикалық шығармашылықтың орын ауына септігін тигізетін тағы бар бір
басты мәселе мұғалімнің әртістік қасиеті. Мектеп әрине, театр емес. Дегенмен мұғалім үнемі
халық алдында тұратын танымал адам. Олай болса ол аудиторияны меңгере алуы, иландыра
білуі, шабыттандыра алуы тиіс.
12. Педагогикалық әртістік тек әрекетке педагогикалық білім, білік, дағдыны тиімді
пайдаланып қою ғана емес, тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамытуды қамтамасыз ететін
эмоцияналдық бейнелік тетіктер жүйесі арқылы педагогикалық міндеттерді шешу барысында
көркемдік логиканы пайдалану.
13. Педагогика ғылым ретінде ой мен сезімдерді дамытады, адамның құндылық
негіздерін бекітеді. Ол педагогикалық үрдістің руханилығын арттырады, оның мазмұны мен
формаларын адамсергіткіштік пен мейірімін қанықтырады, шығармашылық, шеберлік сияқты
педагогикалық кәсібиліктің жаңа сапасы арқылы жасампаздыққа жеткізеді. Шығармашылық
әрекет жоғары әлеуметтік қажеттіліктерден туатындықтан, сол қажеттіліктерді жүзеге асыру
арқылы мұғалімнің құзіреттілігі қалыптасады.
14. Шығармашылық әлеуеті дамыған мұғалім өз кәсібін жете меңгеріп қана қоймай,
өзін өзі жан жақты дамытуға қол жеткізеді. Нәтижесінде мұғалім кәсіби құзіреттілікке қол
жеткізеді. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілі бүгінгі ғасыр талабына сай белгілі бір нәтижеге
бағытталған білім берудің негізі болмақ.
15. Бүгінгі заман талабы - жан - жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан «тұлға»
тәрбиелеу. Оқушы «тұлға» болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы
проблеманы анықтауға, өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды
өз бетімен табуға, талдауға логикалық операцияларды қолдан
отырып дәлелдеуге жалпы
алғанда жеке адамның құзіреттіліктері қалыптасуы қажет.
16. Осындай биік нәтижеге қол жеткізуді - кәсіби құзіреттілігі жоғары мұғалім ғана
жүзеге асырмақ.
Сондықтан, қазіргі заманауи білім беру жүйесінің басты міндеті - Ұлттық және жалпы
адамзаттық құндылықтар жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру, дамыту және
сәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.
Білім берудегі ақпараттандыру жағдайында педагог мамандердың біліктілігін көтеру -
бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Сондықтан педагог мамандардың
біліктілігін көтеруді ақпараттандыру туралы тұжырымдама, стандарт және оқу тақырыптық
жоспарларын жасақтау қажет. Аталған қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың
біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметкеріне пайдалану саласы бойынша
тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары жасалынады. Сонымен бірге білім беруді
ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық
мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі
бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр.
Қорыта айтқанда, қазіргі таңда білім беру ұйымдарының оқу жүйесінде жоғарыдағы
айтылған мәселелерді дамытып оқу процесінде енгізу қажет.
Қазіргі талаптың басты міндеті - педагог мамандардың кәсіби құзырлығын
қалыптастыру мен біліктілігін үздіксіз арттыруды, ғылыми
-әдістемелік қызметтің
жаңашылдығын, түрлері мен әдістерін іздестіруді қамтамасыз ету, оны үйлестіре білу болып
отыр. Сондықтан қазіргі заманауи білім беруде әр оқушының қабілетіне қарай білім беруді,
оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын