© 2015 Al-Farabi Kazakh National University
Исатаева А.Т., Исмаилова А.Г.,
Наурызбаев М.К.
Скандийдің
жеңіл балқитын еріткіштегі
ди-2-этилгексилфосфор
қышқыл балқымасымен
экстракциясы
Қазіргі кезде жеңіл балқитын реагенттерді қолдану арқылы
орындалатын экстракциялық әдістердің артықшылығы процестің жо -
ғары кинетикалық сипаттамасымен, фазалардың оңай бөлінуімен,
экстра генттердің үлкен талғампаздылығымен және олардың салыс -
тыр
малы түрде толық регенерациялану қабілеттілігімен ерекшеле-
неді. Технологиялық мақсатта скандийді экстракциялау үшін бей тарап
және катионалмастырғыш экстрагенттер қолданылады Скандий
-
дің ди-2-этилгексилфосфор қышқылы – жоғары карбон қышқылы
– пара фин балқымасымен экстракциясы зерттелген және экстрак-
ция процесіне сулы ортаның қышқылдығының, сулы фаза дағы скан -
дий және органикалық фазадағы экстрагент концентра цияла рының,
су және органикалық фазалардың көлемдік қатынаста рының әсе-
рі қарастырылған. Скандийдің экстракциясы катионалмастыру
меха
низмімен жүре
тіндігі дәлелденген. Скандий қышқылды орта
ерітінділерінен (>99,0%) толық бөлінеді. Экстрагенттегі ди-2-
этилгексилфосфор қышқы
лының тиімді концентрациясы 0,250
М құрайды, скандийдің экстракция
лық бөлінуі оның 10
-3
–10
-6
М
концентрация аралығында және орга никалық және сулы фазалардың
көлемдік қатынастарында1:5–1:20 жағдайда сандық мөлшерде толық
жүретіндігі көрсетілген.
Түйін сөздер:
экстракция; экстрагент; скандий;ди-2-этилгексил-
фосфор қышқылы; парафин; жоғары карбон қышқылдары.
Issataeva A.T., Ismailova A.G.,
Nauryzbaev M.K.
Al-Farabi Kazakh National University,
Almaty, Kazakhstan