Скидка 70 112 курсов профессиональной переподготовки от 540 руб



Дата17.01.2020
өлшемі111,47 Kb.
#56071
түріКонкурс
Байланысты:
Мезозой


  • Поиск курсов

  • Войти



×

Скидка 70%

112 курсов профессиональной переподготовки от 3.540 руб.

268 курсов повышения квалификации от 840 руб.

МОСКОВСКИЕ ДОКУМЕНТЫ ДЛЯ АТТЕСТАЦИИ

Смотреть каталог курсов

 

Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана 26 сентября 2017 г. Департаменотом образования города Москвы

Инфоурок›Биология›Другие методич. материалы›Мезозой заманында тіршіліктің дамуы.( 11 сынып)


Мезозой заманында тіршіліктің дамуы.( 11 сынып)


×

Важно!Узнайте, чем закончилась проверка учебного центра "Инфоурок"?

×

Конкурс



Методическая неделя

Добавляйте авторские материалы и получите призы от Инфоурок

Принять участие

Еженедельный призовой фонд 100 000 Р

 

библиотека


материалов

   


Сабақтың тақырыбы: Мезозой заманында тіршіліктің дамуы

Сабақтың мақсаты

Білімділік:

Оқушыларға мезозой заманында тіршіліктің дамуы туралы түсінік беру, олардың маңызына қызметіне тоқталып өту.

Дамытушылық:

Оқушыларға мезозой заманында тіршіліктің дамуы туралы білімдерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, білімдерін шыңдау.

Тәрбиелік:

Оқушыларға табиғатты қорғауға адамгершілік, эстетикалық, салауатты өмір салтына ойын еркін жеткізуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Сабақтың типі: Дәстүрлі емес ( сайыс сабақ)

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың өту әдісі: ауызша - баяндау, сұрақ жауап арқылы

Сабақтың көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта.

Сабақтың пән аралық байланысы: География, тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, түгендеу оқушы назарын сабаққа аудару

Ел басы халқына: «Ел экономикасының дамуы білімді жастардың қолында» бүгінгі білімімізді шыңдай отырып, сабаққа атсалысайық!

II. Үй тапсырмасын сұрау: Сыныпты топқа бөлу

1. топ Палеонтолог ғалым - Кембрий, ордовик

2. топ Археолог ғалым - Девон

3. топ Биолог ғалым -Таскөмір

III, Құпия хат

1.

Архей



Ежелгі заман

3600 млн жыл бұрын

2

Протерозой



Алғашқы тіршілік заманы

2600 млн жыл бұрын

3

Палеозой


Ертедегі тіршілік заманы

600 млн жыл бұрын

4

Мезозой


Ортадағы тіршілік заманы

230 млн жыл бұрын

5

Кайназой


Жаңа өмір

63 млн жыл қазіргі тіршілік

ІV. Жаңа сабақты баяндау.

Мезозой — Жер тарихының, палеозой мен кайнозой арасындағы эрасы және соған сәйкес келетін тау жыныстарының қабаты. Мезозой эрасын 1841 жылы ағылшын геологі Джордж Филлипс бөліп көрсеткен. Мезозой эрасы төменнен жоғары қарай триас, юра және бор кезеңдеріне бөлінеді. Жаратылыстану ғылымдарының әдістері бойынша бұдан бұрынғы 235, 10 — 66, 3 миллион жылдар аралығын қамтиды. Жердің даму тарихының бұдан 248 — 65 млн. жыл бұрынғы уақыт аралығын қамтитын, кембрийге дейінгі эрадан есептегенде екінші эрасы; үш кезеңге — триас, юра және бор кезеңдеріне жіктеледі.

Триас жүйесі' (кезеңі)- триас (trіas – үштік, орталығы Еуропаның геологиялық қимасындағы үш түрлі қабаттың біріктірілуіне байланысты аталған) – мезозой эратемасының ең төменгі тау жыныстары қабаттары және олардың жиылған уақыты (251 - 199, 6 млн жыл). Триас (грек. Ӏгіаз — үштік) — "триас жүйесі" және "триас кезеңі" терминдерінің қысқаша атауы. Жоғарғы палеозойдағы тіршілік иелерінің жаппай қырылуы нәтижесінде, триаста көптеген жаңа фауна мен флора элементтері дүниеге келді. Олардың ішінде аммониттер (Ammonoidea), осы күнгі коралдар, әр - түрлі моллюскілер (Mollusca), динозаврлар және кейбір жалаңұрықтылар (Gymnospermae) болған.

Юра жүйесі немесе Юра кезеңі — мезозой заманын құрайтын үш кезеңнің бірі. Триас пен бор арасында орналасқан юра кезеңі осыдан 199, 6 млн жылдан 145, 5 млн жылға дейін созылады. Ең кең тараған тау жыныстары саз балшық, ізбесті құмдақ және әктас болып, юра кезеңі 11 ярусқа бөлінеді (геттанг, синемюр, плинсбах, тоар, аален, байос, бат, келловей, оксфорд, киммеридж, титон).

Орбинь жасады, ол юра жүйесін 10 жікқабатқа бөлген.Көптеген басқа омыртқасыздармен бірге брахиоподтар, қосқақпалылар және аммониттер кең тараған. Юра кезеңінде рептилиялар жер мен суда көп кездесіп, сүтқоректілер саны аз, көбінесе түңгі өмір сүрген деп есептеледі. Алғаш құстар, оның ішінде археоптерикс кеш юра кезінде пайда болған. Юра кезеңі – мезозой дәуірінің триастан кейінгі, бордан бұрынғы орта кезеңі және сол кездерде жаралған тау жыныстарының қат - қабаттары. Юра жүйесі осыдан 199, 6 миллион жыл бұрын басталып, 145, 5 миллион жыл бұрын аяқталған, ұзақтығы шамамен 54, 1 миллион жыл. Оны неміс жаратылыстанушы А. Гумбольд Швейцария мен Францияның Юра тауларында анықтап (1822), француз геологы А. Броньяр жеке жүйеге бөліп, қазіргі атымен атаған (1829). Юра жүйесінің жікқабаттық шкаласын алғаш француз палеонтологы А. Д

Бастапқы және ортаңғы юра ағымында термиялық белсенділікпен қатар, атмосфералық жауын - шашынның өзгеруі де байқалған. Солтүстік аридті (құрғақ) белдеу АҚШ пен Солтүстік Африканың бірқатар аудандарын қамтыған. Оңтүстік аридті белдеуге Ортүстік Америка, Сомали және Танзания аумақтары кірген. Құбылмалы ылғалды жағдайлар Бразилия мен Африканың, Арабия мен Үндіқытайдың оңтүстігінде басым таралған. Экваторлық ылғалды климат Мексиканың оңтүстік бөлігін, Гвинея, Камерун, Нигерия мен Египетті қамтыды. Сібір мен Ресейдің солтүстік - шығысы, Моңғолия мен Солтүстік Қытай аумағының едәуір бөлігі ылғалды, субтропиктікке жақын климатпен сипатталады. Бұл белдеудің шартты шекарасы Ақ теңіз, Оңтүстік Орал және Балқаш - Шандунь түбегі арқылы өтетін сызықпен белгіленеді. Субтропиктік белдеудің солтүстігінде орташа температура 15 – 20 С болса, оңтүстік бағытта 18 – 20 С - қа дейін көтерілген. Температуралық режимнің сипаты бойынша соңғы Юра жүйесі экваторлық, тропиктік, субтропиктік және қоңыржай белдеулерге бөлінеді. Изотоптық және магнийлік палеотермометриялық деректер бойынша температура экваторлық белдеуде 26 – 28 С, ал тропиктік белдеуде 21 – 24 С ауқымында өзгерген.

Бор кезеңі – мезозой заманына кіретін үш кезеңнің үшіншісі. 145, 5 млн. жыл бұрын басталып 65, 5 млн. жыл бұрын аяқталған. Бор кезеңі Англияның Дувр қаласы маңындағы ағылш.

White Cliffs (Ақ Жартас) деген жерде бордың жинақталуымен және көптеген омыртқалы мен омыртқасыздардың, оның ішінде динозаур, мозазаур, ихтиозаур және плезиозаурлардың жаппай қырылуымен белгіленеді.

Соңғы деректер бойынша шамамен 93 млн жыл бұрын жанартау белсенділігі қазіргі деңгейден 300 — 500 есе көбейген. Жанартау қарқындылығы көбінесе қазіргі Кариб теңізінде болған. Атмосфераға көмір қышқылды газ көп мөлшерімен түскен, ал оттегі азайып әкті қабықшасы бар фораменифера деген бір жасушалы жәндіктер жаппай қырылған. Бұлардың сүлделері бор болып жетілді.

Мезозой заманы

1. Триас кезеңі 35 млн жылға созылған

2. Юра кезеңі 60 млн жылға созылған

3. Бор кезеңі 70 млн жылға созылған

V. Биологиялық термин:

Этология - жануарлардың мінез - құлқының биологиялық негіздері туралы ғылым

Экология - организмдердің олар түзетін бірлестіктердің өзара және қоршаған ортамен қарым – қатынасы туралы ғылым

Экогигена - қоршаған ортаның тазалығын сақтау шаралары

Экологиялық мониторинг - табиғаттағы өзгерістерді бақылау, баға беру және болжау жүйелері

VI. Тарихи қызық деректер:

Триас - бауырымен жорғалаушылар кезеңі

1. Материктер қозғалысы басталып Атлант мұхиты түзілді

2. Бор - Альпі, Анд, Гималай таулары түзілді

VII. Зерттеушілер жаңалығы

Палентолог ғалымдарға сұрақ

1. Өсімдіктерге жасыл түс береді (Хлоропласт)

2. Амебаның қозғалуы (Жалған аяқтары)

3. Төменгі сатыдағы өсімдік (Балдыр)

4. Жасушаны алғаш көрген кім (Гук)

5. 20 - 30 метр тереңдікте өсетін балдыр (Ламинария)

Археолог ғалымдарға сұрақ

1. Өсімдіктерді зерттейтін ғылым (Ботаника)

2. Жануарларды зерттейтін ғылым (Зоология)

3. Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым (Микология)

4.«Тіршіліктің пайда болуы» еңбегінің авторы (Холдейн)

5. Тұқым қуалайтын өзгергіштік пен табиғи

сұрыпталудың негізінде ұзақ уақыт жүретін әрекет (Ароморфоз)

Биолог ғалымдарға сұрақ

1. Организмдердің нақты тіршілік ортасына

сәйкес алуан түрлі бейімділіктерге ие болуы

(Идиоадаптация)

2.«Құрттар өздігінен пайда болған жоқ, шыбынның етке салған жұмыртқасынан шыққан дернәсіл» деген ғалым (Ф. Реди)

3. Тіршіліктің пайда болуы неше кезеңнен тұрады ( 4)

4. Жер бетіндегі тіршілік уақыты (3 - 3, 5 млн жыл)

5. Үш есе үлкейтіп көрсететін құрал [b](Қол әйнек)[/b]

Сабақты бекіту:

Мезозой заманын «бауырымен жорғалаушылардың ғасыры» деп аталу себебін түсіндір...

Осы заманға сипаттама бер...

VIII. Үйге тапсырма: §51. Мезозой заманындағы тіршіліктің дамуы. Кестені толтыр

Кезеңдері

Ерекшеліктері

Триас кезеңі
Юра кезеңі
Бор кезеңі

Оқушыларды бағалау.



«Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында, ал ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында»

Н.Ә.Назарбаев.

Сабақтың тақырыбы: § 51.Мезозой және кайназой заманындағы тіршіліктің дамуы.

nСабақтың



және кайназой заманындағы тіршіліктің өзгеруі туралы толық

түсінік беру.

nКүтілетін нәтиже



Оқушылар мезозой және кайназой заманындағы тіршіліктің дамуы

және жануарлар мен өсімдіктер әлемі туралы түсініп біледі

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіруСабақтың өту әдісі: ауызша — баяндау, сұрақ жауап арқылыСабақтың көрнекілігі: слайд, маркер, плакат, тірек сызба, кеспе қағаздар

Сабақтың пән аралық байланысы: География, тарих
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі

n2. “Құпия хат” үй тапсырмасын тексеру

n3.Жаңа сабақ

n4. Венн диаграммасы

n5. Сергіту сәті

n6. Сабақты қорытындылау

n7. Рефлексия

n8. Үйге тапсырма беру

n9. Б а ғ а л а у

Сыныпты топқа бөлу



1. топ Мезазой 2. топ Кайназой

2. Құпия хат

n1. Полезой неше кезеңді қамтиды?

n2. Риниофиттер дегеніміз не?

n3. Кембрий кезеңіне қысқаша сипаттама.

n4.Ордовик кезеңіне қысқаша сипаттама.

n5. Силур кезеңіне қысқаша сипаттама.

n6. Девон қандай кезең?

n7. Карбон қандай кезең?

n8. Пермь қандай кезең?

n9. Кембрий қандай кезең?

n10. Ерте палеозой және соңғы палеозой несімен ерекшеленеді?

3. Жаңа сабақты баяндау.Мезозой — Жер тарихының, палеозой мен кайнозой арасындағы эрасы және соған сәйкес келетін тау жыныстарының қабаты. Мезозой эрасын 1841 жылы ағылшын геологі Джордж Филлипс бөліп көрсеткен. Мезозой эрасы төменнен жоғары қарай триас, юра және бор кезеңдеріне бөлінеді. Жаратылыстану ғылымдарының әдістері бойынша бұдан бұрынғы 235, 10 — 66, 3 миллион жылдар аралығын қамтиды. Жердің даму тарихының бұдан 248 — 65 млн. жыл бұрынғы уақыт аралығын қамтитын, кембрийге дейінгі эрадан есептегенде екінші эрасы; үш кезеңге — триас, юра және бор кезеңдеріне жіктеледі.



Триас жүйесі' (кезеңі)- триас (trіas – үштік, орталығы Еуропаның геологиялық қимасындағы үш түрлі қабаттың біріктірілуіне байланысты аталған) – мезозой эратемасының ең төменгі тау жыныстары қабаттары және олардың жиылған уақыты (251 — 199, 6 млн жыл). Триас (грек. Ӏгіаз — үштік) — «триас жүйесі» және «триас кезеңі» терминдерінің қысқаша атауы. Жоғарғы палеозойдағы тіршілік иелерінің жаппай қырылуы нәтижесінде, триаста көптеген жаңа фауна мен флора элементтері дүниеге келді. Олардың ішінде аммониттер (Ammonoidea), осы күнгі коралдар, әр — түрлі моллюскілер (Mollusca), динозаврлар және кейбір жалаңұрықтылар (Gymnospermae) болған.
Юра жүйесі немесе Юра кезеңі — мезозой заманын құрайтын үш кезеңнің бірі.

Триас пен бор арасында орналасқан юра кезеңі осыдан 199, 6 млн жылдан 145, 5 млн жылға дейін созылады. Ең кең тараған тау жыныстары саз балшық, ізбесті құмдақ және әктас болып, юра кезеңі 11 ярусқа бөлінеді (геттанг, синемюр, плинсбах, тоар, аален, байос, бат, келловей, оксфорд, киммеридж, титон).Орбинь жасады, ол юра жүйесін 10 жікқабатқа бөлген.¢Көптеген басқа омыртқасыздармен бірге брахиоподтар, қосқақпалылар және аммониттер кең тараған.



Юра кезеңінде рептилиялар жер мен суда көп кездесіп, сүтқоректілер саны аз, көбінесе түңгі өмір сүрген деп есептеледі. Алғаш құстар, оның ішінде археоптерикс кеш юра кезінде пайда болған. Юра кезеңі – мезозой дәуірінің триастан кейінгі, бордан бұрынғы орта кезеңі және сол кездерде жаралған тау жыныстарының қат — қабаттары. Юра жүйесі осыдан 199, 6 миллион жыл бұрын басталып, 145, 5 миллион жыл бұрын аяқталған, ұзақтығы шамамен 54, 1 миллион жыл. Оны неміс жаратылыстанушы А. Гумбольд Швейцария мен Францияның Юра тауларында анықтап (1822), француз геологы А. Броньяр жеке жүйеге бөліп, қазіргі атымен атаған (1829). Юра жүйесінің жікқабаттық шкаласын алғаш француз палеонтологы А. Д
Бор кезеңі – мезозой заманына кіретін үш кезеңнің үшіншісі. 145, 5 млн. жыл бұрын басталып 65, 5 млн. жыл бұрын аяқталған. Бор кезеңі Англияның Дувр қаласы маңындағы ағылш.White Cliffs (Ақ Жартас) деген жерде бордың жинақталуымен және көптеген омыртқалы мен омыртқасыздардың, оның ішінде динозаур, мозазаур, ихтиозаур және плезиозаурлардың жаппай қырылуымен белгіленеді.
Соңғы деректер бойынша шамамен 93 млн жыл бұрын жанартау белсенділігі қазіргі деңгейден 300 — 500 есе көбейген. Жанартау қарқындылығы көбінесе қазіргі Кариб теңізінде болған. Атмосфераға көмір қышқылды газ көп мөлшерімен түскен, ал оттегі азайып әкті қабықшасы бар фораменифера деген бір жасушалы жәндіктер жаппай қырылған. Бұлардың сүлделері бор болып жетілді.
Мезозой заманы1. Триас кезеңі 35 млн жылға созылған
2. Юра кезеңі 60 млн жылға созылған
3. Бор кезеңі 70 млн жылға созылған


Триас кезеңі Юра кезеңі

Бор кезеңі

Кайназой

Ароморфоз:

-Адамның пайда болуы

-Жануарлар мен өсімдіктер әлемінің дамуына адамдардың араласуы.

-Нәтижесінде осы күнгі биоценоздардың түзілуі



  1. Палеоген

  2. Неоген

  3. Антропоген(төрттік)

Палеоген: 41 миллион жылға жуық созылды.

— мәңгі жасыл манголия, лавр ағашы, пальма, бамбуктер

-Жылу сүйгіш ағаштар: фикус, эвкалипт, нан ағашы

— құстардың денесінде ауа қапшықтарының пайда болуы

-Сүтқоректілердің тістері, төрт камералы жүрек

-3 башпайлы жылқы – гиппариондар

-Құстардан түйеқұстар

Неоген:

-Құрлықта құйрықты және құйрықсыз бақалар;

— Жорғалаушылардан: тасбақалар, крокадил, жыландар

-Сүтқоректілердің көп отряды, приматтар отряды

-Ашық кеңістікте мекендеген адамтектес маймылдың ұрпақтары – адамдар.

-Горилла мен шимпанзе



Антропоген

Мұздық ғасыр – плейстоцен

Соңғы ғасыр – голоцен

Дегенерация:

-Мастодонттар (ертедегі пілдер), мамонттар,қылыш тісті жолбарыстар, алып жалқау аңдар, жылқыларды жойылуы

4. Венн диаграммасы

5. Сергіту сәті

6. Сабақты қорытындылау: Бейне жазба тамашалау.



7. Эссе жазу

Оқушыларды бағалауБағалау парақшаларына қарап бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет