Негізгі түсініктер бойыншаглоссарий Психология – психиканың даму заңдылықтарын, оны зерттеу әдістерін, ғылыми теориялық ұғымдардың қалыптасу заңдылықтарын зерттейді.
Қолданбалы психология –психологияның теорияларын, жаңалықтарын, принциптерін тәжірибеде іске асыру саласы.
Әлеуметтік психология – адамдардың әлеуметтік топтарға қосылуынан туындаған мінез-құлық және әрекет заңдылықтарын, сондай-ақ осы топтардың өздерінің психологиялық сипаттамаларын зерттейтін психология саласы.
Ұйым –кәсіптік мақсатпен біріктірілген материалдық объектілер мен адамдар қауымдастығы.
Ұжым – бір ұйымда жұмыс істейтін адамдардың қауымдастығы (ақ, сұр, көк түсті жағалылар).
Жеке тұлға –әрекеттің субъекті мен объектісі ретінде.
Топ – қоғамдағы адамдардың белгілі сипаттары мен ерекшеліктеріне орай және бірлесіп атқаратын істеріне сәйкес бірлесуі.
Көшбасшылық –бұл адамдарды өз-өзін белгілі бір мәнерде ұстауына мәжбүр ету арқылы олардың мінез-қылықтарына әсер ету үшін басқарушының қолданатын құралы.
Көшбасшы – бұл басқа адамдарды, олардың алғашқы ниеті қандай болғанына қарамастан, өзі қалаған нәрсені жасауға көндіре алатын адам болып табылады.
Басшы – бұл жұмысты беруші және сол жұмыстардың орындалуына жауап беруші адам.
Абстракция – заттар немесе құбылыстарды зерттеу мақсатындағы оның белгілі бір белгілері мен қасиеттерін ойша бөліп алу.
Психология – психиканың даму заңдылықтарын, оны зерттеу әдістерін, ғылыми теориялық ұғымдардың қалыптасу заңдылықтарын зерттейді.
Психика – тіршілік дамуының белгілі бір сатысында тірі ағза мен сыртқы ортаның өзара қатынасын білдіретін бейнелеудің айрықша түрі.
Адаптация – сыртқы орта заттары мен құбылыстарының ерекшеліктеріне сезім мүшелерінің бейімделуі.
Анимизм – жан мен рухтың ауыспалылығы және олардың объективті тірлігі туралы ежелгі ілім.
Ассоциация – психикалық құбылыстардың өзара байланысы.