2-тапсырма Берілген мысалдар көркемдік тәсілдің қай түріне жатады?
Мысалдар
метонимия
эпитет
кейіптеу
Бұ жарық дүниеде сондай сұрқия заманның табанында иленіп, дозағында қақталған жанның бірі Хансұлу болса, ол байғұс неге бұл ит тірліктен оп-оңай құтылғанына шүкіршілік етпеуге тиіс?
Ыстық бетін үлбіреп, қоңырсалқын түн лебі сипады.
Едіге жұмсақ ұйыған таң қараңғысын жамылып, баяу аяңдап, ауылдан шығып барады.
Ауыл әлі шырт ұйқыда
Символ – бейнелеу. Айтайын дегенін ашып айтпай астарлап, басқа бір нәрсенің бейнесінде суреттеу. Жазушы жасаған сөз образы тура өз мағынасында емес, бейнелеу мағынасында айтылса, символдық образ немесе символ деп аталады. Мысалы: Аспанмен таласқан еңселі, хан сарайындай биік те зәулім – ақ боз үй. (Ақ боз үй шырышы бұзылмаған көшпелі ауыл өмірінің берекелі, бақытты шағының символы). Есте сақтаңыз! 3-тапсырма Үзінділерде асты сызылған символ сөздердің қолдану қызметін анықтаңыз.
Шығармадан мысал
Көркемдік тәсілді қолдану мақсаты
Күнде көрген жерде шүйіркелесе, қалжыңдаса кететін осынау қатар-құрбы жандармен Хансұлу тілдесе алмады. Тілдеспек тұрмақ, өңі не түсі не екені белгісіз, тірі не, өлі не екені белгісіз, бір екіталай халде жатты. Жер басып жүрген ол жандар мен бұның арасында бір перде тұрды.
Көз алдына 15 жасар қызы Дина мен жасы биыл 17-ге толатын ұлы Бақыт та келіп тұра қалды. Сол-ақ екен, көзден жасы ыршып кетті. Басы төсіне салбырап, үнсіз жылады. Өз шаңырағын өзі құлатып, бала-шаға, отбасынан кеткелі бері іштей бықсып, тығылып, томырылумен жүрген еді Түгелхан. Қалай топсасы босап кеткенін білмеді.