Смагулова асемкул дуйсеевна



бет4/23
Дата30.01.2023
өлшемі0,51 Mb.
#166854
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
01-География

Мектеп географиясының карталары – оқушылар үшін өзіндік білім көзі болып табылады. Мектеп географиясындағы міндеттердің бірі – оқушылардың картографиялық сауаттылығын, картамен жұмыс істей алуы және басқа да географиялық ақпараттар көздері: анықтамалар, атластар, ақпараттық жүйелер және басқа да ақпарат көздері, экрандық көрнекіліктерді пайдалануды қалыптастыру.
Географияны оқыту әдістемесі жалпы білім беретін мекемелер жұмысының практикасымен тығыз байланысты. Географияны оқыту әдістемесі әр түрлі әдістерді қолданады. Олар екі үлкен топқа бөлінеді: теориялық және эмпирикалық.

Зерттеу әдістерін таңдау қойылған мақсаттар мен міндеттерге байланысты болады.
Теориялық зерттеу әдістері – қойылған құбылыстар мен процестердің заңдылықтарын қалыптастыруға бағытталған. Олардың ішінен жалпы ғылыми логикалық әдісін бөліп қарауға болады. Онда: анализ, синтез, индукция, дедукция, жалпылау, типологизация, идеализация, және т. б.
Индуктивті және дедуктивті әдістер – сабақты жоспарлауда, яғни мұғалім оқушыға жаңа ұғымды түсіндіріп, қалыптастыруда қолданылады.
Типологиялық әдіс – оқылатын объектілер мен құбылыстарды белгілері бойынша топтауда қолданылады.
Идеализация әдісі – оқылатын объектілердің белгілерінің тұтастығын анықтауда қолданылады, бұл кезде басқа белгілер назарға алынбайды. Мысалы: оқушыларды сыныптардағы топтарға («күшті», «орташа», «нашар» оқушылар) деңгейлеп бөледі, бұнда оқушылардың жекеленген ерекшеліктері ескерілмейді.
Әдеби әдіс (әдебиетті анализ)- методиканың зерттеудегі маңызды әдістердің бірі.
Теориялық әдістердің ішінде – жүйелік – құрылымды әдісті – жалпы ғылыми пәнаралық әдістерді тану болып табылады. Соңғы жылдары бұл әдістерді географияны оқыту әдістемесінде кеңінен қолдануда. Бұл әдіс географияда да, педагогиканың басқа салаларында да қолданылады.
Жүйелік – құрылымдық әдіс – күрделі объектіні тұтас жүйе ретінде қарап, оқушылар мен мұғалімнің бір-бірімен қатынасын анықтауға көмектеседі. Жүйелік-құрылымдық әдіс құрамында құрылымдық-логикалық анализ қолданылады.
Теориялық әдістің тағы бір түрі – салыстырмалы және тарихи әдістер. Бұл әдістер жалпы ғылыми зерттеу әдісі де болып табылады.
Салыстырмалы әдіс - мектеп географиясында және ғылымда білімді жеке анализлеуде қолданылады. Олар арқылы зерттелетін мәселенің мазмұнының ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік туады.
Методикалық зерттеуде сандық және математикалық әдістерді қолданады. Сандық әдістер арасында баллдық әдіс кең қолданылады, яғни оқушының үлгерімін сандық бағалау болып табылады.
Сандық әдістің негізі – статистикалық әдіс болып табылады.
Ал, математикалық әдістің негізгі функциясы – оқушының оқыту әдістері мен білім мен біліктілік деңгейі арасындағы байланысты анықтауға болады. Математикалық әдіс типологиялық, классификациялық және т.б. міндеттерді шешуге көмектеседі.
Теориялық зерттеу әдістерінің ішінде соңғы жылдары – модельдеу әдісі кеңінен қолданылып жүр. Бұл әдістің мазмұны – қандай да бір объект, үрдістер мен құбылыстарды зерттеуде модельдеу болып табылады.
Эмпирикалық зерттеу әдістері тобына – оқыту процесіндегі бақылау, педагогикалық тәжірибені оқу мен жалпылау, педагогикалық экспериментті жатқызады. Әдетте, бірнеше әдістерді зерттеуде қолданылады.
Бақылау әдісі- эмпирикалық әдістің кең тараған әдісі болып табылады. Бақылау – мұғалім үшін өте қажет, яғни оның дайындығының құрамдас бөлігі болып табылады. Бақылау әдісі – белгілі бір мақсатқа негізделіп жүргізіледі. Ол үшін арнаулы жоспарлар жасалынып, бағдарлама және күнделік жүргізіліп, бақылау орны мен уақыты жазылып, сабақ өту (сатылары, құрал – жабдықтары, мұғалім сұрақтары, оқушының қызметі, т.б.) жазылады. Бақылау әдістерінің объектісі - оқу жұмыстары, сабақта оқушының өзіндік қызметін ұйымдастыру, үй тапсырмасы, оқыту әдістерін таңдау, т.б. болып табылады. Бақылаудың нәтижесін-анкеталық және әңгімелесу әдістері арқылы бекітуге және бақылауға болады.
Анкеталық әдіс- бұнда, оған қатысушылар берілген сұрақтарға жазбаша жауап беруі қажет. Анкета сұрақтары нақты және дұрыс, түсінікті болуы қажет. Анкета жүргізгеннен кейін оны сараптайды.
Әңгімелесу әдісінің мазмұны- мұнда зерттеуші алдын-ала дайындалған сұрақтарды қояды, онда ауызша жауап беріледі. Әңгімелесу үрдісінде жауап берушінің жауабына байланысты сұрақтар өзгеруі мүмкін.
Зерттеу әдісінің маңыздысының бірі- мектеп құжаттарын оқу- мұнда мұрағат (архив) құжаттарын, сынып журналы, методикалық бірлестік жұмыстарының жоспары, күнделікті сабақ және тақырыптық жоспарлар, сабақ конспектісі, оқушы дәптерлері, кескін карталар және т.б. болып табылады.
Соңғы уақытта методикалық зерттеуде тестілеу әдістері кеңінен қолданылып жүр. Тест арнаулы формада, өзінің құрылымдық және қиындық деңгейіне байланысты беріледі.
Географияны оқыту әдістемесінде эмпирикалық зерттеу әдістерінің кең таралғаны – педагогикалық эксперимент әдісі.
Педагогикалық эксперимент - әр түрлі түрге бөлінеді. Оны мына сызбадан көруге болады.

Географияны оқыту әдістемесінің қазіргі заманғы даму сатысы мектеп географиясының мазмұны мен құрылымының түбірінен қайта құру жағдайында дамуда. Ғалым-географтар мен әдіскерлердің географиялық білім берудің жаңа концепциясын, негізгі жалпы және орта (толық) жалпыға бірдей білім берудің жаңа стандарты, оқу жоспарларын түзету, жаңа бағдарламалар мен оқулықтардың жазылуы жүзеге асты. Барлық осы құжаттарда пәнді оқуға кешенді түрде келу көзделген. Жаңа сатыда мектептегі елтану, геоэкологиялық, гуманитарлық және мәдени бағыттар мектеп географиясының дамуына ықпал етеді.[2.3.4]





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет