Смагулова асемкул дуйсеевна


Зерттеу жұмысының құрылымы



бет3/23
Дата30.01.2023
өлшемі0,51 Mb.
#166854
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
01-География

Зерттеу жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс үш тараудан, тарау өз ішінде бөлімдерден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Зерттеудің негізгі міндеттері жоспарланған мәселелер бойынша қарастырылады. Жұмыстың алғашқы тарауында географияны оқыту мақсаты, географияны оқытудың негізгі құралдары оның маңызы қарастырылады. Сонымен қатар, географиялық білім берудің негізгі формасы саналатын географиялық сабақтың маңызы талданады.
Жұмыстың келесі тарауында география сабақтарында географиялық ұғымдарды қалыптастырудың теориялық моделі айқындалады. Осы тарауда географиялық ұғымдарды игерудегі педагогикалық және психологиялық негіздері мен география сабақтарында қолданылатын терминдер мен ұғымдар кеңінен қарастырылады. Сондай-ақ, географиялық ұғымдарды қалыптастыруда географиялық картамен жұмыс түрлері анықталады.
Жұмыстың соңғы тарауында география сабақтарында географиялық ұғымдарды игеру және жеке ұғымдарды оқып үйрену үлгілері ұсынылады.
Зерттеу жұмысының әдісі: топтау, жүйелеу, талдау және салыстырмалы-аналитикалық әдіс.


1 Географияны оқыту әдістемесі, оның зерттейтін басты мәселелері



    1. Географияны оқытудың негізгі міндеттері, зерттеу әдістері, даму ерекшеліктері

Географияны оқыту әдістемесі пәнінің негізгі міндеті, бұл – мұғалімнің шығармашылық тұлғасын қалыптастыру, оны әдістемелік білім мен біліктілікпен қамтамасыз ету.


Географияны оқыту әдістемесі – жалпы білім беретін мектептерде географияны оқытудың заңдылықтары туралы ғылым болып табылады. Ол оқушыларды географиялық білімдер мен біліктілікті үйренуге, мұғалім мен оқушының өзара қарым – қатынасын ұйымдастыруды оқытады. Географияны оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым ретінде – дидактиканың негізгі бір саласы болып табылады.
Географияны оқыту әдістемесінің негізгі ерекшеліктерінің бірі – оны жаратылыстану және қоғамдық ғылымдар тобына да жатқызуға болады, ол күрделі құрылымды жүйені құрайды (қоршаған орта-қоғам-адам).
Географияны оқыту әдістемесінің негізгі үрдістеріне:

  1. территорияны оқытуда физикалық және экономикалық білімдерді кешенді оқыту;

  2. оқушылардың географиядан картографиялық сауаттылығын қалыптастыру, карта және картографиялық әдістердің рөлін таныту;

  3. оқыту барысында өлкетанулық әдістерді қолдану;

  4. әр түрлі оқыту әдістерін қолдану;

  5. оқушылардың ой-өрісін дамытуда түрлі бағыттарда бақылаулар мен топсеруендер, жергілікті жерде жұмыстар жүргізуге үйрету;

  6. оқушыларды геоэкологиялық бағыт бере отырып тәрбиелеу;

  7. географиялық білімдерді өндірістік және күнделікті тұрмыстық қызметте пайдалана білу;

  8. оқу материалдарын елдегі, өмірдегі құбылыстармен байланыстыруға көңіл бөлу.

Географияны оқыту әдістемесі – оқушыларды географиялық білімнің негіздерімен таныстыра отырып оқыту, тәрбиелеу және дамыту болып табылады.
Географияны оқыту әдістемесі пәні – географияны оқыту қандай мақсатта, қалай оқыту, ненің көмегімен оқыту керек деген сұрақтарға жауап береді.
Оқытуды ұйымдастырудың формасы мен әдістері, мақсаты, мазмұны бір – бірімен байланыстағы тұтас жүйе. Оны мына сызбадан көруге болады:



Мазмұны (нені оқыту керек)

Әдістемені жалпы және жеке деп екіге бөледі.
Жалпы әдістеме – географияның барлық курсының сұрақтарын қарастырады.
Жеке әдістеме – мектеп географиясының жекелеген курсының ерекшеліктерін және оның бөлімдерін оқытуды қарастырады.
Орта білімнің қазіргі даму сатысындағы негізгі оқыту әдістері өзгеріп және күрделеніп келеді. Әдістеменің дидактикасының айырмашылығы – ол бір уақытта әрі теориялық, әрі қолданбалы ғылым болып табылады. Олар бір-бірімен тығыз байланысты.
Методика – жеке дидактика, сондықтан да оның қалыптасуы мен дамуы да педагогикалық ғылымдар саласында және психолгияда әр түрлі жетістіктермен байланысты.
Географияны оқыту әдістемесінде оқытудың жалпы заңдылықтарын қолдана отырып, оқу-тәрбие беру үрдісінде түрлі тәрбие және дамытушылық әдістемелерді пайдаланады.
Орта білімді қайта қалыптастыру кезеңінде жасөспірім психологиямен байланысу әдістерін қолдана отырып, оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына ерекше көңіл бөледі. Психология – оқушының даму ерекшеліктері барысында оқушы мен мұғалімнің бір-бірімен қарым-қатынасы мен іс-әрекетін, олардың бірлесіп жұмыс істеуін анықтап, көмектеседі.
Әдістемелік зерттеуде географияны оқыту үрдісінде әр түрлі психология мектептерінің психологтарының жұмыстарының нәтижесін пайдаланады.[1]
Қазіргі мектеп географиясында негізінен география ғылымын екі басты бөлімге – жалпы географиялық (жертану) және аймақтық (елтану) бөледі. Сонымен қатар, бұл жүйе басқа да аралас ғылымдармен тығыз байланысты. Оқушылар үшін география – тұтас бір ғылым, яғни ол жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдармен тығыз байланысты. Мектеп географиясының тағы бір бөлігі профильдік және модульдік курстар болып табылады. Географияны тереңдетіп оқытудың, географиялық білімдер мен аралас ғылымдардың (физикалық–географиялық және кешенді елтану, топография және картография, геология, экология, экономика, коммерциялық география, медициналық география т.б.) бағдарламалары жасалған.
Төмендегі сызбада географияны оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен және практикалық мектептермен негізгі байланыстары көрсетілген.

Географияны оқыту әдістемесі басқа да ғылымдармен тығыз байланысты. Географиямен байланыс үш бағытта: құрылымы бойынша, мазмұны бойынша және әдістері бойынша қарастырылады.
Географияны оқыту әдістемесінің басқа географиялық ғылымдармен байланысы тек қана мектеп географиясының құрылымы мен мазмұнымен ғана емес, оқытудың әдістері мен құралдарымен байланысты болады. Оқыту әдістері арасында оқушыларды бейімдеу үшін картографиялық, статистикалық, бақылау әдісі, салыстырмалы, т.б. әдістер кеңінен қолданылады. Оқу топсеруендерін өткізуде далалық географиялық зерттеулер әдістерінің элементтері қолданылады. Географияны оқыту құралдарының ішіндегі ең маңыздысы – карта болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет