Смагулова асемкул дуйсеевна


Географиялық білім берудің негізгі формасы саналатын географиялық сабақтың маңызы



бет7/23
Дата30.01.2023
өлшемі0,51 Mb.
#166854
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Байланысты:
01-География

Географиялық білім берудің негізгі формасы саналатын географиялық сабақтың маңызы

География сабағын ұйымдастырудың негізгі формасына сабақ, факультатив сабақтар, оқу экскурсиялары, оқушының үй тапсырмасы, жергілікті жерлердегі практикалық жұмыстар, кеңестер, қосымша сабақтар жатады. Бұлардың ішіндегі ең маңыздысы – сабақ.


Оқу процесінде оның тәрбиелік оқытушылық және дамытушылық қызметтері арқылы сабақтың рөлі анықталады.
Сабақ – бұл жастары шамалас, құрамы тұрақты оқушы топтарымен оқытуды ұйымдастыру формасы, тұрақты кесте және бәріне ортақ оқыту бағдарламасымен сабақ өткізу. Бұл формада оқу – тәрбие процесінің барлық компоненттері – мақсат, мазмұн, құралдары, әдістері, ұйымдастыру және басқару қызметі және оның барлық дидактикалық элементтері қарастырылады. Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысаны. Сабақ уақыты қысқа, сондықтан ол күрделі және жауапты кезең, себебі сабақтың сапасы оқушының дайындығына тікелей әсер етеді.
Сабақтың негізгі сипаты оқытушылық – тәрбиелік және дамытушылық міндеттерін қалыптастыру, мазмұнын таңдау, құрал – жабдықтармен байланыс, оларды оқытуда пайдалану, олардың мазмұны, сабақ барысында оқушылар нәтижелерін сабақты тексеру мен бағалауды ұйымдастыру, оқушылармен, жекелеген оқушылармен жұмыс арқылы сипатталады.
Соңғы уақыттарда сабақтың тиімділігіне, ерекшелігіне көңіл бөлінеді.
Қазіргі сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар:

  • білімдік міндеттерді нақты қою, олардың дамуға және тәрбиеге ықпалын анықтау;

  • оқу бағдарламасының талабы мен сабақтың мақсатына сай, оқушылардың білім деңгейлеріне қарап сабақты жоспарлау, оқушылар меңгерген ғылыми білімдерді, іскерлік дағдыларды аңықтап отыру;

  • оқытудың тиімдірек әдістерін, тәсілдерін және құралдарын таңдау, оқушыларды ынталандыру, меңгеру барысын бақылау, танымдық белсенділікті арттыру, ұжымдық және жеке жұмыс түрлерін ұштастыру, өздік жұмыстарды ұйымдастыру;

  • оқыту принциптерін қолдану;

  • оқушылардың жақсы оқуына жағдай жасау.

География сабағының көптеген аспектілері бар.
Оқу – тәрбие процесінде сабақтың мақсаты мен міндеттері, мазмұны, оқытудың әдістері мен құралдары, оқытуды ұйымдастыру қызметінің негізгі формалары (фронтальді, жекелей, топтық ) сабақтың негізгі компоненттері болып табылады.
Қазіргі география сабағының негізгі көрсеткіші – оның мақсатын қою болып табылады. Яғни, оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыруда білім мазмұнының барлық компоненттерін: білімін, біліктілігін қалыптастыруға бағытталады.
Сабақтың мақсаты мен мазмұнын анықтауды мынадай сұрақтарға жауап беруі керек, яғни, нені игеру керек, қандай мазмұнын игеру керек және мазмұнының бағалылығын бағыттау қандай болу керек?
Қазіргі география сабағының екінші негізгі көрсеткіші – сабақта мұғалімнің қызметі мен рөлінің өзгеруі. Бұрын сабақты игеру мен меңгерту мұғалімнің міндеті болса, қазіргі уақытта, мұғалім – оқушылардың кеңесшісі және көмекшісі, оқу қызметін ұйымдастырушы. Мұғалім сабақтың мазмұнын, мақсатын, оны игеру жолдарын, оқу тапсырмаларын оқушының анықтауына көмектеседі, кеңес береді. Қазіргі сабақтағы ең бастысы – географиялық ақпарат көздеріне (оқулық, анықтамалық, атлас, жұмыс дәптері, практикум, баспасөз материалдары, т.б.), оқу есептерін шешуге, оқу материалдарының мазмұнын құруға оқушылардың өзіндік танымдық қызметі негізгі рөл атқарады.
Қазіргі география сабағының негізгі көрсеткіштерінің тағы бірі – оқушы мен мұғалімнің бірлесіп қызмет істеуі. Мұнда оқушы қызметі мотивациясына көбірек көңіл бөлінеді.
Қазіргі география сабағының тағы бір негізгі көрсеткіші – оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруындағы топтық оқу қызметі.
Оқу процесінде, күнделікті сабақта оқушылар бір – бірімен аз араласады, ал қазіргі уақыттағы сабақ топтық оқыту да оқушының жеке дамуына бағытталады, бірақ онда әрбір оқушының жеке дамуына ерекшеліктері де есепке алынады. Осының нәтижесінде оқушы мен мұғалім арасында тұлғаның көпшілдік, еңбексүйгіштік т.б. жеке қасиеттері дамиды.
Қазіргі сабақ сабақ кестесінен тыс болуы да мүмкін, яғни сабақты мұражайда, экологиялық сабақ ретінде, кітапханада да өткізуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет