Смж 3 дәрежелі құжаты поәҚ поәҚ 042-18-36. 1



бет10/47
Дата01.05.2018
өлшемі22,12 Mb.
#40376
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   47

Кораллина- Corallina туысы -қауырсынды тармақталған, аласа келген әдемі өсімдік. Тік өсетін сабағы және бүйірлік бұтақшалары буындардан тұрады. Тік сабағы шашақ типті құрылысты келеді, оған сіңген. Қабаттың өсуіне байланысты бірнеше қабықты қабат түзеді. Одан гипоталлий мен периталлий қабаттарын айқын байқауға болады. Бұтақшаларының ұштарында апикальды клеткалар, бүйір жақтарында жамылғы клеткалар орналасқан.

Гигартиналықтар- Gigarthinales қатарында жататын балдырлар әр түрлі құрылымды. Платома-Рlatота туысының қабаты тармақталған тығыздау келген цилиндр пішінді бұтақшалардан құрылады. Карпогон төменгі қысқа бұтақша клетканың бірінен тізіледі, ал дәнекер жіпшелер карпогонның өзінен ұзарып өседі де, ауксилярлы клеткамен қосылады. Ауксилярлы клетка қызметін көршілес жатқан белгілі мөлшерге дейін ғана өсе алатын бұтақшаның бір клеткасы атқарады. Гонимобластаның алғашқы клеткасы жоғары қабатқа қарай бөлшектенеді. Гонимобластар ассимиляциялаушы жіпшелердің арасында орналасады. Зональды бөлінетін тетраспорангия қабаттың әр жерінде бытырап жатады. Бұл қатарға барлық теңіздерде көп тараған филлафора- Рһуllорһоrа (58-сурет,1), гигарти-Gigartina, хондрус- Chondrus - тар (52-сурет, 5,4) жатады. Бұлардың жалпы құрылыстары ұқсас бір- бірінен көбею органдарының құрылыстарының ерекшелігі арқылы айырылады.

Родимениялықтар-Rhodymeniales қатарына қабаттың цилиндр пішіннен пластинка пішініне дейін дамуы байқалады. Анатомиялық құрылымы күрделі, көп бөлікті типті, кейде тармақталып келеді. Клеткалары көп ядролы, хлоропласттары бір не бірнешеу пластинка не таспа пішінді, пиреноидсыз. Қабаттың ұзарып өсуі апикальды. Жыныссыз көбейюі тетраспоралар арқылы болады. Сперматангия қабаттық бетінде құралса, карпогон ішкі қабатынан құралады. Ауксилярлы клетка ұрықтануға дейін карпогон өсетін тармақталған жіпшелердің клеткаларынан түзеледі. Даму кезеңінде сыртқы және ішкі құрылымы жағынан бір-біріне ұқсас гаметофит пен спорофиттің ауысуы байқалады. Жылы теңіздерде көп тараған өкілі ломентария- қабаты түтікті, іші қуыс, бұтақты келеді.

Солтүстік теңіздің жағалауларында кең тараған саусақ салалы родимения- Rhodутепіа раlтаtе балдырын кейінгі уақытта родимения қатарынан бөліп, жаңа Palmariales қатарында Palmaria palmate жіңішкерген бөлімі арқылы төсемікке бекініп тіршілік етеді. Жеке қатарға бөлуге себеп болған қысқа сағағы бар тетроспорангиясының болуында. Пальмарияда аталық және аналық гаметофиттері морфологиялық жағынан әр түрлі. Ұрықтанғаннан кейін зиготадан диплоидты тетраспорофит дамиды, ал тетраспорадан гаплоидты аталық және аналық гаметофиттер өседі.


Церамиялықтар-Ceramiales қатарына 1500-дей түр жатады. Бұлардың барлығына тән - прокарп. Ауксилярлы клетка тек ұрықтанғаннан кейін түзеледі. Ұрпақ ауысуы үш кезеңде өтеді. Гаметофит, карпоспорофит және тетраспорофит бірінен кейін бірі ауысып отырады. Гаметофит пен тетраспорофит құрылымы жағынан бірдей. Барлық церамиялықтар құрылымы бір білікті типтен тұрады, Каллитамнион - Сallithатпіоп туысы. Қара теңізде кездесетін, ашық қызыл түсті, ұзындығы 3-6 см әсем бұтақша түзетін балдыр. Жіптері көп ядролы клеткалардан құралады. Делесерия -Delesseria туысының қабатты қысқа сабақтан және жапырақ пішінді бір қабатты қауырсын жүйкелі қызғылт түсті пластинкадан тұрады. Бұлар онтогенезін тарамдалған жіп тәрізді формадан бастайды. Апикальды клеткалардың бөлінуі арқылы пластинка өседі. Макрофитті балдырлардың ішіндегі ең әдемісі Полисифония-Рolysiphoniа туысы сырт пішіні әр түрлі жіңішке жіптесінді, тарамдалған қабаттарында клеткалары белгілі бір ретпен орналасқан. Әрбір буыны ортаңғы клеткадан және оның маңындағы формасы мен ұзындығы біркелкі клеткалардан құрылады. Мұндай құрылымды полисифон деп атайды. Өсуі - апикальды. Тарамдалған уақытта апикальды клетка қисық бөлінеді де, пайда болған сына сияқты сегменті бір бұрышына қарай өсіп, бүйірлік бұтақшаның бастамасын береді. Полисифияның көптеген түрлері кабықпен қапталған. Даму кезеңінде морфологиялық құрылымы жағынан бірдей гаметофит пен тетраспорофит ауысып отырады.

Таралуы. Қызыл балдырлардың көбісі жылы теңіздердің түбінде рифтерге, жартастарға, ірі тастарға (валундарға), тірі организмдерге бекініп өседі. Көпшілік уақытта тіршілік ортасы жиі өзгеріп отыратын литорал зонасында да көп тараған. Судың шашырандысы жетіп тұратын жартастарда Вапgіа мен Роrрһуrа жиі кездеседі. Судың терең қабаттарына өтетін күннің жасыл, көгілдір және көк сәулелерін қызыл пигменттердің жақсы ұстап, фотосинтез қызметіне қатысуына байланысты қызыл балдырлар терең суларда да өседі. Аздаған түрлері таза, тұщы суларда жэне құрлықта да тараған.

Теңізде тіршілік ететін қызыл балдырлардың ішінде эпифиттер мен эндофиттері жиі кездеседі. Эпифиттер басқа балдырларды, жануарларды, су өсімдіктерін мекендеп, панасы ретінде пайдаланады. Эндофиттердің қабаты иесінің тініне батып жатады, оның бетіне тек көбею органдары ғана шығады. Фотосинтез құбылысына қабілетті келеді. Қызыл балдырлардың ішінде паразитті, жартылай паразитті тіршілік ететін түрлері де кездеседі. Паразитті тіршілік ететін түрлерінің қабаты иесінің үстінде шар не қалақ пішінді өскінділер түрінде орналасады. Қызыл балдырлардың табиғатта маңызы ерекше, ол органикалық заттар түзеп, су жәндіктерінің қоры болып есептеледі, екіншіден судың табиғи тазаруына, органикалық заттардың ыдырауына, ал Соrаllіпа балдыры маржан рифтерінің құралуына қатысады.

Аэрофитті формалары дымқыл топырақта, қабырғаларда, тастарда, ескі оранжереяларда тараған. Бір клеткалы Роrрһуrіdіит балдыры топырақта азот қосылыстары мол болса жақсы өседі.

Шаруашылықтағы маңызы.Көпшілік қызыл балдырлар шаруашылықта жиі қолданылады. Оның құрамында көп мөлшерде күрделі коллоидты қосылыстар - фикоколлоидтар болады. Одан агар, полисахарид каррагенин жэне агароидтер алады. Агарды Grасіlаrіа, Gelidiит жне тағы басқа балдырлардан өндіреді. Агарды медицинада, микро- биолгия, кондитер, қағаз және мата өндірістерінде кеңінен қолданады. Басқа фикоколлоидтардың ішінде ерекше орынды каррагенин, агароидтар алады. Каррагенинді негізінен Сһопdrus-тан, агароидты Рһуllорһоrа-дан өндіреді. Қызыл балдырларды басқа балдырлармен бірге, балдыр ұнын өндіруде де пайдаланады. Оны үй жануарларының азығы және тыңайтқыш ретінде қолданды. Теңіздің біраз қызыл балдырынан салат және етке, балыққа қосып көп елдерде тамаққа пайдаланады. Олардың ішінде ерекше орынды Rhodymenia мен Роrpһуrа алады. Шығыс Азия жэне Гавай аралдарының халықтары оны тамаққа пайдаланады. Жапонияда Рогрһуга балдырын тамақ үшін өсіреді. Бұрын Рһуllорһоrа балдырынан йод өндіретін.

Қызыл балдырлардың филогенезі. Қызыл балдырлар - алуан түрлігіне, өте ерте заманда қалыптасқан организмдер болуына қарамастан, біртекті табиғи топ. Олардың қазба қалдықтары кембрий, силур және девон дәуірінен белгілі. Талшықты қозғалыс стадиясының болмауы, пигменттерінің құрамы мен тилакоидтарының дара орналасуы жағынан, биохимиялық, физиологиялық ерекшеліктеріне, құрылысына қарай көк-жасыл балдырлардан шықты деп қарауға болады. Алайда, клеткалық құрылымына және күрделі құрылымды жынысты көбеюлеріне қарағанда бұл екі топты бір-біріне жақындастыру өте қиын.

Дегенмен, бұл екі балдыр тобын байланыстыратын форма ретінде Суапidіит-ді алуға болады. Алайда, кейбір ғалымдар Cyanidium coldarum-ның құрамында Суапорһоrа- дағыдай цианелла болатындығына күмәнданады. Сонымен бірге, қызыл балдырлардың көк-жасыл балдырлардан шыққандығын қиындататын мәселенің бірі -эукариоттылардың эволюциялық дамуында. Дегенмен, қызыл балдырлардың ерте уақытта басқа балдырлармен байланыссыз ажырасып кетуінде. Мұны көптеген авторлардың филогенетикалық нобайларынан байқауға болады.

Алғашқы қызыл балдырлар бір клеткалы болуы мүмкін, одан тарихи дамудың ерте кезеңінде қарапайым жіптесінді формалар шығуы тиіс. Қазба қалдықтардың жеткіліксіз болуына байланысты флоридея класының филогенетикалық нобайын жасау қиынға соғады. Алайда, криптонема қатарына жататын Соrallina тұқымдасының тасқа айналған қалдықтарына қарағанда кембрий дэуірінің орта кезінде пайда болып, ордовик дәуірінде қаулап өскендігін байқауға болады. Олардан клеткалары уақ осы уақыттағы Соrallinа шығуы тиіс. Мезозой дәуірінің бор кезеңінде осы күнгі уақытта кездесетін флоридея класына жататын Lithothamnion сияқты көптеген туыстар қалыптаса бастаған. Мүндай балдыр шар формалы, 50-200 метр тереңдікте кездеседі және өте жай өседі, 800-дей жылдарда диаметрі 30 см жетеді. Қызыл балдырлардың ішінде ең қарапайымы – бангиялар.Флоридеялар класының ішінде ұрпақ ауысуы болмайтын, ауксилярлы клеткаларымен гонимобластылары жоқ немалион тұқымдасы шығу тегі жағынан бангияларға жақын тұрады.Карпоспора ұрықтанған карпогоннан түзіледі және екеуі де моноспоралар арқылы жыныссыз көбейеді. Моноспоралар көбінесе жыныс органдары өскен дарақтарда дамиды.

Флоридея класында эволюциялық дамудың біртіндеп күрделене түсе бастағаны байқалады. Криптонемалықтардан эволюциялық дамудың келесі сатысына келтірілгенін байқауға болады. Бұларда ерекше ауксилярлы клеткаларының түзілуі, карпогоннан бірнеше цистокарпий клеткаларының кұралуын қамтамасыз етеді. Мұның өзі карпоспора өнімдерінің көбеюіне әкеп соғаы. Күрделі эволюциялық даму сатысына церамиялықтар жеткен. Мұнда ауксилярлы клеткалар тек ұрықтанғаннан кейін ғана түзіледі жене прокарпилері болады, тетраспорлар арқылы жыныссыз көбейеді. Изо - жэне гетероморфты ұрпақ ауысулары байқалады. Ұрпақ ауысу гаметофит, карпоспорофит, тетрапорофиттер деген үш кезеңнен өтеді. Тетраспора, гаметофиттер, одан түзелген аталық және аналық жыныс элементтері гаплоидты, ал карпоспорофит, карпоспора, тетраспорофит диплоидты болады.


Қолданылған әдебиеттер:

1. Абдрахманұлы О. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Астана 2012 ж

2. Әметов Ә.Ә. Ботаника. - Алматы, 2000

3. Вассер С.П., Кондратьева Н.В. Водоросли. 1991.



Дәріс 8. САРҒЫЛТ ЖАСЫЛ - XANTPHYTA НЕМЕСЕ ӘР ТҮРЛІ ТАЛШЫҚТЫ-HETEROCONTOPHYTA БАЛДЫРЛАР БӨЛІМІ


Қарастырылатын сұрақтар:

1. Сарғылт-жасыл балдырлардың жалпы сипаттамасы

2. Жасуша құрылысы

3. Сарғылт-жасыл балдырлардың көбеюі

4. Сарғылт-жасыл балдырлардың систематикасы

5. Сарғылт жасыл балдырлардың филогенезі

Жалпы сипаттамасы. Әр түрлі талшықты балдырлар көптеген морфологиялық ерекшеліктері арқылы сипатталады. Олардың ішінде барлық структуралық қүрылыстар: амебоидты, монадалы, пальмеллоидты, коккоидты, жіптесінді, әр түрлі жіптесінді, пластинкалы және сифондылар кездеседі. Сонымен, бұл бөлім вегетативтік кезеңінде қозғалғыштығын сақтайтын түрлермен бірге, көбінесе қозгалмайтын бір клеткалы, қауымды, көп клеткалы және клеткалы құрылысы жоқ организмдерден тұрады. Басқа балдырлардан басты айырмашылығы - талшықтарының әр түрлі ұзындықта және құрылысының да әркелкі болуында. Екі талшықтың бірі ұзын, ол алға қарай бағытталған және қауырсын құрылымды болып келеді. Екіншісі қысқа, артқа қарай бағытталған, жай құрылымды. Екінші бір ерекшелігі - түстерінің сарғылт жасыл болуы, оның хлоропластасында хлорофилдің а, с пигменттерінен басқа, сары түсті лютеин, виола-, антера-, зуе-, во- шериа-,гетеро-, диадино-, диато-, неоксантиндердің болуында. Соған орай, көпшілік уақытта сарғыш, қоңыр сарғыш, сарғыш жасыл, кейде көкшіл түсті болып келеді. Хлорофилл в жэне қ оңыр, жылтырауық сары, диатомды балдырларға тән фу- коксантан пигменттері әр түрлі талшыктарда болмайды.

Жасуша кұрылысы. Клетка құрылыстарында да бір-бірінен айыр машылықтары бар. Қарапайым амебоид, монада, сирек гемимонада құрылымды түрлерінде клетка қабықшалары жұқа, нәзік плазмалеммадан тұрады. Мұның өзі жалған аяқтар шығарып, формасын өзгерте алады. Екінші Сһlorocardion сияқты түрлерінде клетка қабықшалары жұқа, нәзік, бірақ жалған аяқтар шығарып, дене формасын қалай болса солай өзгерте алмайды. Мұндай организмдердің клетка қабықшасы перипласттан тұрады.

Кейде «жалаңаш» клеткалардың сыртында қоңыр түске боялған үй-шіктері болады. Басым көпшілігінің клетка қабықшасы пектинді, аздаған түрлерінде целлюлозалы, кейде пектинмен целлюлоза араласып келеді. Клетка қабықшасы көшпілігінде тығыз орналасады. Клетка қабықшалары бүтін не екі жартыдан тұрады. Кейінгілерінде кебінесе тең не тең емес екі жартыдан немесе бірнеше бөліктерден тұрады. Жіптесінді формалары мұндай жағ- дайларда әр түрлі ортаның әсерінен клетка қабықшалары ң әріпі тәрізді бөлшектерге ажырасып кетеді. Кейбір өкілдерінде клеткаларына әктас, кремнезем сіңген әр түрлі орнаменттері болады. Клетка қабықшалары кейбір өкілдерінде скі қабатты қабықтан, ішкі целюолозадан, сыртқы пектиннен тұ- рады. Тығыз клетка қабықшасы организмге белгілі форма беріп, протопластқа жанаса тығыз орнасады. Кейде кілегейленуіне байланысты протопласттан алшақ жатады. Клетка бір ядролы, сирек көп ядролы. Ядро клетканың есеюі кезінде және көбейер алдында сандары артады. Көп ядролылығы көбінесе сифонды құрылыстыларға тән. Ядроларында ядрошықтары болады. Хлоропласталары астауша, дөңгелек, лента, жұлдыз пішінді, бірден бірнешеуге дейін барады. Шеттері тегіс қалақты немесе бірнеше бөліктерге тілімделген, клетканың қабырғалық қабатына қарай орналасады, сирек жағдайда ғана клетканың орталық бөлімінде жатады. Хлоропласттарын эндоплазматикалық тор қоршап жатады да, хлоропласты қабықшасы мен қоса төрт қабатты мембрана системасын кұрайды. Хлоропласттың стромасында параллель орналасқан үш тилакоидты ламелласы, ал көпшілігінде қоршай орналасқан ламелласы болады. Хлоропласттың электрондық қүрылымы коңыр, жылтырауық сары және диатомды балдырлардың хлоропласттарына ұқсайды. Кейбір түрлерінде ғана пиреноидтары болады, ол пластидте орналасады. Қор заты ретінде крахмал жиналмай, май тамшылары, хризоламинарин және волютин жиналады.


Монада, амебоид құрылымды қозғалғыш өкілдерінде хлоропласттың алдыңғы жағында орналасқан көзшесі болады. Xanthophyceae класында көзше хлоропласттың бір бөлігі болып есептеледі. Ол хлоропластта мембрананың астында орналасады. Ал Eustigmatophyceae класының зо- оспорасында хлоропласттан тысқары орналасқан. Монада қүрылымды өкілдерінің гетероконтты, гетероморфты, гетеродинамикалық талшықтары болады. Алға қарай бағытталған негізгі ұзын қауырсынды талшығы қозғалыс қызметін атқарса, артқа қарай бағытталған қысқа, қауырсынсыз талшығы бағыттау қызметін атқарады. Екі талшығы да апикальды, супапикальды немесе вентральды талшық ойығынан шығады. Талшықтарының сыртында мастигонема деп аталатын өте қысқа, жіңішке латеральды түкті өсінділері болады. Артқы талшықтың түбінде қомпиған парабазальды денешігі орналасады.

Vаисһегіа балдырының синзоос- морасының көптеген барлық талшық- іары тегіс, ұзындықтары біркелкі дэрежеде, ал антерозиодтарының бір мары гетероморфты, гетероконтты, гетеродинамикалық талшықты. Мо- пада, амебоид құрылымды формаларының жиырылғыш вакуолясы болады, ал ащы теңіз суларында тіршілік ететін түрлерінде болмайды. Жиырылғыш вакуолялардың саны да әрқайсысында әр түрлі, 1-2 кейде көп. Басқа қүрылысты формаларда оііың дамуының алғашкы сатысында ғана болуы мүмкін.

Көбеюі. Бір клеткалы формаларында клетканың тең екіге бөлінуі,

қауымды, көп клеткалы формаларында қабаттың фрагментациялануы не жеке клеткаларға бөлшектенуі арқылы вегетативтік көбейсе, Heamatococcus сияқты түрлерінде саусақ пішінді бір не көп клеткалы өсінділердің аналық организмнен үзіліп түсулері арқылы көбейеді. Ал Vаuсһеrіа регенерация жолымен қабаттың зақымдалған не тіршілігін жойған бөлімдерінде перделер пайда болып, организм қайтадан алғашқы тіршілік қалпына келеді. Вошерия балапан бүршіктер арқылы вегетативті жолмен көбейеді. Жіптесінді формаларында акинеттер түзіледі. Жыныссыз көбею амебоидтар, зо- оспоралар, синзооспоралар, гемизооспоралар, автоспоралар, синав- тоспоралар, апланоспоралар, синапланоспоралар, гипноспоралар түзілу арқылы болады. Амебоидтар арқылы көбею тек амебоид құрылымды балдырларға тән. Кей уақытта вегетативтік бір клеткалы формадан пайда болған зооспоралар талшықтарын тастап, амебоидты формаға айналады. Зооспора арқылы көбею көп тараған. Зооспора, қозғалмайтын апланоспора клеткаішілік протопласт заттарының екінші рет бөлінуінен түзіледі. Зооспоралардың формалары әр түрлі. Оның бір ядросы, көзшесі, талшығы, жиырылғыш вакуолясы, бір хлоропласты болады. Вошерия синзооспора арқылы көбейеді, оның көптеген ядросы, хлоропласты, көптеген изоморф- ты, изоконтты талшықтары болады. Гемизооспораның спорадан айырмашылығы жиырылғыш вакуолясы мен стигмасы болады, талшықтары болмайды. Кейбір хантофиттер жетілмеген зооспоралар немесе геми- автоспоралар арқылы көбейеді, Көпшілік әр түрлі талшықтылардың даму кезеңінде, әсіресе коккоидты кұрылымдыларда автоспоралар арқылы көбею кең тараған. Мұндай споралар аналық клетканың ішінде жатқанда қабыққа оранады. Аплоноспоралар арқылы көбею көптеген трихальды, гетеротрихальды, жалған паренхимозды фор- маларға тэн. Сифонды қүрылымды Vаисһеrіа, Воtrydiиm синапланоспоралар арқылы да көбейеді. Кейбір Воtridiopsis сияқтылар қалың қабықпен қапталған қор затына бай, ты- ныштық жағдайына көшкен гипноспоралар арқылы көбейеді. Кейде оның сыртына әр түрлі түздар жиналып, бүдырланып келеді. Акинеттер мен гипноспоралармен қатар, қолайсыз жағдайларға төзімді, тынышталған эндогендік цисталар да құралады. Қолайлы жағдайларда өсе келе зооспораларға, амебоидқа айналады. Бір ядролы цисталармен бірге көп ядролы цисталарда құралады. Кей жағдайда ботридиумның барлық қабаты көп ядролы макроцистаға айналады.

Жынысты көбею. Оогамиялы жыныс процесі Vаисһеrіа -да, ал изо- гамия арқылы көбеюі ғана болады. Жыныс органдары антеридий, оогоний бір өсімдікте, сирек әр өсімдікте өседі. Антеридийден дамыған қос талшықты ан- терозоид оогониге еніп, жұмыртқа клеткасын ұрықтандырады. Зигота немесе ооспора бірнеше қабатты қалың қабыққа оранып, тыныштық жағдайынан кейін өсе келе жаңа өсімдікке айналады. Зиготалық мейоз толық дәлелденбеген, алайда вошерияның даму кезеңі гаплоидты деп есептеледі.

Сарғылт жасыл балдырлардың жүйесі. Морфологиялық жағынан жасыл балдырлармен ұқсастығына байланысты көпшілік уақытқа дейін әр түрлі талшықтыларды жасыл балдырларға жатқызып келді. 1899 жылы А. Лютердің ұсынысы бойынша, жеке группаға бөліп, әр түрлі талшықтылар деп атады. Алайда, әр түрлі талшықтылар деген ат жалпы балдырлар жүйесіне келмейді, оның себебі жылтырауық сары және қоңыр балдырларда да әр түрлі тал шықтары бар. Сондықтан 1930 жылы Хапtһорһусеае деген ат берілді. Әр түрлі талшықты балдырлардың негізгі жүйесі тең талшықты жа- сыл балдырларға сәйкес келеді. Сондықтан бұлар жасыл балдыр- лармен параллель эволюциялық дамуына байланысты теориялық маңызы ерекше. Сарғылт жасыл балдырларға әр түрлі құрылымды 2500 түр жатады. Бұл бөлім нашар зертгелген балдырлар. Соған байланысты бұл балдырлар тобын жіктеуде ортақ пікір жоқ. Соған қарамастан, кейінгі уақытта көпшілік альголокгар: ксантоподалылар, ксантомонадалылар, ксантокапсалылар, ксантококкалылар, ксантотрихалылар, ксантосифондылар, эустисматалылар деп 7 класқа бөлінеді

Ксантоподалылар - Хаnthopodophyceae класы

Бұл класқа ең қарапайым амебоид құрылымды сарғылт жасыл балдырлар жатады. Басты ерекшелігіжүқа, нэзік плазмолемма жэне нерипласт клетка қабықшасының болуында, соған орай жалған аяқтар шығарып, амеба сияқты дене пішінін озгерте алады. Ксантоподалыларға изохлоридалықтар — Rhizochloris бір клеткалы не қауымды, суда бос жүзіп жүретін не жіптесінді балдырларға бекініп тіршілік ететін организмдер жатады. Басты өкілі хлорамеба - Бір клеткалы, жалаңаш, қысқа жалган аяқтар шығарып, амеба жағдайына көше алатын организм. Хлоропласты 2-6- ға дейін баратын дөңгелек пішінді, ядросы біреу, бір жиырылғыш вакуо-лясы бар. Көзшесі болмайды, сирек ксздеседі. Ризохлорис - бір клеткалы организм. Жұқа, нәзік перипласт клетка қабықшасының болуына байланысты жалған аяқтар шығарып, дене піші- нін өзгертеді. Клеткасында сарғылт жасыл 2-3-ке дейін баратын дөңгелек, жұқа хлоропласты, бір ядросы, жиырылғыш вакуолясы, күңгірт қызыл көзшесі болады. Клетканың екіге бөлінуі арқылы көбейеді. Тұщы суларда, қор заттары аз бөгетте, терең, сулы шұңқырларда кездеседі. Автотрофты және жалған аяқтары мен қатты түйіршіктерді қармап ұстап, голозойлы да қоректенеді.

Сфагнум жапырақтарының клеткаларында көп ядролы ірі плазмодий түрінде миксохлорис- кездеседі. Оның көлденең дөңгелек хлоропласттары, жиырылғыш вакуолялары болады.

Ксантомонадалылар - Xanthomonadophyceae класы

Бұл класс, атына орай, монадалы кұрылымды болып келуімен сипатта- лады. Басты ерекшелігі - тең емес екі талшығының болуы арқылы судың терең қабаттарында еркін қозғала алуында. Негізінен, біртекті қүрылысы бар бір клеткалы аздаған организмдер жатады, қауымды формалары белгісіз. Негізгі өкілі гетерохлорис, бір клеткалы, дорзовентральды құрылысты, денесінің алдыңғы жағында тең емес екі талшығы бар. Перипласт клетка қабықшасының болуына байланысты клетка формасын өзгерте алады. Клеткасында астауша пішінді 2 немесе бірнеше қабырғалық қабатқа қарай орналасқан хлоропласгтары, денесінің аддыңғы жағында бір жиырылғыш вакуолясы, клетканың ортаңғы бөлімінде бір ядросы болады. Клетканың екіге бөлінуі арқылы вегетативтік көбейеді. Қор заты ретінде хлоропластында лейкозин, май тамшылары жиналады. Бұлар миксотрофты да қоректене алады. Тұщы суларда, бөгет- тердің жиектерінде жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің арасында кездеседі


Ксантокапсалылар – Xanthocapsophyceae классы

Бұл класта қабат кұрылымыныц күрделеніп, оның ілгері қарай дами түскені байқалады. Пальмеллоидты құрылымды болып келуімен си- патталады. Ксантокапсалылар класының өткен кластардан басты айырмашылығы - қозғалмай тұщы, аздаған түрлері ащы суларда бекініп не суда қалықтап тіршілік ететін қауымды, сирек бір клеткалы, пальмеллоидты құрылымды организм болуында. Клеткалары бір ядролы, хлоропласттары біреу не бірнешеу, жиырылғыш вакуолясы бір-екі, кейде болмайды, көзшесі сирек. Клеткалары қалың кілегейдің ішінде ретсіз бос жатады не кілегейдің шетіне қарай белгілі бір ретпен орналасады. Кілегей ішінде орналасқан клеталардың белгілі формасы бар, дөңгелек пішінді, кілегейдің түбінде жатады. Оның клетка қабықшасы, талшығы болмайды. Қауымының ұлғаюы клеткаішілік затының бөлінуі арқылы болса, көбеюі қауымының фрагментациялануы және зооспора не гемиавтоспора арқылы болады. Қолайсыз жағдайларда циста құрады.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет