Смж 3 дәрежелі құжаты поәҚ поәҚ 042-18-36. 1



бет12/47
Дата01.05.2018
өлшемі22,12 Mb.
#40376
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   47

Қолданылған әдебиеттер:

1. Абдрахманұлы О. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Астана 2012 ж


2. Әметов Ә.Ә. Ботаника. - Алматы, 2011ж
Блок 4 Саңырауқұлақтар –Mycota бөлімі
Дәріс 10. САҢЫРАУҚҮЛАҚТАР - МҮСОТА НЕМЕСЕ FUNGI БӨЛІМІ

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Саңырауқұлақтардың жалпы сипаттамасы.

2. Саңырауқұлақтардың жасуша құрылысы.

3. Саңырауқұлақтардың көбеюі.

4. Систематикасы.

Саңырауқұлақтар төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көп ырағаны, олардың 100000-дай түрі баяндалған болса, ғалымдардың зерттеуі мен болжамдарына қарағанда болашақта 200000-дай түрі сақталып баяндалу керек дейді.Саңырауқұлақтар әр түрлі эколоимілық жағдайларда суда, басым көпшілігі құрлықта, кейбіреулері оптикалық материалдарда, полимерде, тіпті керосинде тіршілік етіп, органикалық дүниеде ерекше орын алады. Бұлардың да клетка қабығының қүрамында хитиннің болуы, азотты жэне көміртекті айналымы, мочевинаның түзілу, қор заты ретінде гликогеннің жиналуы жағынан жануарларға ұқсасы болса, қозғалыс жағдайының болмауы қоректік заттарды барлық денесімен сорып алуы, үздіксіз өсіп үлғаюы, клетка қабығының болуы зигогамиялық жынысты көбеюі жағынан өсімдіктерге ұқсас келеді. Басқа өсімдіктерден басты айырмашылықтары пластидтері, хлорофилі болмайды. Бұлар - дайын органикалық заттармен қоректенуге бейімделген гетеротрофты организмдер. Саңырауқүлақтар - тез өсіп көбейетіндіктен, табиғатта аса көп тараған организм. Сонымен қатар, көпшілік саңырауқұлақтар лизинді аминоадипин қышқылының қатысуы арқылы синтездесе, барлық өсімдіктер диаминопимелин қышқылы арқылы синтездейді. Саңыраукұлақтар ферменттерге бай келеді.

Көпшілік саңырауқұлақтардың вегетативтік денесі тарамдалып, матасқан гифалардан - жіңішке жіпшелерден тұрады. Бұлар бір-бірімен матасып, грибница немесе мицелий деп аталатын саңырау- құлақтың денесін құрайды. Гиф са- ңырауқұлақтың негізгі морфология- лық құрылымы, ол цилиндр пішінді түтік. Саңырауқұлақ гифасы ұшынан-апикальды үз діксіз өсіп отырады. Гифалардың жуандығы 1-ден 10, кейде 20 микронға дейін барады.

Көпшілік саңырауқұлақтардың мицелийлері төсеміктің ішінде жатады. Төсеміктің бетінде жемісті денесі немесе спора тасушы орган- дары орналасады. Олар шар, таға, қабық сияқты, қалпақты түбірге үқсас жэне т.б. пішінді болады. Гифалар төбе клеткалары арқылы ұзарып өседі жэне моноподиальды бұтақтанады. Бүйірлік мицелийлер негізгі мицелийлерге ұқсайды. Тек па- разитті саңырауқұлақтардың көбісі иесінің клеткасының ішіне еніп жататын бүйірлік мицелийлері әрі қарай өспей клетка ішінде шар, алмұрт немесе тарамдалған гаусторияға айналады, сөйтіп иесінің клетка- сындағы қоректік заттарды сорып, тіршілік етеді. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың кейбіреулерінде мицелий болмайды, вегетативті денесі жалаңаш не қабықшасы бар протоплазмадан тұрады. Мұндай саңырауқұлақтардың клеткаларынан тарамдалған өте жіңішке, ядросы жоқ қысқа жіпшелер - ризомицелий өседі. Ол мицелийдің алғашқы нышаны болып есептеледі.

Оомицеттерде нағыз мицелий көлденең перделерге бөлінбеген, яғни клеткалы құрылысы жоқ, көп ядролы, сыртқы пішіні жағынан сифонды балдырға ұқсас. Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың мицелийлері көлденең перделерге бөлінгеи ком клеткалы. Олардың перделеріпди клеткаларды бір-бірімен байланыстырып тұратын өте ұсақ саңылаулары болады.

Саңырауқұлақ клеткасы клетка қабықшасынан,цитоплазмадан, Гольджи аппаратынан, ядро, митохондрия, рибосома, лизосома, эндоплазиматикалық тор, ломосома, вакуоля және қор заттарынан тұрады. Клетканың сыртқы қабықшасы аморфты, ішкісі біркелкі микрофильді келеді. Оның кұрамында 80-90% белокпен байланысқан полисахарид, липид, полифосфат, меланин және басқа пигменттер болады. Клетка қабықшалары саңыраукұлақтардың әр тобында әр түрлі. Көбінің клетка қабықшасының құрамында насекомдар қабықтарының хитиніне ұқсас хитин заты және полисахаридтер болады. Көпшілік зигомицидтер де клетка қабықшасының құрамында хитин, хитозан, оомицеттерде целюлоза және глюканды келсе, хитридиомицеттер, аскомицеттер, базидиомицеттер, деутеромицеттердің клетка қабықшасының кұрамында хитин мен глюкан болады. Клетка қабықшасының негізгі құрамы хитин глюкандар, белок жэне липидтер болып есептеледі. Цитоплазма сыртын жұқа цитоплазматикалық мембрна плазмалемамен қоршалған. Ол клетка қабықшасы мен цитоплазманың арасынан орын алады. Оның кұрамында 10% липид, 30% белок болады. Онда керек заттарды өткізетін ферменттер жинақталған. Цитоплазма - коллоидты қоймалжың сұйык зат. Онда клетка органеллалары орналасқан. Цитоплазма жас клеткаларда, гифалардың үштарын толтырып тұрады.

Ересек клеткаларда клетканың қлбырғалық қабаттарына қарай орналасады. Гольджи аппараты көпіршік ие әр түрлі мөлшерлі пластинкалардан, диктосомадан тұрады. Барлық саңырауқұлақтарда біркелкі қалыптаспаған, көпшілік жағдайда жинақталған түрінде болады.

Ядро екі қабатты саңылаулы мембранамен қоршалған. Нуклеплазмасында ядрошықпен хромосомалары болады. Клетка ядролары саңырауқұлақтардың көпшілігінде өте кішкентай 1-3 микрондай. Ірі ядролар жыныс процесімен байланысқан органдарда ғана болады да, кейде олардың мөлшері 10 микронға жетеді. Клеткадағы ядро саны бірден бірнешеуге дейін барады. Көп ядролы клеткаларда бір ядро үздіксіз бөліну жағдайында болса, екінші біреуі тыныштық жағдайында болады. Ядро клетканың тұқым қуалау қасиетін тасушы жэне клеткада болып жатқан өзгерістерді басқарады.

Митохондрия эллипсоид пішінді, құрылымы өсімдіктердікіне ұқсас. Тек митохондрияның ішкі өсінділері-кристері әр түрлі келеді. Оомицеттер мен гифохитридиомицеттерде түк тәрізді гүлді өсімдіктеріне үқсас келсе, қалғандарында плас- тинка тәрізді. Митохондрия энергия көзі болып есептеледі. Рибосома көптеген уақ шар пішінді денешік, саны оның өсу жағдайына, фазасына, түріне байланысты. Ол белокты синтездеуге қатысады. Лизосома әр түрлі пішінді Гольджи аппаратының көпіршіктерінен бөлінетін цитоплазмада орналасқан көпіршіктер. Ол зиянды заттарды жинақтайды және протеолитикалық ферменттермен бірігіп белокты ыдыратады. Тонопласпен плазмалеманың аралыгында эндоплазматикалық тор орналасады. Ол клетканың барлық бөлімін байланыстырып жататын көптеген каналшалар мен түтікшелер, қапшықшалар жиынтығы. Ломосома - электронды түссіз клетка қабықшасы мен цитоплазма мембранасының аралыгында орналасқан барлық саңырауқұлақтарда болатын көпіршік пішінді көптеп келетін мембраналық қүрылым.

Вакуоля - шар пішінді көпшілік жағдайда белгілі формасы жоқ тонопласпен қоршалған органелла. Онда қор заттары және керексіз заттар жиналады. Ол көбінесе клетканың орталық бөлімін алып жатады. Одан клетканың жан-жағына жіңішке протоплазма жіпшелері тарайды. Вакуоля клетка шырынына толы болады. Клетка шырыны түссіз, тек аздаған саңырауқүлақтарда ан- тоциан пигментінің болуына бай- ланысты, қызғылт тартып тұрады. Саңырауқұлақ клеткаларында қор заты ретінде еш уақытта крахмал жиналмайды, май тамшылары мен гликоген, ал біраз саңырауқұлақтардп волютин жиналады. Кейбір саңырау құлақтарда әр түрлі улы заттардың жиналуы да жиі кездеседі Саңырауқұлақтардың түсі – клетка қабығында, протоплазмада, вакуоля да болатын пигменттерге байланысты. Пигменттер әр түрлі химиялык процестер нэтижесінде түзіледі Саңырауқұлақтарда жоғарғы сатыдағы өсімдіктердегідей нағыз тіндері болмайды, алайда жалған тіндср жиі кездеседі, олар өзара мат.і сып жататын, бірақ плазмодсс мамен жалғаспайтын гифалардам құралады. Жалған тін гифалардың құрылысы әр түрлі және түрліше орайласып келеді, демек олардың физиологиялық маңызы да өзгеше Оларды кейде жалған түзуші, жабындық, механикалық, өткізгіш тіндер деп бөледі .

Мицелийлердің түр өзгерістері: Саңырауқұлақтардың ұзақ уақыт бойы эволюциялық жолдан өтуіне, жаңа жағдайға бейімделуіне қарай вегетативтік дене құрылысының оидий, хламидоспора, ризоморфа, мицелиальдық тартпа, склероций, столондар, аппрессория, гаустория сияқты эр түрлі өзгерістсрге ұшыраған. Бұлар әр түрлі қолайсыз жағдайларға бейім келеді .

Оидий-артроепора мицелийлердің дөңгелек, цилиндр, эллипс пішінді жұқа қабықты ыдырауы. Ол вегетативтік көбеюге қызмет етеді.

Хламидоспора-мицелий клеткаларының бір бөлімінің протоплазмасы қоюланып, клетка кабықшасы қалыңдап буылтықтар түзеліп, гифаның біркелкі тұтастығы бұзылып, буылтық арасындағы клеткалар біртіндеп тіршілігін жоюдың нәтижесінде түзіледі.

Мицелиалдық тартпа - параллель жатқан гифалардың қалың қабықпен қапталып, кілегейлер арқылы бір-бірімен кілегейленуі, соның нәтижесінде жуандығы бірнеше милли- метрдей болатын ұзындығы бірнеше метрге жететін суды өткізетін қоңыр түсті жіпшелер. Ол саңырауқұлақтың таралу жэне өткізгіш қызметін атқарады.

Ризоморф - жақсы жетілген, дифференцияланған қалың қабық пен қабатталған мицелиалдық тартпа.

Склероций - мицелий жіпшелерінің бір-бірімен тығыз өрімделуінен құралған қатты, сусыз қор заттарымен қамтамасыз етілген дене.

Столондар - төсеміктен көтеріліп тұратын, бүлдіргеннің мұртшасы сияқты жіңішке гифалар, вегетативті көбеюге қызмет етеді.

Аппрессория - спорадан өскен, бекіну қызметін атқаратын қалақша пішінді гифаның ұшы.

Гаустория - паразитті тіршілік ететін саңырауқұлақ гифаларының клетка аралығында не ішінде қалақ, спираль, лента пішінді қоректену мүшесі.

Саңыраукұлақтардың кұрылысы, мөлшері әр түрлі. Ашытқы саңырауқұлағы бүршіктеніп көбейе алатын бір клеткадан тұрса, ағашты трутовик -Fomes саңырауқұлақтардың құрылысы күрделі, жемісті денесі көпжылдық ағаштар сияқты қатты болады. Олардың үлкендігі жылқының тұяғындай, мицелийлері жақсы жетілген көп клеткалы. Жауыншы Calvatia деп аталатын саңырауқұлақтардың кейбіреуінің үлкендігі доптың көлеміндей, кейде одан да үлкен.

Саңырауқұлақтардың мицелийлері экзогенді сыртқы және ішкісі эндогенді болып бөлінеді. Экзогенді мицелийлер төсеміктің үстінде, эндогенді мицелийлер төсеміктің ішінде, өсімдік қалдықтарының арасында. тірі өсімдіктер денесінің ішінде жатады. Эндогенді мицелийлер табиғатта жиі тараған, олар сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларыпан жақсы қорғалады және қоректік заттармен мол қамтамасыз етілген Мицелийлер төсеміктің ішінде эндогендік тіршілігіне байланысты, көп жылға дейін паразитті не сапрофиттік тіршілік етеді.

Көбеюі. Саңырауқұлақтар да балдырлар сияқты вегетативтік, жынысты, жыныссыз жолмен көбейеді (87-сурет). Бұлардың көбею органдарының құрылысы алуан түрлі, осыған негіздей отырып оларды жіктейді. Саңырауқүлақтар мицелийлердің жеке беліктерге және клеткаларға бөлу арқылы вегетативтік жолмен көбейеді. Ашытқы саңырауқүлақтары клетканың бүршіктенуі, ал басқа саңырауқұлақтар артроспоралар(оидия) хламидоспоралылар арқылы да вегетативті кобейеді. Артроспора арқылы көбейгенде мицелийлер жұқа қабығы бар клеткаға ыдыраса, хламидоспора арқылы көбейгенде қалың қоңыр түсті қабығы бар клеткаларға ,ыдыайды. Қаракүйе саңырауқұлағының белгілі даму сатысында хламидоспора шартты түрде болып отырады. Хламидоспора - қолайсыз жағдайларға жақсы бейімделген, қор заттармен қамтамасыз етілген споралар.

Әр түрлі спора тасушы органдарының құрылуы арқылы саңырауқүлақтар жыныссыз жолмен жиі көбейеді. Бүл споралар өздерінің шығу тегі жағынан эндогендік (ішкі) және экзогендік (сыртқы) болып бөлінеді. Барлық төменгі сатыдағы саңырауқүлақтар эндогендік споралар арқылы көбейеді. Олар гифалардың ұшынан өсетін спорагияларда түзіледі. Кейбір төменгі сатыдагы саңырауқұлақтардың споралары балдырлардың зооспораларына ұқсас, қозғалғыш, оны да зооспора деп атайды, олар зооспорангияларда көп мөлшерде түзіледі. Зооспоралар суда талшығы арқылы еркін қозғалады. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың көпшілігі зооспоралармен көбеймей, қозғалмайтын қалың қабығы бар споралар арқылы көбейеді. Мұндай споралар ерекше мицелийлердің ұшынан дамитын буылтық не шар пішінді спорангийлердің ішінде өседі.

Экзогендік спораларды көпшілік уақытта конидия деп атайды. Бұлар моншақ тәрізді тізбектеліп, ерекше тарамдалған не тарамдалмаған конидия сағағы деп аталатын ми- целийлердің ұштарынан дамиды. Саңырауқұлақтарды конидиялар пішіндеріңің әр түрлі болуына және олардың ерекшеліктеріне қарай бір бірінен ажыратады.

Жынысты көбеюлері де әр түрлі. Қарапайым саңырауқұлақтарда гологамия, изогамия, гетерогамия жолдарымен көбейсе, күрделі құрылыстыларында оогамия және тіркеспелі балдырлардың коньюгациясы сияқты зигогамия жолы мен көбейеді. Клеткалардың және гаметалардың қосылуынан пайда болған зигота барлық қарапайым құрылымды саңырауқұлақ біраз уақыт тыныштық күйге көшеді де, өсер алдында редукдиялы жол мен бөлінеді. Зиготадан не зооспорангийі, не спорангиі, не конидиялары бар қысқа гифалар түзіледі, олардың эрқайсысынан өздеріне тән споралар пісіп жетіледі. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың барлық тіршілік жағдайы гаплоидты, ал диплоидты болып тек зигота есептеледі. Оогамиялық жынысты көбеюде аналық жыныс органы оогоний құмыра пішінді, тар мойны трихогиннен, кеңейген құрсақ бөлімі аскогеннен тұрады. Аталық жыныс органы антеридийден сперматазоид не спермация дамиды.

Жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың көбісі жеке гаметаларға бөлінбеген, сыртқы құрылымы жағынан әр түрлі жынысты органдардың бір-біріне құйылу арқылы жынысты жолмен көбейеді. Мұндай жолмен қалталы саңырауқұлақтар көбейеді. Олардың жыныс органын архикарп деп атайды. Ол трихогина мен аскогоннен түрады. Біраз саңырауқұлақтарда жыныс органының ұрықтануы қозғалмайтын спермациялар арқылы болады. Олар насекомдармен не ауаның ағынымен таралады. Жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың біраз түрлерінде нағыз жыныс процесінің жойылғаны байқалады. Ұрықтану көпшілік жағдайда бір вегетативтік клетканың протопластасы екінші бір клеткаға жылжып барып құйылуы,яғни соматогамия арқылы болады.

Мұнда ядролар бір-бірімен бірден қосылмайды, олар тек жүп-жұбымен жақындасып, дикарион түзеді, тек плазмогамия процесі болады. Содан кейін әр түрлі жынысты ядролар бір- бірімен қосылып, ДИПЛОИДТЫ ядро криогамияға ауысады. Ядролар жынысты жолмен қосылғаннан кейін, тыныштық кезеңіне өтпей-ақ, редукциялы жолмен бөлініп, гаплоидты жынысты көбею спорасына айналады. Сонымен, көпшілік жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың даму кезеңінде гаплоидты, дикарионды және диплоидты үш фаза алмасып отырады. Қалталы саңырауқұлақтың даму кезеңінде гаплоидты база басым болса, базидийлі саңырауқүлақтарда дикариофитті мицелий басым. Сонымен, гаплоидтты, диплоидты және дикарионды фазалардың ұзақтығы саңырауқұлақ топтарына байланысты әр түрлі. Жыныс процесінің нәтижесінде пайда болған споралар біреулерінде эндогенді жолмен ерекше қалталардың ішінде 8-ден түзілсе, екінші біреулерінде базидия деп аталатын клеткалардың үстінде 4-тен экзогенді түрде түзіледі. Эндогендік спораларды аскоспора, ал экзогендік спораларды базидиоспоралар деп атайды.

Жыныссыз және жынысты көбеюлер саңырауқұлақтардың даму цикілінде заңды түрде ауысып отырады да, жынысты көбею арқылы даму кезеңі аяқталады.

Біраз саңырауқұлақтарда бір-бірінен айырмашылықтары бар жыныссыз спора түзу органдары болады. Ондай саңырауқұлақтар спора түзу кезінде сыртқы түрін өзгертіп жібереді, егер оның генетикалық байланысын білмесе, оны басқа саңырауқұлақ деп ойлауға болады. Ертеде мұндай әр түрлі жыныссыз көбею органы бар саңырауқүлақты әр түрге, тіпті кейде әр туысқа жатқызған. Сөйтіп, саңырауқүлақтың плеорморфизмдік қасиетінің бар екені, яғни бір түрге жататын өсімдіктің әр түрлі болып пішінін өзгерте алатыны байқалады.

Саңырауқүлақтардың басқа организмдерден басты ерекшелігі цитоплазмада болатын ядроның генетикалық айырмашылығы болады, оны гетерокариоз деп атайды. Бүл мутация не генетикалық жыныс айырмашылығы бар гифтердің қосылуынан түзіледі. Егер цитоплаз- мадағы ядро генетикалық біркелкі болса, оны гомокариотикалық деп атайды. Гетерокариоз саңырауқұлақтардың дамуында ерекше орын алады. Гетерокариоз организмдердің диплоидты жағдайына ұқсас келеді. Саңырауқүлақтарда парасексуальды жағдай жиі байқалады, яғни гаплоидты ядро гетерокариотикалық мицелиймен қосылып, генетикалық айырымы бар диплоидты ядролар қүрайды. Диплоидты ядро хромосомаларының өзара конъюгациясы болуы мүмкін. Одан жаңа гаплоидты ядролар құралып, қайтадан гетерокариотикалық комбинация қайталанып отыруы мүмкін. Бұл процесс жынысты көбеюмен ұқсас болғанмен, одан жүру процесі өзгеше және аяғына дейін толық зерттелмеген процесс.

Саңырауқүлақтар хлорофилі болмағандықтан, сапрофитті не паразитті жолмен тіршілік етеді. Сапрофитті саңырауқүлақтар өлі төсемікті мекендейді. Дымқыл нанның бір үзімін қақпақпен жауып қойса, бірнеше күннен соң оны ақ зең баса ды. Кейінірек ол піскен споралардан қарайып кетеді. Зеңдер споралар дан өсіп дамиды. Олар ауада, суда. топырақта және көп тұрып қалған тағамдарда болады. Органикалық заттары мол топырақтарда сапро фитті саңырауқүлақтардың қалпақты түрлері жиі кездеседі. Аздаған саңырауқүлақтар организм өлекселерінің қалдықтарында тіршілік етеді.

Паразитті саңырауқүлақтар табиғатта кең тараған. Олардың 10000 дайы өсімдіктерде тіршілік етіп, оның шырынымен қоректенеді Бұлардың кейбіреулері иесі тірішлігін жойғаннан кейін сапрофитті тіршілік етуге көшеді, мұндай саңырауқүлақтарды факультативті паразиттер деп атайды. Екінші бір саңырауқұлақтар жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде паразитті тіршілік етеді, бұлар сапрофитті тіршілік ете алмайды, мұндай саңырауқүлақпіріы облигатты паразиттер дейді. Саңырауқұлақтардың 1 мыңдай түрі жануарлар мен адамдарда паразитті тіршілік етеді. Олардың тіршілігі үшін қоректік заттар ылғал, оттегі, тиісті температура және ортаның қышқылдығы қажет. Жарық тек спора құру сатысында қолайлы әсер етеді, басқа уақыттарда жарықты қажет етпейді. Саңырауқұлақтар ферменттердің көмегімен крахмал мен целлюлозаны еритін көмірсуларға айналдырады. Олар үшін қоректік зат ретінде глюкоза мен сахарозаның маңызы зор. Саңырауқұлақтар белок қосылыстарының ыдырауынан босаған азотты заттарды қорек үшін пайдаланады, алайда аммоний тұздары мен нитраттарды да қанағат етеді. Бұлар көміртегі мен азоттан басқа күкірт, фосфор, калий, магний, темір және кальций элементтерін кажет етеді де, оларды түздардан алады. Саңырауқүлақтардың өсіп-өнуі үшін ылғалды субстрат қолайлы. Бұлардың кейбіреулері сулы ортада өсуге бейімделген. Төсеміктің ылғалды болуы мицелийдің түзілуі, ал күрғақ болуы - спора құру органдарының өсіп дамуына себін тигізеді. Саңырауқұлақтардың тыныс алуы үшін оттегі де қажет, алайда ашытқы саңырауқүлақтары қантты ортада ашып, этил спирті мен көмір қышқыл газын (С02) бөліп, өзінен жылу шығарады. Бұл процесс оттегі кем жерде жақсы жүреді. Аэробты жағдайда ашытқы саңырауқүлақтары Оттегімен де тыныс алады, бірақ мұнда спирт түзілмейді.

Саңырауқүлақтардың тіршілігі үшін температура да қажет. Олардың көпшілігі оптимальды температура- ны +20-25°, ең төменгі +1-5° температураны да жақсы көтереді. Кейбір аспергилл саңырауқұлақтары шөптер өздігінен қызган кезде түзілетін 5° С-тан артық температурада дами береді.

Саңырауқүлақтар біржылдық, екіжылдық және көпжылдық болады. Көпжылдық сапрофитті түрлері топырақта, ағаштың түбірлерінде, ағаштан жасалған кұрылыстарда және органикалық шірінділерде көп кездеседі. Паразитті саңырауқұлақтар көбінесе иесінің өмірімен байланысты болып, ол қашан иесі тіршілігін жойып, қурап біткенге дейін онымен бірге тіршілік ете береді.

Саңырауқүлақтар бөлімі мицелийлерінің болуына, оның морфологиясына, жемісті денесінің құрылысына, спора түзуші органының сипатына қарай 7 класқа бөлінеді.

Хитридиомицеттер-Chytridiomycetes класы. Мицелийлері жоқ не алғашқы нышаны ғана бар, яғни ядросыз ризомицелий түрінде болады. Клетка қабығының құрамы хитин, глюканнан тұрады. Жынысты көбеюлері гологамия, изогамия, гетерогамия, кейбіреулерінде зиготога- мия. Зооспоралары мен гаметалары бір талшықты.

Гифохитридиялылар-Hyphochytrididiomycetes класы. Вегетативтік денесі цитоплазматикалық дене не- месе ризомицелий түрінде болады. Ол суда тіршілік ететін балдырлар мен саңырауқұлақтарда, омыртқасыз жануарларда паразитті, аздаған түрлері өсімдік пен жануар қалдықтарында сапрофитті тіршілік ететін он шақты организмдер жатады. Бүл - эволюциялық дамудың түйық бұтағы. Клетка қабығының құрамында хитин, целлюлоза болады.

Оомицеттер-Ооmycetes класы. Мицелийлері көпшілігінде жақсы жетілген, бірақ клеткаланбаған көп ядролы. Клетка қабығының құрамында глюкан, целлюлоза болады. Жыныс процесі - оогамиялы. Зооспоралары екі талшықты, оның бірі - жай, тегіс, екіншісі — қауырсынды.

Зигомицеттер - Zygomycetes класы. Мицелийлері жақсы жетілген, көпшілік уақытта клеткаланбаған. Клетка қабықшасының құрамында хитин, хитозан болады. Жыныссыз көбеюі талшықсыз, қозғалмайтын спорангияларда түзілетін спора, сирек конидилер арқылы болады. Жынысты көбеюі зигогамиялық жолмен өтеді.

Аксомицеттер немесе қалталы саңырауқұлақтар-Аscomycetes класы. Мицелийлері жақсы жетілген, көп клеткалы, көпшілік уақытта бір ядролы. Клетка қабығының құрамында хитин, глюкан, маннан- дар болады. Жыныссыз көбеюі - конидиялы. Жынысты спора түзуші органы - қалта, оның ішіндегі эндогенді аскоспоралар түзіледі.

Базидиомицеттер- Basidiomycetes класы. Мицелийі жетілген клеткаланған. Даму кезеңінде дикарионды мицелип басым. Клетка қабығының құрамында хитин, глюкан болады. Жыныссыз көбеюі конидиялы. Жынысты көбеюі соматогамия жыныс процесінің нәтижесінде экзогенді базидиспоралылар құралады.

Жетілмеген саңырауқұлақтар Deuteromycetes немесе Fungi imperfecti класы. Конидиялар арқылы жыныссыз жолмен көбейеді. Бұл класс жасанды болып есептеледі ,себебі бұған жататын саңырауқұлақтардың біразында қалталы спора түзуші, органның бар екені анықталған.

Алғашқы 1-4 кластар төменгі, ал 5-7 кластар жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтарға жатады.

Дәріс 11. Зигомицеттер - Zygomycetes класы және Хитридиомицеттер- Сһуtridiomycetes
Жоспары:

1. Хитридиомицеттердің, зигомицеттердің жалпы сипаттамасы

2. Жасуша құрылысы

3. Систематикасы

4. Филогенезі

Бұл класқа микроскопиялық амебоид кұрылымды мицелийлері жоқ не ризомицелийлері ғана бар 500-дей саңырауқұлақтар түрі жатады. Ризомецелийлер қабықшасы бар бір ядролы не көп ядролы немесе ядросы жоқ дөңгелек клеткалардан тарайтын гифтер. Көпшілік жағдайда бір талшығы бар зооспоралар арқылы жыныссыз көбейеді. Хитридиомицеттердің копшілігіне тән қасиет - барлық дснесі бір ғана зооспарангия құруға жұмсалады. Зооспоралар өсе келе, кейбіреулерінде бірнеше зооспорангия дамитын дараққа айналады.

Гологамия, изогамия, гегерогамия, кейбір түрлері зигогамия жолымен жынысты көбейеді. Бұл кластың көпшілігі тұщы су балдырларында, кейбіреулері жер бетіндегі өсімдіктерде паразитті тіршілік етеді. Аздаған түрлері су өсімдіктерінің қалдықтарында не топырақта сапрофит түрінде кездеседі. Бұл класта хитридиалық-chytridiales,бластокладиялықтар-blastocladiales,моноблефаридиялықтар-Monoblepharidales деп үш қатарға бөлуге болады.Хитридиалықтар-Сһуtridiales қатарына мицелийлері жоқ вегетативтік денесі өсімдіктер класының ішінде жалаңаш протоплазмалық дене түрінде кездеседі, клетка қабықшасы болмайды. Тек көбею органы құрылғанда ғана клетка қабықшаға оранады. Мүның барлық денесі бір ғана спорангия құруға жұмсалады.Бұл қатарға жататын түрлердің барлығы құрлықта, көпшілігі теңіз жэне тұщы суда тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлардың клеткаішілік па- разиттері. Олардың ішінде ерекше орынды - ольпидиум алады. Ол қырыққабат көшетінде кездесіп, оны «қара түбір» ауруымен ауыртады. Бұл аурумен ауырғанда тамыр мойнының айналасы қарайып, сабағы жіңішкеріп, көшеті қурайды. Қарайған жерлеріндегі эпидермистің немесе паренхима клеткаларын микроскоппен қарағанда, паразит саңырауқұлақтың жалаңаш протоплазмадан тұратын бір ғана ядролы вегетативтік денесін көруге болады. Кейін ол көп ядролы, сыртында қабығы бар зооспорангийге айналады (89-сурет).

Зооспорангийлер түтікше тәрізді өсінділер береді, олардың ұштары қылтиып, эпидермистен сыртқа шығып тұрады да, бір талшықты зоо- споралардың шығуына себебін тигізеді. Дымқылды жерде зооспоралар жылжып, зақымдалмаған өсімдікке барады. Онда клетка қабықтары арқылы эпидермис клеткаларынан әрірек жатқан тіндерге өтіп, олардан жаңа зооспорангийлер да- миды. Қолайсыз жағдайларда қалың қабықшалы цисталар түзеді. Бұлардың алғашқы кезде екі ядросы болады, кейін олар бірігіп, зигота құрайды, кейбір жағдайларда зооспоралар белгісіз себептермен гаметалар сияқты бір-бірімен бірігіп, екі талшықты қозғалғыш зигота түзеді, ол қалың қабықшамен қапталады да, өсімдік шірігеннен кейін ғана өсе бастайды.

Бұл аурумен күресудің басты шарты - ауру жұққан көшетті құрту, парникті желдетіп отыру, парниктерде ылғалды кеміту жэне жаңа тамырлардың түзілуіне мүмкіндік беру үшін құм себу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет