Смж 3 дәрежелі құжаты поәҚ поәҚ 042-18-36. 1



бет32/47
Дата01.05.2018
өлшемі22,12 Mb.
#40376
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   47
Базидийлердің типтері: 1-холобазидий; 2,3,4-гетеробазидий; 5-фрагмо- немесе телиобазидий

Қорытындылау сұрақтары:

1. Ustilaginales қатарының практикалық маңызы.

2. Ustilaginales қатарының морфологиялық ерекшеліктері.

3. Ustilaginales қатарының өкілдері қалай көбейеді?

4. Holobasidiomycetes класының практикалық маңызы.

5. Holobasidiomycetes класының морфологиялық ерекшеліктері.

6. Holobasidiomycetes класының өкілдері қалай көбейеді?

7. Uredinales қатарының практикалық маңызы.

8. Uredinales қатарының морфологиялық ерекшеліктері.

9. Uredinales қатарының өкілдері қалай көбейеді?


Тәжірибелік сабақ 15. Тақырып: Қыналар бөлімі - Licһeпорһуtа. (2сағат)

Сабақтың мақсаты: Қыналардың анатомо-морфологиялық сипаттамасын, систематикасын және маңызын оқып білу.

Құрал – жабдықтар, қажетті материалдар тізімі: Әртүрлі кыналар колллекциясы, ылғалданған макта, микроскоп, лупа

Жалпы түсінік

| Қыналардың 18-20 мың түрі бар төменгі сатыдағы өсімдіктер катарына жатады. Қыналар күй талғамайтын өсімдіктер, сондықтан табиғатга қыналар басқа өсімдіктерге колайсыз келетін кұнарсыз жерлерде мысалы, тастардың үстінде, шөлді-шөлейтті жерлерде, тундрада және ормандарда тіршілік етеді. Қыналарға ең қажетті жағдай оттегіне бай таза ауа. Қалада кыналар өспейді, себебі түтін және ысты жерлерде тіршілік ете алмайды.

Қыналар-комплексті ағза, яғни денесі саңырауқұлактардың жіпшелерінен (гифтерінен) және балдырлар жасушаларынан тұрады, кейінгі кезде үшінші ағза азот бактериялары болатындығы далелденген.

Санырауқүлақтардың жіпшелері аркылы субстраттағы немесе атмосферадағы су мен ондағы еріген минералды заттарды сініріп отырса, балдырлар жасушаларында фотосинтез процесінің нәтижесінде пайда болған органикалық заттармен, ал азотты бактериялар қынаны азотпен камтамасыз етеді. Жарык жокта фотосинтез жүрмейді де, кына тіршілігінен айрылады. Қыналар кұрамында көбіне калталы саңыраукұлақтар, кейбір түрлерінде базидиалды саңыраукүлактар кездеседі, ал балдырлардан - жасыл және көк-жасыл балдырлардың өкілдері кездеседі, яғни бұлар бір-бірімен селбесіп (симбиоз) тіршілік етеді.

Қыналар талломы әр түрлі түсті: сүр, қара, көгілдір, сары, кызғылт-сары, коңыр түсті болады, мүңдай түс беру қүрамындағы кыналар кышкылдарының болуына байланысты, бұлар жіп шумактың жоғарғы жағында түйіршікті, таяқшалы, қристалды түрде калыптасады.

Сыртқы пішіндеріне карай кыналар үшке балінеді:

1. Қаспак (68 сурет) немесе кабыршакты кыналар - бұлар ағаштардын қабыктарына, таска, жартастарға жабысып өседі, бекінген тастардан бөліп алу киын және түстері әртүрлі болады.

2. Жапырак тәрізді кына (жалпак жапырак гашінше үқсас) - бұлар ормандағы ағаштардың діңіне, түбіріне жабысып өседі, бүларды оңай бөліп алуға болады, түстері сұр, сары, кызғылт- сары болып келеді

3. Бұта тәрізді кыналар - бұлар карағайлы күрғак ормандарда тіршілік етеді, түсі сұр, акшыл болып келеді, оңай бөліп алуға болады. Бұл кыналар тундрада көп кездеседі, мысалы, бұғы- мүгі ягель.

Анатомиялык кұрылысы жағынан кыналар талломдарындағы балдырлардың орналасуына карай екіге бөлінеді:

1. Гетеромерлі /69 сурет Б/ - кыналардьщ жоғарғы кабык қабатының астында жасыл балдырлардын жасушаларының бір кабат болып орналасуы, бұны гонидийлер кабаты деп те атайды, ]бұған жапыракты және бүта тәрізді кыналар жатады.

2. Гомеомерлі /69 сурет Б/ - балдырлар жасулалары саңырауқұлактардың жіпшумағының арасында шашыранды орналасады, бүған каспак кыналар жатады.

Қыналар көбінесе вегетативтік жолмен көбейеді, бұл кезде қынаның кез келген жерінен сынып, үгіліп тускен бөліктерінен жас қына өсіп шығады. Сонымен катар денесінде пайда болатын ерекше жасушалармен де көбейеді, ол жасушалар соридиялар және изидиялар деп аталады

Сорадиялар саңырауқүлактардың жіпшелерімен оратылған балдырлардың жасушалар тобы. Бұндай жасушалар кына денесінің ішкі жағында пайда болады, осы кезде кынаның салмағы артады да кабығы кысымнан жарылып, ондағы соридиялар үзіліп, жел, жауын суының ағынымен таралып, жаңа жерде жаңа қына өсіп пшғады.

Изидиялар( 70-сурет) - кына кабаттамасының жоғарғы жағында төмпешіктер пайда болып, оның кұрамында да саңыраукүлактардың жіпшелеріне оратылған балдырлар болады, бұлар сыртынан қабықпен қапталады. Изидиялардың соридиялардан айырмашьілығы осы кабығының болуында. Төмпешік ұзарып өсіп, үзіледі де жел арқылы таралып кетеді.

Қаспак кыналар кесектері аркылы көбейеді, кейде субстратпен бірге кесектелген бөліктерімен көбейеді.

Қыналар - ыстык күндері курап, оп-оңай үзіледі, ал аздап жауын жауса болғаны, олар кайтадан жанданады. Қыналар өте баяу өседі, мысалы, бүғы мүгі-ягель бір жылда не бары 1-3 мм өседі.

68- сурет. 1-Жапырақ тәрізді қына (ксантория); 2-бұта қына (ягель); 3-уснея


69-сурет. А — гетеромерлі таллом; Б — гомеомерлі таллом 1 — жоғарғы қабық қабаты; 2 — гонидиальды қабат; 3 — гифтың өзек қабаты; 4 — төменгі қабық қабаты..





70-сурет. Қыналардыі көбеюі. 1 — соредии; 2 — изидии.

Тапсырма

1. Қыналар коллекциясынан кыналардың түрлерін аныктап, түрлерінің суреттерін салу.

2. Суға салынып койған кынадан препарат дайындап, саңыраукүлақтардың жіпшумағын және балдырларды аныктау.

3. Қыналар денесінің гомеомерлі немесе гетеромерлі екеңдігін аныктап, суреттерін салу.

4. Ылғалданған мактаға қынаның бір үзімін салып, үстіне ыдыс (банка, стакан) төңкеріп, кынаның неше күннен сон тіршілік ете бастайтынын бакылау.

5. Қайталау сүрактарына жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.

Қайталау сұрақтары

1. Қыналар қандай жерлерде өседі?

2. Қыналарды не себептен комплексті ағза деп атайды?

3. Қыналар денесіндегі саңырауқұлактар, балдырлар және бактериялар бірін-бірі кандай затгармен камтамасыз етеді?

4. Қыналар денесінде саңыраукүлактардың, балдырлардың және бактериялардың кандай түрлері кездеседі?

5. Кандай талломдарын гетеромерлі, қайсысын гомеомерлі деп атайды?

6. Гонидийлі кабат дегеніміз не?

7. Қыналар субстратқа қалай бекінеді?

8. Қыналар қалай көбейеді?

9. Соридий, изидиялар қалай пайда болады.

Тақырып 1. Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы курсына кіріспе. Пәннің мақсаты, міндеті. Даму тарихы. Жоғары сатыдағы өсімдіктерді жүйелеудің негізгі ережелері.

Тақырып 2. Риниофиттер бөлімі.

1. Құрал-жабдықтар және қажетті материалдар тізімі:

Кеппешөптер, кестелер

2.Жұмыстың мақсаты: Риниофиттердің құрылысы ерекшеліктерімен, алғашқы өсімдіктер ретінде қатарларымен танысу.

3. Жұмыстың әдістемелік нұсқауы:

Гербарийға споралы мақсаттары бар өсімдіктерді жинап салады. Морфологиялық сипатамалар жасау үшін мына схеманы пайдаланды.

  1. Өсімдік.

а) Өркендері бар: бірдей, спора түзетіп өркендерінің спора түзбейтін өркендерінен айрмашылықтары.

б) Өркендерінің пайда болуы, спора түзейтін, спора түзейтін споралар.

2. Өркен.

а) өмірінің ұзақтығы: бір жылдық, көпжылдық,

б) бұтақтану дәрежесі, бұтақтанбайтын, екі рет бұтақтанбайтын,

в) Сабақтағы қырларының саны

3. Жапырақ қынапшасы:

а) формасы: варонка тәрізді, целиндр тәрізді.

б) орналасуы: бір – бірінен қашықтау, бір – біріне жақын

в) жапырақтарының тістерінің формасы.

4. Спора түзетін масағы.

а) төбетей, үшкір, доғал.

Шоқпарбас плаун 2-3 түрін сипаттап жазып анықтайды.

1-сурет. Риниялықтар: А-хорнеофитон (Ногпеорһуіхт): 1-спорофитгің реконструкциясы; 2-дихотомды бұтақтанған спо-рангий; 3-спорангийдің тігінен кесіндісі: кс-ксилема, фл-флоэма, қ.п.-қабық паренхимасы, біл-білеу, сп-споралар, сп.қ.-спорангий қабырғасы; Б-лионофитон (Ъуопорһуіоп): 1-гаметофиттің рекон-струкциясы; 2-гаметангиофор; 3-антеридий; 4-архегоний; В-Хедея (Несіеіа) спорангийі; Г-ярравийдің (Үаггауіа) синангийі; Д-тениокарда (Таепіосгасіа) спорофитінің реканструкциясы; (ан-антеридий; арх-архегоний; ж-жұмыртқа клеткасы; спг-спорангий).



2-сурет. Тримерофиттер және зостерофиллдер: А-пертика (Регйса); 1-спорофиттің реюнструкциясы; 2-споралы осьтер; Б-савдонияның (Залусіоша), реконструкция; В-зостерофиллумның (2о8{егорһу]1шп) ре-конструкциясы.
4. Студенттердің алдын – ала меңгеріп келуге тиісті теориялық материалдары:

Риниофиттердің құрылысы.

Риниофиттердің морфологиялық белгілері.

Риниофиттердің классификациясы.
4. Бақылау сұрақтары:

1. Риниофиттердің спораларының дамуы.

2. Риниофиттердің ерекше белгілері.

3. Риниофиттердің классификациясы.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет