2-дәріс. Дисперсті жүйелердің классификациясы мен табиғаты
Мақсаты: Дисперсті жүйелердің классификациясы және табиғатымен танысу.
Жоспар
1. Дисперстік жүйелерді олардың құрамындағы дисперстік фаза мен дисперстік ортаның агрегаттық күйлеріне байланысты жіктелуі.
2. Дисперстік жүйелердің бөлшектерінің өлшеміне қарай жіктелуі.
3. Коллоидтық ерітінделерде коллоидтық бөлшектер өзара әрекеттесуі бойынша жіктелуі.
4. Дисперстік жүйелердің термодинамикалық тұрақтылығына қарай жіктелуі.
Барлық ғылым не өңдіріс салалары сияқты коллоидты химия да өздерінде кездесетін өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттерге, өлшемдер мен көрсеткіштерге орай жіктеле келіп, сұрыпталады. Ондағы қайсыбір қасиеттер біріне-бірі ұқсас болғандықтан, олар өзара бірігіп кетеді. Мұны кеңістікте орналасқан денемен де теңестіруге болады, өйткені осы дененің кеңістіктегі нақтылы орнын табу үшін үш өлшемді координатаны не олардың проекциясын пайдалану қажет. Демек, коллоидты жүйені сипаттау үшін оны әртүрлі қасиет, ерекшелік тұрғысынан жіктеу керек. Енді осындай жіктеудің бірнешеуін қарастырайық.
1. Дисперстік фаза және дисперстік ортаның агрегаттық күйіне байланысты жіктелуі.Во. Оствальд ұсынған классификация. Коллоидты химияда қарастырылатын жүйелер гетерогенді, сондықтан кем дегенде екі фазадан тұрады. 3 агрегаттық күйден, 9 типті дисперстік жүйе шығады (1-кесте). Мысалы, С/Г. С – дисперстік фазаның агрегаттық күйі, Г – дисперстік ортаның агрегаттық күйі.
№1– кесте. Үш агрегаттық күйге сәйкес дисперстік жүйенің түрлері
Реті
|
Дисперс
фаза
|
Дисперс
орта
|
Жүйе
белгісі
|
Жүйе түрі
|
Мысал
|
1.
|
қатты
|
сұйық
|
қ/с
|
зольдер,
|
жүзгін, металл золі
|
2.
|
сұйық
|
сұйық
|
с/с
|
жүзгіндер
|
жүзгіндер
|
3.
|
газ
|
сұйық
|
г/с
|
эмульсиялар
|
сүт, мұнай, май
|
4.
|
қатты
|
қатты
|
қ /қ
|
көбіктер,
|
сабын көбігі
|
5.
|
сұйық
|
қатты
|
с/қ
|
эмульсия
|
минералдар,
|
6.
|
газ
|
қатты
|
г/қ
|
қатты коллоид
|
қорытпа
|
7.
|
қатты
|
газ
|
қ/г
|
ерітіндісі
|
топырақ, балшық
|
8.
|
сұйық
|
газ
|
с/г
|
Қуыс дене, гель капилляр, ксерогелдер
|
пемза, активті көмір
|
9.
|
газ
|
газ
|
г/г
|
аэрозоль, шаң түтін, тұман, ауа
|
атмосфера, ауа
|
Зидентопф және Зигмонди бөлшектері:
1. микрондар – кәдімгі микроскоптан көрінетін бөлшектер, яғни, өлшемі >0,2 мкм
2. ультрамикрондар – микроскоптан көрінбейтін коллоидты бөлшектер. Оларды әрі қарай
а) субмикрондар, яғни ультрамикроскоп көмегімен көрінетін өлшемі 5 нм-ден 200 нм-ге дейінгі бөлшектер;
б)амикрондар, яғни ультрамикроскоп көмегімен де көрінбейтін өлшемі <5 нм бөлшектер.
Г/Г типі коллоидтық жүйеге сәйкес келмейді, себебі кәдімгі жағдайларда газдар кез-келген концентрацияда шынайы ерітінділер береді (тек өте жоғары қысымда ғана кейбір газ жүйелері гетерогенді жүйе түзеді).
2. Дисперстік жүйелерді олардың құрамындағы дисперстік фаза бөлшектерінің өлшеміне байланысты жіктеуге болады. Сонда бөлшектерінің өлшеміне қарай барлық дисперстік жүйелерді мынандай топтарға бөлуге болады(2-кесте)
Жүйенің типі
|
Бөлшектердің өлшемі
|
Мысалдар
|
1
|
2
|
3
|
Шын ерітінділер
|
а<1 нм (< м)
|
Кышқылдар,тұздар, сілтілер,сулы ерітінділер, қант ерітіндісі
|
Ультромикрогетерогенді жүйелер(коллоидтық ерітінділер )
|
1 нм <а<100 нм
м< а м
|
Биологиялық сұйықтар (қан, зәр, сілекей). Метал зольдері
|
Микрогетерогенді жүйелер (суспензиялар, эмульсиялар, көбіктер)
|
м < а < м
|
Күйе, кофе, шоколад, саз балшық, табиғи мұнай, т.б. Маргарин, майонез, парфюмериялық (жақпа майлар), сүт, жұмыртқа
|
Дөрекі дисперсті жүйелер
|
а> м
|
Жаңбар тамшысы, құм, қиыршық тастар, тары, бидай
|
Түрлі типтегі дисперсті жүйелердің классификациясынан кейін, жалпы қасиеттерін былай тұжырымдауға болады(3-кесте)
Достарыңызбен бөлісу: |