Смж құжаты зк 1/1 109-2016 Дәріс конспектісі Баспа Енгізілген күні



бет4/12
Дата19.12.2021
өлшемі1,87 Mb.
#103565
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Коллоидты химия лекция
план
Қасиеттері/жүйе 

Шын ерітінді 

Коллоидты жүйелер 

Дөрекі жүйелер 

Фазалар саны 

Гомогенді 

Ультрагетерогенді 

Гетерогенді 

Қағазды фильтр 

Бөлшектер өтеді 

Бөлшектер өтеді 

Бөлшектре өтпейді

Жартылай өткізгіш мембрана 

Бөлшектер өтеді 

Бөлшектер өтпейді 

Бөлшектер өтпейді

Кәдімгі микроскоп 

Бөлшектер көрінбейді 

Бөлшектер көрінбейді 

Бөлшектер көрінеді 

Ультромикроскоп 

Бөлшектер көрінбейді 

Бөлшектер көрінеді 

Бөлшектер көрінеді 

Тұрақтылығы 

Жүйе термодинамикалық тұрақты 

Термодинамикалық тұрғыдан салыстырмалы тұрақты 

Термодинамикалық тұрғыдан тұрақсыз 

Уақыт 

Уақыт өте келе ескірмейді 

Уақыт өте келе ескіреді 

Уақыт өткен сайын ескіре береді 

Жарық 

Оптикалық бос мөлдір, опалесценцияланбайды

Мөлдір, түрлі түсті, жарықты шашыратады, опалесценцияланады 

Мөлдір емес, жарықты шығылыстырады 

3. Коллоидтық ерітінділерде коллоидтық бөлшектер өзара әрекеттесуі бойынша жіктеледі.

Дисперстік жүйелерді дисперстік фазаның кинетикалық қасиетіне қарай екі топқа бөлуге болады.

Байланысқан дисперстік жүйелер 

Бос дисперстік жүйелер 

Байланысқан дисперстік жүйелерде дисперстік фаза бөлшектері молекулааралық күштер әсерінен бір-бірімен байланысып, дисперстік ортада өзінше бір кеңістіктік тор немесе каркас түзеді. Ал құрылым түзетін бөлшектер, әдетте, өзара еркін қозғала алмайды, тек тербелістік қозғалыс жасай алады. Байланысқан дисперстік жүйелерге белгілі дәрежеде қатты денелердің қасиеттері тән болғанымен, оларды дисперсті ортасы қатты болатын жүйелермен шатастыруға болмайды. Дисперсиялық ортасы қатты жүйелер бөлшектері де өзара қозғала алмайды, бірақ оның себебі басқада – ол дисперсиялық ортаның жоғары тұтқырлығы.

М. М. Дубинин байланысқан дисперстік жүйелерді, нақтырақ айтсақ, кеуекті денелерді былай жіктеді;

- микрокеуекті, кеуек өлшемі < 2 нм; 

- ауыспалыкеуекті, кеуек өлшемі 2 - 200 нм аралығында

- макро кеуекті, кеуек өлшемі >200 нм. 

Мұндай жүйелерге, көбінесе, диафрагмалар немесе капиллярлы жүйелер деп аталатын капиллярлы – кеуекті денелер; мембраналар – жұқа қабықшалар, әдетте, полимерлі, сұйық және газ өткізгіштер; гельдер және ұйымалар (студни); концентрлі суспензиялар (пасталар) мен эмульсиялар, көбіктер. 

Бос дисперстік жүйелерде дисперстік фаза бөлшектері бір-бірімен байланыспаған, сондықтан дисперстік ортада броундық қозғалыс немесе ауырлық күшінің әсерінен өзара тәуелсіз қозғала алады. 

Бос және байланысқан дисперстік жүйелер өз алдына дисперстілік дәрежесі бойынша жіктеледі. Олардың классификациясы бір-бірінен ерекшеленеді.

Бос дисперстік жүйелерді:

1) ультрамик­рогетерогенді, бөлшектер өлшемі 10-7 - 10-5 см (1 - 100 нм аралығында); 
2) микрогетерогенді, бөлшектер өлшемі 10-5 - 10-3 см (от 0,1 до 10 мкм) аралығында; 
3) ірідисперсті, бөлшектер өлшемі >10-3 см, деп жіктейді.

Зигмонди коллоидтық ерітінділерді жәйлап буландырғанда түзілетін құрғақ қалдықтың таза дисперсиялық ортада еру қабілеті бойынша классификациялауды ұсынды. Осыған байланысты құрғақ қалдығы дисперсиялық ортада өздігінен дисперсиялануға қабілетсіз жүйелерді қайтымсыз дисперстік жүйелер деп атады. Оларға металл лиозольдері, күміс нитраты мен мышьяк сульфидінің гидрозольдері, және т.б. жатады. Қайтымсыз коллоидты жүйелерге коллоидты ерітінділер қасиеті тән: оларды жоғары концентрлі етіп алу қиын (дисперстік фазасының мөлшері жоғары етіп); электролиттер қосқанда олар жеңіл коагуляцияланып, дисперсиялық орта мөлшері аз және ықшам тұнбалар түзеді.

Ал құрғақ қалдығы ортамен жанасқанда алдымен ісініп, содан кейін өздігінен еріп, қайтадан коллоидты ерітінді түзетін жүйелерді қайтымды дисперстік жүйелердеп атады. Оларға желатиннің судағы, каучуктың бензолдағы ерітінділері жатады. Қайтымды коллиодты жүйелерді жоғары концентрлі етіп алу оңай; олар электролиттер әсеріне соншалықты сезімтал емес; тек зольге коагулятордың көп мөлшерін қосқанда ғана тұнбалар түзіледі және олар өте көлемді, тұтқыр, құрамындағы дисперсиялық орта мөлшері көп болыпкеледі.

4. Термодинамикалық тұрақтылығына қарай дисперстік жүйелерді үлкен 2 топқа бөледі: лиофильді және лиофобты жүйелер.

Лиофильді жүйелер (грек. лиос – сұйықтық; phileo – жақсы көремін; phobos –жеккөремін)-термодинамикалық тұрақты жүйелер. Олар өз еркімен түзіледі, түзілу барысында жүйенің еркін(Гиббс) энергиясы азаяды, яғни ∆G=∆+T∆S<0. Мұндай жүйелерге беттік-активті заттардың мицеллярлық ерітніділері, жоғары молекулалық қосылыстардың ерітінділері және бентонит сазбалшықтарының суспензиясы жатады. Оларға агрегаттық тұрақтылық тән. 

Лиофобтық жүйелерге термодинамикалық тұрақсыз, ұзақ өмір сүре алмайтын дисперстік жүйелер жатады. Мұндай жүйелерге эмульсиялар, кейбір суспензиялар, көбіктер жатады. Лиофобтық жүйелерді тұрақтандыру үшін оларға тұрақтандырғыш заттар-беттік-активті заттар (БАЗ), полимерлер қосады. Бұл жағдайда коллоидты ертінділердің дисперстік фазаның дисперстік ортамен өзара әрекеттесуі байқалады. 

Негізгі түсініктер: байланысқан дисперстік жүйелер, бос дисперсті жүйелер, қайтымсыз дисперстік жүйелер, қайтымды дисперстік жүйелер, лиофильді жүйелер, лиофобты жүйелер. 

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Дисперстік жүйелердің классификациясы.

2. Байланысқан дисперсті жүйелер.

3. Бос дисперсті жүйелер.

4. Лиофильдік және лиофобтық жүйелер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет