ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
им. М.Х. Дулати АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Коллоидты химия пәнінен
дәріс конспектісі
Факультет: Технологиялық
Мамандық: 5В060600 Химия
Кредит саны: 3
ТАРАЗ – 2017
Дәріс конспектісі жұмыс оқу бағдарламасы негізінде жасалған.
Дәріс конспектілерін құрастырған: «Химия және химиялық технология» кафедрасының аға оқытушысы С.А. Мамешова.
Дәріс конспектісі «Химия және химиялық технология» кафедрасының отырысында талқыланған.
Хаттама №______ «______» ____________________2017ж.
«Химия және химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі Масалимова Б.Қ.
Күні «______» ____________________2017ж.
Факультеттің ғылыми әдістемелік бюросында мақұлданған
Хаттама №______ «______» ____________________2017ж.
Ғылыми –әдістемелік бюроның хатшысы Туралина М.
Глоссарий
Агрегаттық тұрақтылық – бұл жүйенің түзілетін мицелланың дисперстілік дәрежесін сақтап қалу қабілеттілігі.
Аэрозольдер - С/Г, Қ/Г жүйелерінің жалпы атауы. Аэрозольдерде дисперсті орта ролін ауа ғана емес, кез келген газ атқара алады.
Байланысқан дисперсті жүйелер – құрылымы тұйық болғандықтан фазалардың ешқайсысы еркін араласа алмайтын жүйелер. Мұндай жүйелерге, көбінесе, диафрагмалар немесе капиллярлы жүйелер деп аталатын капиллярлы – кеуекті денелер; мембраналар – жұқа қабықшалар, әдетте, полимерлі, сұйық және газ өткізгіштер; гельдер және ұйымалар (студни); көбіктер; қатты ерітінділер жатады.
Бос дисперсті жүйелер – дисперсті фаза бөлшектері бір-бірімен әрекеттеспеген, яғни оңай араласа алатын жүйелер (суспензиялар, эмульсиялар, зольдер, оның ішінде аэрозольдер).
Диализ - жартылай өтізгіш мембранадан өткізу арқылы коллоидты бөлшектерді ұстап қалу қасиетіне негізделген коллоидты ерітінділерді иондар мен молекулалар қоспаларынан тазарту әдісі.
Диспергация - ұнтақтау тәсілі (латынша dispegere – себу, шашу).
Дисперсті орта -ұсақталған күйдегі заты бар орта.
Дисперсті фаза- сол ортада таралған ұнтақталған зат.
Диффузия – жүйедегі молекулар, иондар немесе коллоидты бөлшектердің хауосты жылулық қозғалысының әсерінен концентрацияның өз бетінен теңесу процесі.
Ірі дисперсті жүйелер - суспензиялар-жүзгінділер мен эмульсияларда дисперсті фаза бөлшектерінің мөлшср өлшемі 10-7-10-5 см артық болатын жүйелер.
Жүзгінді жүйе - кез-келген екі құрамдасты жүйедегі құрамдастарының біреуі екіншісінде бөлшектеніп, біркелкі таралған күйдегі жүйе.
Зольдер - коллоидты жүйедегі дисперсті фаза бөлшектері қатты күйде, ал орта сұйық күйде болатын ерітінділер.
Кинетикалық тұрақтылық – бұл дисперсті жүйелердің ауырлық күші әсерінен туындайтын тұрақтылық. Түйіршіктердің ауырлық күші әсерінен шөгу жылдамдығы аз жүйелердің тұрақтылығын кинетикалық тұрақтылық деп атайды.
Коагулянт - коллоидты еріген заттардың ерітіндіден сыртқы жағдайлардың әсер етуіне байланысты оңай бөлініп, нәтижесінде коллоидты ерітіндіде пайдаболған тұнба.
Коагуляция - коллоидты еріген заттадың ерітіндіден сыртқы жағдайлардың әсер етуіне байланысты оңай бөлінуі. Дисперсті жүйе түйіршіктерінің іріленуі.
Коллоидты жүйелер - дисперсті фаза бөлшектерінің мөлшері 10-7 – 10-5 см. болатын жүйелер. Оларға тән қасиеттер: мөлдір, жартылай өткізгіштен өтпейді, микро гетерогенді, яғни өте ұсақ, әр текті көп фазалы жүйе.
Коллоидты химия – гетерогенді, жоғары дисперсті жүйелердің қасиеттері мен оларда жүретін процестер туралы ғылым.
Коло - грекше желім (клей).
Конденсация - молекулаларды ірілендіру (агрегациялау) тәсілі (латынша aggregare – қосу, біріктіру).
Лиозольдер - дисперстік ортасы сұйық жүйелер (Г/С, С/С, Қ/С) (грек. лиос – сұйық).
Лиофильді жүйелер - дисперсті фаза мен орта заттарының күшті молекулааралық әрекеттесуі тән жүйелер.
Лиофобты жүйелер - дисперсті фаза мен орта заттарының әлсіз молекулааралық әрекеттесуі тән жүйелер.
Нағыз ерітінділер -дисперсті орта рөлін еріткіш, ал дисперсті фаза рөлін еріген заттың молекулалары немесе иондары атқарады. Ондағы бөлшектердің мөлшер өлшемі, яғни орташа диаметрі 10 -10см.
Органозольдер - дисперстік ортасы органикалық сұйықтық болып табылатын коллоидты жүйелер.
Седиментация - түйіршіктердің массалары үлкейген сайын, олардың тұнуы немес қатты фаза бөлшектерінің іріленіп, тұну процесі.
Сольваттық қабат - дисперсті фаза бөлшектерінің сыртын қаптайтын, дисперсті орта молекулаларынан тұратын қабат.
Стабилизатор– коллоидты бөөлшектерді неғұрлым ірі агрегаттарға біріктіруші зат (тұрақтандырғыш).
Суспензия - дисперстік фазасы қатты, дисперстік ортасы сұйық болатын жүйелер.
Тиндаль конусы - коллоидтық ерітінділердің шоқталған сәулені шашыратуға бейімділігі. Тиндаль зерттеген коллоидты ерітінді арқылы жарық шоғын өткізген кезде жанынан қарағанда жарық конусы анық байқалды.
Ультрафильтрация - коллоидты ерітінділерді жартылай өткізгіш мембрана арқылы фильтрлеу жолымен дисперстік фазаны дисперстік ортадан бөлу процесі.
Эмульсия - дисперсті орта да, фаза да сұйық болатын жүйелер.
Достарыңызбен бөлісу: |