«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК
Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы
КГКП «Педагогический колледж имени М.О.Ауэзова»
Управление образования Восточно-Казахстанской области
Положение
СМК ПП-5.3-88 Ғылыми жоба туралы Ереже/
Положение о научном проекте
«Vyond», «Powtoon», «Animaker» қосымшалары және пайдалану мүмкіндіктері
6
Қорытынды
8
Әдебиеттер тізімі
9
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Анимациялық мультфильмдер: «Vyond», «Powtoon», «Animaker» қосымшаларының мүмкіндіктері»
Зерттеу жұмысының мақсаты: анимациялық мультфильмді жасайтын қосмышалардың мүмкіндіктерін зерделеу, қазақша контент жасауға үлес қосу, «z» ұрпақтарын тәрбиелеуде тиімді пайдалану.
Міндеттері: -анимациялық мультфильмдер тарихын зерделеу;
-анимациялық мультфильмдерді жасайтын
(«Vyond», «Powtoon», «Animaker»қосымшаларының мүмкіндіктерін пайдалану;
-іс тәжірибеде қолдану мүмкіндіктерімен бөлісу.
Өзектілігі: адам өміріндегі ең қызықты кезең – балалық шақ. Ол жастағыларға қажеттінің бірі әрине мультфильмдер. Балалар экранда қызылды-жасылды суреттерден, олардың әртүрлі іс-қимылдарынан, сюжеттерінен, сөйлеген сөздеріне қарап елтіп отырады. Демек олар кейіпкердің жағымсыз немесе жағымды бейнелерін қайталауға тырысады.
Бала тәрбиесінде отандық мультфильмдерге көңіл бөлген дұрыс. Өйткені сол туынды арқылы бүлдіршіндер өз елінің салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын, ұлттық белгілерін бала күнінен бойларына сіңіреді. Осылайша өскелең ұрпақтың кеудесінде отанына деген сүйіспеншілік сезімін жандырып, ұлттық тәрбиені ұқтырады.