8.4. Оқушылардың сабақ үстіндегі өзбетінше жұмысы
Ең тиімді және жоғарғы тиімді сабақ берудің бір түрі өз бетімен жұмыс жасау болып табылады. Ол қазіргі заманғы сабақтан үлкен орын алады, себебі қазіргі кезде әр оқушы өз бетінше оқу әрекетінде ғана білім алады адам өз бетінше жұмыс істейді.
Озат мұғалімдер оқушылардың сабақ үстінде әрқашан өз бетінше жұмыс жасағаны жөн, ал мұғалім оларды басқарып, оларға тиісті материалдарын тауып беруі керек деп есептеген. Бірақ, өз бетінше жұмыс жасау мектепте өте аз кездеседі. Өз бетіндік жұмыстар оқушылардың танымдық әрекеті тәсілдерін қалыптастыруға бағытталғын. Оқушылар оқу-танымдық әрекеттің негізін құрайтын өзіндік жұмыстың тәсілдеріне, яғни ықшамдалған және толық сипаттауларға. Түсіндірулерге, ережелер жасауға, идеялар ұсынады және оларды мағынасы мен мазмұны жағынан өрбітуге үйретілмейді.
Оқушылардың өз бетінше жұмысы туралы түсінік. Жеке өз бетінше жұмыс жүргізу дегеніміз - мұғалімнің оқушының белсенді әрекетін ұйымдастыру, ол алға қойылған мақсатты арнайы берілген уақыт ішінде орындау, білімді іздеу, оларды түсіну, бекіту, шеберлік пен дағдыларды қалыптастыру.
Дидактикалық кұбылыс ретінде өз бетімен жұмыс бір жағынан, оқу жұмысы, яғни оқушының орындайтын әрекетінің объектісі, екінші жағынан - сәйкес жұмысты туғызатын форма: білімі, ойлау қабілеті, оқу жұмысын орындау кезінде туатын шығармашылық ой.
Демек, өз бетімен жұмыс бұл мынанадай белгілері бар оқыту құралы:
оқушылардың оқытудың әрбір кезеңінде оның білмеуден білуіне қозғалысын, білімдерін, дағдылары мен іскерліктерін танымдық міндеттердің белгілі бір тобын шешу қажетті көлемде және білім деңгейін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Оқушыларға өздерінің білімін жүйелі толықтыру мен ғылыми және қоғамдық ақпаратты жаңа танымдық міндеттерді шешуде пайдалану іскерлігін үнемі жетілдіруге психологиялық тұрғыдан бағдар беріледі;
Оқыту үрдісінде білім алушының жеке танымдық әрекетіне басшылық етудің маңызды құралы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |