Смотреть Тақырып Дидактика –педагогикалық оқу теориясы


Оқыту нәтижелерін тексерумен бағалау формалары мен әдістері



бет48/68
Дата06.05.2020
өлшемі169,65 Kb.
#66136
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   68
Байланысты:
О ытуды йымдастыру формалары

9.4. Оқыту нәтижелерін тексерумен бағалау формалары мен әдістері

Тапсырма көлемі, тексеруге арналған уақыт және оқушылар санына байланысты оқу үрдісіне тексеру мен бағалау: былайша бөлінеді: ағындық бақылау, яғни тексеру күнделікті сабақ үстінде жүргізіледі; кезеңдік бақылау, тақырыпты өткеннен кейін өткізілетін бақылау; қорытынды - тоқсан аяғында немесе жыл соңында өткізіледі. Соңғы кезде, әсіресе кеңінен тарап келе жатқан, оқушылардың білімін тексеру үшін түрақты бақылау - мониторинг деп аталады. Бастауыш мектепте формалық бақылаудың маңызы зор, себебі оқушылардың жұмысын, оқуға деген ынтасын, жетілуін және т.б. бақылау үшін қолайлы.

Тексерілетін адам саны мен қойылатын сұрақтарға байланысты бақылау жеке бастық, тұтас және қосалқы (мысалы: бір оқушы - ауызша, ал қалғандары - жазбаша жауап береді) болып келеді.

Тұтастық тексеру көлемі шағын тақырыпты тексеруде қолданылады және жауап беруші міндетті түрде тақырыпты меңгеруі тиіс (ережелер, жылдар көбейту кестесі және т.б.). Тексеру және бағалау қайталау мен бекітумен үйлесе оқытудың тиімділігін


арттырады. Тұтастық тексерудің ерекше түрі - кешенді тексеру - оқушылардың сабақтағы әр түрлі жұмыстарының нәтижелерін бағалауға негізделеген: мұғалімнің сұрағына жауап, басқа оқушылардың жауаптарын толықтыру, жазбаша, графикалық және тәжірибелік тапсырмаларды орындау. Кешенді тексеру нәтижесінде «сабақтық балл» қойылуы мүмкін. Бұл тексеру түрі 60 жж. Ресей Федерациясында кең таралды (Липецк тәжірибесі).

Оқушының оқу әрекетін бақылауды оқушы өзі де (өзін-өзі тексеру) мұғалім жүргізе алады және техникалық құралдар көмегі арқылы, соның ішінде компыотер арқылы да тексеріледі.

Бақылау түрі мен тәсілдерін таңдау оқытудың мақсатына тәуелді, оқушылардың жастық және жеке басының ерекшеліктері, оқыту жүріп жатқан жағдайларға байланысты.



^ Ауызша тексеру - ең қолайлы бақылау әдісі - оқытудың барлық деңгейлерінде қолданылады және оқушылармен қарым-қатынас ұстауға жеңіл, олардың ойлары мен іс-әрекеттерін бақылау, жауаптарын түзетуге көмектеседі.

^ Жазбаша тексеру - уақытты үнемдейді, оқушылардың дайындықтарын анықтыуға мүмкіндік береді, жұмыс істеудің сипатымен жекеше ерекшеленеді, бірақ, жұмыстарды тексеруге көп уақыт қажет етеді. Бұл тексерудің негізгі түріне сабақта жүргізілетін диктант, мазмұндама, шығарма, сұрақтарға жазбаша жауап беру және жазбаша бақылау жұмыстары жатады. Оқушылардың жазбаша үй жүмыстары (шығармалар, рефераттар және т.б.), сабақ уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді, мұғалімге дайындықтың жақсы деңгейін ылғи көрсетпейді, сондықтан осы жұмыс түрін оқыту мақсатында пайдаланады. Жазбаша тексеру жұмысын сыныпта жүргізу барысында оқушылардың жеке жұмыс істеуі арқылы мұғалім олардың жұмыс атқару қабілетін бақылай алады және т.б. Уақытты үнемдеу мақсатында жазбаша жұмыстарды тексеруде терілген дайын құралдар қолданылады. Оларда оқушыларға тек толтыруға арналған тетіктер (сөзбен, әріппен, таңбамен, сандармен) және жоспарланған құралдары (карталар, перфокарталар және т.б.) қолданылады. Бірак, бұл сынды пособияларды қолдану оқушылардың шығармашылығын жетілдірмейді. Оқу үрдісінде оқушылар әр түрлі білім, іскерлік, дағдыларды меңгереді. Білім арқасында жеке басылық мәселелерді шешуге болады, басқа білімге сүйеніп басқа және күрделі жалпы мәселелерді шешуге болады Кейбір сұрақтарды тексеру барысында жеке басылық ұғымдарын, іскерліктерін, дағдыларының деңгейін бағалайды, ал басқасы жалпы ұғымдарын танып білуге мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет