Ойын арқылы оқыту технологиясы
Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.
Мұндай оқыту түрі тек қана бірлесіп жұмыс істеу емес, сонымен қатар, жарысқа түсу, бәсекелесуді қарастырады (“ХХІ ғасыр – білім мен ғылым бәсекесінің ғасыры” Н.Назарбаев).
|
Дамыта оқыту технологиясы
Баланы оқыта отырып, жалпы дамыту.
Даму нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі үйренуші субъект
дәрежесіне көтерілуі көзделеді.
Оқыту дамытудың алдында жүруі керек, дидактикалық
құралдардың дамуға әсері зор. Дамытудың тиімділігі үшін:
кешенді даму жүйесі негізінде мақсатты даму, мазмұнның
жүйелілігі мен тұтастығы,теориялық білімнің жетекші ролі,
жоғарғы қиындық деңгейінде оқыту, материалды меңгеруде
жедел ілгерілеу, оқу үдерісін баланың сезінуі, оқыту үдерісінің
әртүрлілігі, жекелеп оқыту барлық баланың дамуы жолындағы
болуы керек.
|
Ұжымдық оқыту тәсілінің әдістемесі
Монитор әдістемесі – жаңа ақпарат алу үшін оқу мәтінімен жұмыс істеуге арналған. Оқу мәтіні мағыналық бөліктерге бөлінеді. Әрқайсысына мәтін бойынша сұрақтары бар карточка дайындалады. Әр карточканың нөмірі және бояу түсі болады. Бұл әдістеме бір бал – оқушы, ал екіншісі – мұғалім болатындай жұптық жұмысты қарастырады. Сабақ барысында әр бала барлық мәліметті меңгергенінше еркін ауысып жүреді. Жұмыс соңында мәтін беріледі немесе сұрақтар қойылады.
Мұндай әдістеме барлық оқушының танымдық әрекетін белсендіреді, мәтінмен жұмыс дағдысын қалыптастырады, байланыстырп жүйелі мазмұндауға, жұппен үйренеді.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |