Сөж -4 Ұжымдық оқыту технологиясындағы ұжымдық жұмысты ұйымдастыру кезеңдері



бет12/16
Дата11.05.2022
өлшемі94,67 Kb.
#142440
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
СӨЖ

Ұжымдық оқыту технолгиясы – шығармашылық, өнерпаздықты талап ететін үрдіс. Қазіргі таңда оқыту әдістемесіндегі жаңа технологиялар білімді жеке тұлғаға қарай бағыттай беруді басшылыққа алады.. Ал бұл үрдісте ұжымдық оқыту технологиялардың орны ерекше. Себебі ол әр оқушының өзіне ғана тән ізденісі, қабылдауы, болжамы, сезімі, шешімі, тұжырымы негізінде жазылады.

Проблемалық оқыту технологиясы

  • Проблемалы оқыту – мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.




Ұжымдық оқыту тәсілдерінің басты белгілері: әр баланың қабілеті, дарынын дамыту, ұжымдағы әрбір мүшені оқыту және әркімге ортақ жұмыстағы бір-біріне көмегі, ынтымақтастығы болып табылады. Ұжымдық оқыту тәсілдерінде мұғалім мен оқушының іс-әрекеті алмасып келіп отырады. Мұғалімнің іс-әрекеті, қызметін ұжым атқарады, яғни жаңа білімді меңгерту, тапсырмаларды орындауда, бір-бірінің жұмыстарын бағалауда, талдауда өздері жетекшілік етеді. Мұғалім ұйымдастырушы, ақыл-кеңесші қызметін атқарады.



Саралап (деңгейлеп) оқыту технологиясы
Саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.



Ұжымдық өзара оқыту техналогиясы (ұйымдастырушылық,даиалог,байланыстырушы диалог, талгенизм таланттар және дарындылар,оқудың ұжымдық тәсілі,ауыстыру құралында оқушылардың жұппен жұмысмы) А.Г.Ривин және оның оқушылары мен ісін жалғастырушылары (В.К.Дяченко,М.Д.Брайтермен,А.С.Соколов т.б.) жасап шығарған.
Мұндай техналогиялар оқу мартериалын дайындау,оқу мәтіндерін,қосымша және анықтама,сабақ тақырыбы бойынша (немесе сабақтар циклі бойынша) мазмұнын меңгеру бірлігіне бөлу (авторлық нұсқада ойлау сағаттары) мақсатты тапсырма жасау,оның ішінде үй тапсырмаларын жасау жатады

1 – деңгей
Бұл деңгей әрбір тақырыптың ең негізгі де, басты қарапайым мазмұнын ашып,
сол тақырыптың білуге міндетті тұтас бейнесін береді.
1 – деңгей базалық деңгей ретінде қабылданған. Бұл міндетті деңгей
болғандықтан барлық білім алушы тапсырманы толық орындауы тиіс.
2 – деңгей
Қосымша мәліметтер алғашқы деңгейде алған білімді одан әрі кеңейтіп, тиянақтайды,
негізгі мазмұнын нақтылайды, ұғымдардың не үшін,
қалай қолданылатынын көрсетеді. Бұл деңгейде өтіп кеткен материалды білім алушы талдап,
бұрынғы тапсырмаларға ұқсас орындайды. Бірақ бұларды орындау үшін алған
білімдерін түрлендіріп пайдалану керек.
3 – деңгей
Өз бетінше жұмысты қалыптастыру мақсатында білім алушылар
жаңа тақырып бойынша меңгерген қарапайым білімдерін жетілдіріп тереңдетеді.
Жаңа білімді талдау, жинақтау, салыстыру арқылы меңгеруіне, қорытындылай
білуіне жол ашылады. Бұл деңгейде ребус, сөзжұмбақ, анаграмма құрастырады.
4 – деңгей
Бұл деңгейде берілген тақырып бойынша өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады.
Реферат, баяндама, өлең, жұмбақ, жаңылтпаш құрастыру тапсырмалары беріледі.
Деңгейлеп оқыту, біріншіден, білім алушының жеке қабілетін анықтауға,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет