Коммуникативтік компетенциялар
1. Тыңдалым:
–ауызша сөздің мазмұнын түсіне және оны қысқартып және кеңейтіп жеткізе білу.
–Меңгерілетін материалдар негізі жүйесін айқындап, оны ретімен баяндай білу.
–Түрлі мәтіндердің ерекшелігі мен стилін түсініп бағалай білу.
2. Оқылым:
- Оқушының түрлерін (сапалы түсініп оқу, дұрыс оқу, шапшаң оқу, мәнерлеп оқу) кітаппен және өзге де әдебиеттермен жұмыс үстінде орынды қолдану.
3. Айтылым:
- Әлеуметтік мәдени, эстетикалық, адамгершілік, тұрмыстық және басқа да тақырыптар бойынша, сондай-ақ тілдік жағдайларға сай ауызша, диалогтар құрай алу.
4. Жазылым:
- Әр түрлі стильдар мен шараларға жазбаша мәтіндер құрай алу.
- Естіген немесе оқыған мәтін мазмұнын мақсатқа сай жаза алу.
|
Белсенді оқыту технологиясы
шәкірттерді жаңа білімді өздігінен ізденіп алуына мүмкіндік жасайды.
Бұл үшін сабақта төмендегі мәселелерге баса назар аударған жөн:
сабақ құрылымының икемділігі;
оқығаны бойынша пікірталастың болуы;
дидактикалық ойындар;
интенсивті өзіндік әрекет;
тілдік бірліктерді салыстыруды, топтауды, жүйелеуді және
тілдік құбылыстар заңдылықтарын дәйектеуді ұйымдастыруы;
білім алушының белсенділік көрсетуіне мүмкіндік беретін
педагогикалық жағдаяттарды құруы.
|