СөЖ 1 Коммерциялық банктер қызметінің негізгі шарттары мен функциялары ҚР-дағы коммерциялың банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған «ҚР Ұлттық банкі»



бет16/19
Дата07.02.2022
өлшемі246 Kb.
#82492
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
СӨЖ 1-7 Банк ісінен

Факторинг жабдықтаушы-клиенттің жабдықтаған тауары мен көрсеткен к,ызметтері үшін төленбеген төлем талабын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция.
Банк төленбеген төлем талабының иесі ретінде, борышқордың несиелік қабілетін тексергенімен де олардың төленбей қалуына байланысты тәуекелге барады.
Келісімшартқа сәйкес банк жабдықтаушының контрагенттері өздерінің қарызын өтегеніңе қарамастан төлем
талабындағы соманы төлеуге міндеттеме алады. Дәл осы жерде факторинг пен банктік кепілдеменің арасындағы айырмашылық байқалады. Яғни, банктік кепілдеме бойынша банк өзінің есебінен, оған тиісті соманы клиент төлемеген жағдайда төлеуге міндетті болып табылады. Факторингтік қызметтің мақсаты төлеушінің төлем қабілетіне байланыссыз факторингтік келісім-шартта көрсетілген мерзімде тез арада қаражатты алу болып табылады.
Нарық экономикасы дамыған елдердегі факторингтік компаниялардың көбіне еншілес фирмалары ірі банктермен бірігіп жұмыс жасайды.
Факторинг операциясына үш тарап қатысады:
1.Факторингтік компания (банктің факторинг бөлімі) —өздерінің клиенттерінен шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме.
2.Клиент (тауарды жабдықтаушы, несие беруші) — факторинг компаниясымен келісімшарт жасасушы өнеркәсіптік немесе сауда фирмасы.
3.Кәсіпорын (қарыз алушы) — тауарды сатып алушы фирма.
Факторинг мәмілесін жүзеге асырудан бұрын толық талдау жұмысы жүргізіледі. Кәсіпорыннан тапсырыс алғаннан соң факторинг компания немесе банктің фактор бөлімі 1-2 апта ішінде клиенттің экономикалық және қаржылық жағдайын зерттейді. Егер де кәсіпорын факторинг компаниясы немесе банктің фак­тор бөлімінің клиенті бола қалған жағдайда, ол факторинг компаниясына сатып алушыға жіберілетін барлық шот-фактураны тапсырады. Әрбір құжат бойынша клиент төлеуге келісім алуға тиіс. Факторинг компаниясы барлык. шот-фактурамен таныса отырып, сатып алушының төлем қабілетін анықтайды. Бұған 2—3 күн мерзім уақыт қажет етіледі. Факторинг компаниясы төлемнің уақыты жеткен кезде немесе мерзімінен бұрын төлей алады.
Әлемдік тәжірибеде факторинг қызметінің құны мынадай екі элементтен тұрады: оған берілген құжаттарды мерзімінен бұрын төлеу барысында алынатын комиссия және пайыз. Ко­миссия шот-фактура сомасынан белгілі мөлшерде (әдетте, 1,5— 2,5%) деңгейінде белгіленеді. Мәміленің көлеміне қарай ко­миссия сомасы да өсіп отырады. Факторинг ережесі бойынша несие үшін төленетін пайыз мөлшерлемесі ақша нарығындағы (қысқа мерзімді несиелер нарығындағы) мөлшерлемеден 1—2 жоғары болып келеді.
Факторинг операцияларының жүзеге асырылу негізіне фак­торинг туралы келісімшарт жатады. Онда факторинг операциясының мынадай жасалу шарттары көзделеді: төлем талабының мәліметтері,.факторинг операциясы бойынша сомадан төлейтін сома, өтеу сыйақысының мөлшері, факторинг келісім-шартын бұзу жағдайлары және тараптардың ойлары бойынша басқа да шарттар.
Сонымен қатар, онда тараптардың өздеріне алған міндеттемелерін орындай алмаған жағдайлардағы жауапкершіліктері де қарастырылады. Оңдай жағдайда тараптар бірінің алдында бірі жауап беруге тиіс. Факторинг бөлімі өзіне алған міндеттемесін орындай алмаған жағдайда, оны құрушы банк материалдық жауапты болып табылады.
Факторингтің екі түрі болады: ауқымды (конвенционды) және шектеулі (конфедиенциалды). Тарихта оның ауқымды түрі бірінші пайда болған. Қазіргі жағдайда бүл — бухгалтерлік есеп, жабдықтаушылар және сатып алушылармен есеп айырысу, несиені сақтандыру және т.б. қамтитын клиенттерге қаржылық қызмет көрсетудің әмбебап жүйесін сипаттайды. Клиенттің мұндағы қызметі тек қана өндіру болып табылады. Бұл жүйе клиент кәсіпорынға өндіріс пен өнімдерді сату шығындарын қысқартады. Өзінің мәні жағынан факторингтің бұл түрі жөнелтілген тауарларға берілетін несиені білдіреді.
Соңғы жылдары шектеулі факторинг те біршама дамып келеді. Шектеулі факторинг бірнеше операциялардың орындалуымен байланысты: ақша алуға құқығын беру, қарызды төлеу және т.б. Шектеулі факторинг клиент жабдықтаушы үшін жөнелткен тауары үшін берілетін несиені сипаттаса, ал клиент -сатып алушы үшін төлем несиесін сипаттайды. Факторинг операцияларын жасағаны үшін клиенттер банкке келісімшартта көрсетілген төлемді төлейді, ол өзінің экономикалық мазмұны жағынан несие үшін төлейтін пайызды білдіреді.
Факторинг операциясы, бүгінгі таңда, отандық ақша нарығында дами алмай отыр. Факторингті еңгізу сынағы, негізінен, 1988 жылы КСРО Өнеркәсіп құрылыс банкімен жүзеге асырылып, кейіннен өзге де коммерциялық банктер факторинг операцияларын орындай бастады. Сөйтіп, 90-шы жылдардың басындағы төлем дағдарысы факторинг қызметінің банктер үшін тиімсіздігін айқындап, нәтижесінде отандық банктеріміз күні бүгінге дейін бұл операцияға салғырттық танытуда.
Факторингтің бірегей құқықтық негізін құру үшін 1988 ж. Халықарлық факторинг туралы конвенция бекітілген. Халықаралық факторинг туралы кез келген келісімшарт төменде берілгендердің кемінде екеуін қамтуға тиіс:

  • Аванс және несие беру жолымен жабдықтаушыны қаржыландыру;

  • Төлем талаптарына жататын жабдықтаушының шоттарын бухгалтерлік жағынан өңдеу;

  • Борышқорлардан ақшалай қаражат алу;

  • Жабдықтаушыларды олардың борышқорларының төлем қабілетсіздігі жағдайынан қорғау.

Факторинг операциялары. Факторингтік операциялар банктер және арнайы ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін банктерде арнайы бөлімдер ашылуға тиіс. Факторингтік опера­ция түрлері 14-суретте келесі бетте берілген.
Факторингтік операциялардың мыналар бойынша жасалмайтынын ескеру қажет:

  • Жеке тұлғалардың қарыздық міндеттемелері бойынша;

  • Бюджеттік мекемелердің қоятын талаптары бойынша;

  • Банктің несиелеуден алынып тасталған немесе төлем қабілетінсіз деп танылған кәсіпорындар мен ұйымдардың міндеттемелері бойынша;

  • Кәсіпорындардың филиалдары немесе бөлімдерінің міндеттемелері бойынша.

Факторинг негізінен жабдықтаушы мен сатып алушының арасындағы қатынасты сипаттайды, себебі ол жабдықтаушының қаржылық жағдайына, сондай-ақ оның сатып алушыларының төлем қабілетіне үздіксіз бақылауды білдіреді.
Факторингтің ашық және жабық түрлері болады. Ашық факторингте берешекке, мәмілеге факторинг бөлімінің қатысатындығы туралы алдын ала хабардар етіледі. Жабық факто­рингте берешекке факторингтік келісімшарттың болуы туралы айтып жеткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет