Арнайы білім беруде зор үлес қосқан Ы.Алтынсарин инклюзивті білім беру жүйесіне өз тұжырымдарын енгізген.Орыс педагогтарының үлгісімен орыс-қазақ мектептеріне арнап Ы.Алтынсариннің өзі екі оқу құралын «Қазақ хрестоматиясын» (1889) және «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастуыш құралын» (1889) жазып, бұларды қазақ-орыс мектептеріне төлтума оқулық ретінде ұсынды. Мәселен, «Хрестоматияға» ол қазақ халқының ауыз әдебиетінің асыл үлгілерін, балаларға арналған нақыл әңгімелер мен өлеңдерді, орыс жазушылары Крылов, Толстой, т.б. әңгімелері мен мысал өлеңдерін аударып енгізді.
ҚАЗАҚСТАНДА АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМИ МЕКТЕБІН
ҚАЛЫПТАСТЫРҒАН ҒАЛЫМДАР
Бейсенбаева Ғ.Қ – оқытушы
Арнайы білім беру саласындағы білім мен тәжірибені жүйеге келтіріп, жетілдіру үшін арнайы оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарын талдау және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу негізгі шаралардың бірі.
Отандық арнайы білім беру жүйесінің даму тарихы өткен ғасырдың 70 жылдарына дейін кемтар балаларды оқыту мен тәрбиелеу оларды түзету мен бейімдеу мәселелеріне арналған ғылыми жұмыстар жүргізілмеді, оның негізгі себептерінің бірі Қазақстанда дефектолог мамандарды дайындау дұрыс жолға қойылмаған еді.
1962-1963 оқу жылынан бастап Қазақстан түлектеріне Киев, Мәскеу, сол кездегі Ленинград қаласындағы педагогикалық институттарында дефектология факультетіне түсу үшін арнайы орындар бөлініп, білім алу мүмкіндігіне ие болды. Бірақ бұл шара отандық арнайы мекемелердегі мамандарды толығымен қамтамасыз етпеді. Өйткені жоғарыда атап көрсеткендей, сол жылдардан бастап арнайы мектептердің саны біршама артқан болатын.
Өз елімізде дефектолог мамандардыдаярлау ең алғаш Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында бастау алды. 1976-1977 жылы бөлім болып, кейін дефектология факультеті ретінде қызмет етіп қазақстандық арнайы білім беру жүйесіне дефектолог мамандарды даярлау тәжірибесінің іргетасы қаланды. ҚазПИ‑дің дефектология факультетін ашуға белсенді қатысып, дамуына үлес қосқан дефектолог ғалымдар: Намазбаева Ж.И., Сүлейменова Р.А., Өмірбекова Қ.Қ., Бектаева Қ.Ж., Буфетов Н.М. және т.б. болды.
Қазақстанда дефектология ғылымының дамуы Ж.И.Намазбаеваның кемтар баланың тұлғасын зерттеу жұмыстарынан басталған. 1971 жылдары ақыл‑ойы кемтар балалардың өзін‑өзі бағалау тұлғалық ерекшеліктерін зерттеген, кейін бұл бағыттағы жұмыс жалғасын тауып 1986 жылы психология ғылымының докторлық диссертациясында нақтыланған.
80-шы жылдары психология саласында психикалық дамуы тежелген балаларды зерттеу жұмыстары жүргізілді. Нақты М.Ш.Адилова кіші мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген балалардың психомоторикалық ерекшеліктерін зерттеген, бұл еңбектің психомоториканы дамыту мен түзету теориясы мен тәжірибесіне практикалық маңызы зор болды
Л.О.Сарсенбаева көмекші мектеп оқушыларының тұлғалық бағытын қарастырса, Л.Х.Макина ақыл‑ойы кемтар балалардың тұлғааралық қарым‑қатынас ерекшеліктерін зерттеу жұмысын жүргізген.
Қазақстан дефектологтары кемтар балалардың тілді меңгеру мәселесін зерттеп бұл салада да құнды еңбектер жазды. Атап айтқанда, Бектаева К.Ж., Өмірбекова Қ.Қ көмекші мектеп оқушыларын тілге оқыту әдістемесі бойынша мазмұндама және шығармалар жазуға үйрету жұмыстарымен толықтырған. Ал математика әдістемесі бойынша Р.А.Сүлейменова ақыл‑ойы кемтар балалардың емеп шығарудағы қиындықтарының ерекшеліктерін зерттеуі мен И.Е.Терехованың көмекші мектепте ондық бөлшектерге оқыту туралы ғылыми жұмыстары өзектілігімен ерекшеленген. Арнайы мектептің негізгі міндеті түлектерін әлеуметтік бейімдеу жұмысын әзірлеу үшін А.Қ.Рсалдинованың ақыл‑ойы кемтар балалардың стандартты нұсқау бойынша жұмыс жасауға үйрету аса маңызды, бағалы еңбек.
Арнайы білім беру жүйесінің дамуы туралы ғылыми еңбектер Г.М.Коржова мен А.Қ.Сатованың диссертацияларында көрініс алады. Нақты Г.М.Коржова кемтар балаларды еңбекке баулу жүйесінің даму тарихын анықтаған, ал А.Қ.Сатова дефектолог кадрларын даярлау жүйесінің қалыптасу мен жетілдіру мәселелерін зерттеген. Арнайы білім беру жүйесінің даму тарихы үшін бұл жұмыстар аса маңызды.
Назарларыңызға рахмет!