СөЖ-7: Мемлекеттік бағдарламалар Қазақстанның болашақ дамуының кепілі



Дата08.02.2022
өлшемі19,73 Kb.
#124560
Байланысты:
С Ж-7 Мемлекеттік ба дарламалар аза станны болаша дамуыны к


Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ-7: Мемлекеттік бағдарламалар Қазақстанның болашақ дамуының кепілі

Орындаған: «Компьютерлік инженерия» мамандығының 1 курс студенті Байсеркеш А.Ж


Тексерген: Ильясов Е.Е

Ақтөбе, 2020-2021 оқу жылы


Мемлекеттік бағдарлама -ресурстар, орындаушылар, ғылыми- зерттеу, өндірістік, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық және басқа шаралар. Мемлекеттік бағдарлама экономиканы тікелей реттеу құралы ретінде мемлекетті дамытудың басым міндеттерін шешуге бағытталады. "Мемлекеттік бағдарлама" ұғымының мағыналық ауқымы кең. Ол мемлекеттік бюджет мүмкіндіктерін ескере отырып, түрлі шараларды қаржыландыру кезінде қолданылады. Мысалы, "Нұрлы көш" және т.б.

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары


Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген.
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары орта мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаты болып табылады және ол Қазақстанның 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асыру үшін әзірленді.
2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар Мемлекет басшысы 2017 жылдың басында жариялаған елдің Үшінші жаңғыру процестерін іске қосады және жеделдетілген сапалы экономикалық өсу мен елдегі өмір сүру деңгейін арттыру жөніндегі міндеттерді қойып отыр.
2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын алмастырады, ол жаһандық қаржы дағдарысының салдарын бәсеңдетті және экономиканың әртараптандырылған тұрақты өсуіне көшуді жеделдетті. 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспардың негізгі міндеттері мен нысаналы индикаторлары орындалды, қалғандары мемлекеттік бағдарламалар мен жоспарлар арқылы іске асырылуда.
2025 жылға дейінгі негізгі мақсат – адамдардың әл-ауқатын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің деңгейіне көтеруге алып келетін экономиканың сапалы әрі тұрақты дамуына қол жеткізу.
Экономиканың сапалы өсуі бизнес пен адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, технологиялық жаңғыртуға, институционалдық ортаны жетілдіруге, сондай-ақ адамның табиғатқа теріс ықпалын барынша азайтуға негізделуге тиіс. Бұл ретте БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттары маңызды бағдар болады.
2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар жеті маңызды жүйелі реформаның және жеті басым саясаттың төңірегінде құрылған, олар 2025 жылға дейінгі кезеңде елдің экономикасы мен әлеуметтік өмірінде жүзеге асырылатын болады. Елдің әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы прогресін өлшеу үшін негізгі ұлттық индикаторлар мен халықаралық индекстер айқындалды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет