Адам психикасының іргетасы ретінде ең терең жатқан және өте көне кұрамдас бөлігі - ол «Libido» (латын сөзі, құштарлық, іңкәрлік, зауықтану деген мағына береді), я болмаса оны қысқаша «Ld» деген екі әріппен береді.
З.Фрейдтің ойынша, оған адамның барлық бейсаналық түрде өтіп жататын психикалық құбылыстарының бәрі де кіреді.
Оларға инстинктер, күңгірт сезімдер мен түйсіктер, тілектер т.с.с. жатады. Бейсаналықтың өзегіне 3.Фрейд жыныс күш-қуатын (сексуалдық энергия) жатқызады.