А. Маслоудың бұл термині адамның өзін-өзі тануындағы психикалық ауытқуларды белгілеуге, метақажеттілік фрустрациясының нәтижесінде дамуға арналған (мысалы: апатия- немқұрайлылық, депрессия-күйзеліс, цинизм-арсыздық, әдепсіздік).
Фрустрация -
Фрустрация - [ лат.frustratio – алдау, сәтсіздік, ақталмаған үміт ] - алға қойған мақсаттарына жете алмаған, жоспарлары күл-талқан болып күйреген адам басынан өткеретін уайым, үрей билеген психологиялық жай-күй. Дегеніне жете алмаған, діттеген мақсатын орындай алмаған саясат субъектілері фрустрация жағдайын кешуі мүмкін.
Мақсатқа жету жолында жеңу мүмкін емес (немесе субъективті қабылданатын) қиыншылықтардан объективті негізде туындайтын жүріс-тұрыс пен уайым ретінде танылатын адамның психикалық қалпы.