- Продуктивті симптоматика деп (позитивті симптоматика, плюс-симптом) сау адамдарда кездеспейтін, аурудың нәтижесі ретінде пайда болған жаңа феномен, бір жаңа функция деп айтуға болады.
- Продуктивті симптоматикаға мысал ретінде сандырақ және галлюцинациялар, эпилептиформды пароксизмдер, психомоторлы қозу, жабысқақ ойлар, депрессия кезіндегі қатты қайғыру сезімі сиақты белгілерді атауға болады.
- Негативті симптоматика (дефект, минус-симптом), керісінше, организмнің сау қызметін шектейтін аурудың әкелетін шығыны, қандай да бір қабілеттен айырылу.
- Негативті симптоматика мысалына еске сақтау қызметінің (амнезия), интелекттің (кем ақылдылық) бұзылысы, жарқын эмоционалды сезім сезіне алмауы (апатия) жатады.
Невротикалық шеңбердің синдромдарының негізгі ерекшелігі - -бұзылыстар деңгейінің терең болмауы.
- -психикалық бұзылыстарға критикалық қарым-қатынас сақталады.
- -аурудың бар екенін түсінеді.
- -невротикалық синдромдар құрылымында ес бұзылысы, сандырақтық ойлар, галлюцинациялар, кемақылдылық, маниакальді жағдайлар, ступор, қозу сиақты бұзылыстар болмайды.
1.Астениялық синдром Бұл синдром нерв- психикалық әлсіздік жағдайы. Психиатрияда және неврологияда ең жиі тараған синдром. Ол психиканың сандық бұзылыстарын көрсетеді. Оның негізгі көрінісі- психикалық астения. Оның 2 варианты бар: - гиперстениялық
- гипостениялық
Гиперстениялық түріне тән: - Тітркендіргіштік
- Эмоциялық лабильділік және әлсіздік
- Гипобулия
- Ес қабілетінің бұзылуы
- Метеопатия
- Вегетациялық өзгерістер ( іш қату, іш өту, гипергидроз, бас ауырсынуы, тахикардия, акроцианоз, ұйқының бұрмалануы - инверсия)
- Ойлаудың бұзылуы
Достарыңызбен бөлісу: |