- Шизофрения
- Циклофения
- Эпилепсия
- Симптомдық, органикалық, интоксикациялық психоздар
Деперсонализациялық синдром - Деперсонализация сөзіне өзіндік сезінудің бұзылысы, МЕНінің өзгеру, жоғалту, бөтенсіну және екіге бөлінуі (раздвоение) сезімі деген анықтама беріледі.
- Жеңіл жағдайлар жайлы айтар болсақ, науқастар ішкі өзгерістердің пайда болуын байқайды; нәтижесінде олар ойлары мен сезімдерінің өзгергені , «басқадай» болып кеткені, бұрыңғы ға ұқсамайтыны жайлы айтады.
- Ауыр жағдайларда науқастар сезімдерін жоғалтқаны жайлы айтады, не бақыт, не мұңды сезбейтініне сендіреді. Біреулерде ол осы жоғалту қиналу сезімімен қатар жүрсе (anaesthesia psychica dolorosa), екіншілерінде қиналу сезімі болмайды (anaesthesia psychica).
- Деперсонализация келесідей көрінуі мүмкін:
- Өз сезімдерін, ойлардын, іс-әрекеттерін жатырқау, яғни өзіндік МЕН-нін бөтенсуі.
- Өте ауыр жағдайда өзіндік МЕН-нің жоғалу сезімі байқалады, өзінің бар екеніне күмәнданумен қатар жүреді.
Дереализациялық синдром - Науқастар қоршаған әлем және айналасын анық, қабылдамайды, олар оны түссіз, тұнып тұрған, жансыз, декоративті және мүмкін емес нәрсе деп түсінеді. Өзін қоршағанадамдардың беті мен заттарды сезімдік қабылдау жойылады олар абстарктілі, сезімдік компоненттен айырылғандай болып көрінеді.
- К дереализации относятся явления
- «бұрын көрген" (deja vu),
- «бұрын естіген" (deja entendu),
- " бұрын сезінген және басынан өткерген" (deja vecu) және «ешқашан көрмеген" (jamais vu),
- «ешқашан естімеген" (jamais entendu),
- «бұран сезінбеген және басынан өткермеген" (jamais vecu).
- Жиі уақытты қабылдау бұзылады, науқастарға ол ақырын жүріп жатқандай немесе ерекше тез өтіп жатқандай болып көрінеді.
дисморфоманиялық(дисморфофобиялық) синдром - дисморфоманиялық (дисморфофобиялық) синдром деп науқастың басты уайымы физикалық кемшілігінде немесе сүйкімсіздігінде болғанда және ол туралы ой шынайы бірақ шын мәнінде жоқ ақауға (аздаған артық салмақ, әлсіз көрінетін беттің ассиметриясы) қатты уайым түрінде көрінетін жеңіл бұзылысқа (қорқыныш, жабысқақ және аса құнды ойлар) әкелуі мүмкін болғанда айтамыз.
- Шынайы негіздемеден айырылған сандырақ ойлар
- Қатынастық ойлар (айналасындағы адамдар оның ақауын байқап, жасырын мазақ қылып жүргендей сезімнің пайда болуы),
- Көңіл күйінің жабырқау болуы
Достарыңызбен бөлісу: |