СөЖ Қр денсаулық сақтау министрлігі


Клиникасы және диагностикасы



бет13/20
Дата13.12.2021
өлшемі1,53 Mb.
#100148
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20

Клиникасы және диагностикасы


Сүйек сынықтары толық ығысқанда білектің майысқан айқын деформациясымен көрінеді, белсенді қимыл жасау мүмкін емес, белсенсіз қимыл кенет ауырсыну тудырады. Сүйекқабығы астылық сынықтар кезінде және «тармақталған шыбық» типті жарықшақтану кезінде диагностикалық қателіктер болуы мүмкін, өйткені клиникалық көрінісі жасырын болады және тек рентгендік зерттеу ғана диагноз қоюға көмектеседі. Егер мұндай сынықтар нақтыланбаса сүйек біртіндеп майысады, біраз уақыт өткеннен кейін сынықтардың дұрыс бітіспеуінен қисаюы байқалады. Шынтақ сүйегінің оқшауланған сынығы сирек кездеседі. Шынтақ сүйегі диафизінің ортаңғы немесе жоғарғы үштен бір бөлігі сынғанда кәріжілік сүйегі басының жарақаттық шығуы қосарланады. Мұндай сынық-шығуды Монтедж зақымдалуы (шынтақ сүйегі диафизінің ортаңғы үштен бір бөлігі сынғанда) немесе Брехта зақымдалуы (шынтақ сүйегінің проксималды метаэпифиз аймағында сынуы) деп атайды. Диагностикаланбаған немесе орнына салынбаған кәріжілік сүйегі басының шығуы шынтақ буынында қозғалыстың шектелуін туындатуы мүмкін. Шынтақ сүйегінің оқшауланған сынығы аталған аймақта болғанда, сынықпен бірге сақина тәрізді байламның зақымдалуы және басының шығуы қоса пайда болатынын естен шығармаған жөн. Осыған байланысты рентгендік зерттеу қорытындысын бағалау кезінде иық-кәріжілік қосылған жеріне назар аудару қажет және Смит және Гинзбург сызығын өткізген дұрыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет