Кәріжілік сүйегі проксималды соңының аймағындағы сынықтар
Балаларда кәріжілік сүйегі проксималды соңының аймағындағы зақымдалуларға – мойынның көлденең сынуы, мұнда сынудың жазығы метафиз арқылы өтеді және кәріжілік сүйегі басының эпифизеолизі, кәріжілік басының өсу зонасының бойымен сырғуы болғанда дамиды, кейде метафиздің бір бөлігінен өткенде (метаэпифизеолиз) пайда болады. Кәріжілік сүйегі басының меншікті сынығы ересектерге тән, балаларда мүлдем кездеспейді.
Клиникалық көрінісі және диагностикасы
Бұл зақымдалуға тән кәріжілік сүйегінің басы аймағында кенет ауырсыну және аздаған сусіңділену. Супинация және пронация қимылдары кенет шектелген және ауырсынады, бұл жағдайда бүгу және жазу жеткілікті көлемде болады. Осыған байланысты сәулелік жүйкенің зақымдалғанына көз жеткізу үшін иннервациясын тексереді.
Емі
Емі кәріжілік сүйегі басының ығысу дәрежесіне байланысты болады. Кәріжілік сүйегінің мойыны сынғанда немесе эпифизеолизі кәріжілік сүйегі басының ығысуынсыз болғанда немесе аздап ығысуы болғанда (көлденеңінен 3/1 қамтығанда басының бұрышты ығысуы 150 жоғары болмағанда) емдеу алақан сүйектерінің басынан бастап иықтың жоғарғы үштен бір бөлігіне дейін білектің максималді супинация қалпында және шынтақ буынынан бұрыш жасап бүгілген қалыпта екі апта мерзімінде гипстік лонгет салынады
Достарыңызбен бөлісу: |