Кездесу жиілігі бойынша балаларда екінші орында иық сүйегі (16%) алады. Проксимальді метаэпифиз аймағының сынуы, сүйектің диафизарлы сынуы және дисталды метаэпифиз аймағындағы сыну түрлерін ажыратады.
өсу сызығы бойынша сынуы (эпифизиолиздер, остеоэпифизиолиздер немесе бұдырмақ арқылы сыну депте атайды);
бұдырмақүсті сынықтарды бөледі.
Балаларда зақымдалудың ең көп кездесетін түрі иық сүйектің хирургиялық мойны мен проксимальді соңының остеоэпифизеолизі (эпифизеолиз), дисталды фрагменттің жылжуы сыртқа бұрыш жасап, ішке ашылуы болып табылады. Балаларда иық сүйегінің дисталды соңының сынуы жиі кездеседі. Ол барлық иық сүйегі сынуының 64% құрайды.