СөЖ Қр денсаулық сақтау министрлігі



бет9/20
Дата13.12.2021
өлшемі1,53 Mb.
#100148
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20

Емі


Консервативті және хирургиялық емді қолданады. Сыну кезінде ығысу болмағанда, әсіресе бір-біріне енген сынықтарда, қолаяқтарды гипстік лонгетпен қарама-қарсы орналасқан жауырынның ішкі жиегінен алақан сүйектерінің басына дейін орташа физиологиялық қалыпта салынады. Иық сүйегі мойыны аймағы сынғанда, эпифизеолиздер және остеоэпифизеолиздер кезінде бір реттік жабық репозиция жүргізіледі. Абдукциялық сынықтар кезінде қолға репозициясынан кейін орташа физиологиялық қалыпта бекітеді . Аддукциялық сынықтар кезінде әдеттегідей репозициямен сынық бөліктерді орнына келтіру үнемі мүмкін бола бермейді, осыған байланысты М.В. Громов енгізген орнына келтіру әдісі қолданылады. Соңғы жылдары остеосинтез ассоциация әдістемесі бойынша қатты стержіндермен (тенами) репонирленген сынған бөліктерін интрамедуллярлы остеосинтез әдісі кеңінен қолданысқа енгізілуде. Бұл кезде Уитмен-Громов әдісі бойынша сынған бөліктерді орнына келтіргеннен кейін иық сүйегінің дисталды бөлігінде теріге, шынтақүсті құйғышқа, бізбен қыртысасты қабатына остеоперфорация орындалады. Түзілген өзекке интрамедуллярлы проксималды бағытта стержень енгізіледі. Қосымша тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қосымша спиц өткізіледі. Баланы 2-3 күн өткеннен кейін амбулаторлық емделуге шығарады. Спицті 4 аптадан кейін алып тастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет