СөЖ Қр денсаулық сақтау министрлігі



бет20/20
Дата13.12.2021
өлшемі1,53 Mb.
#100148
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Емі


Түрлі орналасулы жамбас сүйектерінің сынуында емдеудің басты әдісі — консервативті ем. Зақымдалу дәрежесіне байланысты 3-5 апта мерзімге қатты керуетте бақа қалпындағы төсектік тәртіп тағайындалады. Бұл кезде аяқтары жамбас және тізе буындарында аздап бүгілген және олардың астына жұмсақ валик төселген. ЕЖ 2– 3-ші күндерден бастап, физиотерапиялық шаралар тек қосымша зақымдалуларда, иннервация бұзылыстарында және ұзақ иммобилизацияда ғана тағайындалады. Шокқа қарсы шаралардан басқа (қан компоненттерін және қан алмастырушыларды құю, глюкозо - новокаиді қоспа, наркотикті анальгетиктер, жүректік препараттар, гормондар, витаминотерапиия, гипербариялық оксигенация және т.б.), Школьников–Селиванов бойынша жамбас ішілік анестезия жасайды. Школьников–Селиванов бойынша анестезия — жоғары әсерлі шокқа қарсы және анестезирлеуші шара. Жамбастың бір жақты сынуында прокаин ерітіндісін сынған жаққа көрсетілген мөлшерде, екі жақты сынуда — жартылай мөлшерде екі жаққа енгізеді.

Қорытыңды


Қорытыңдылай келе, балалар ауруларының ішінде негізгі орындардың бірі – сынықтар болып табылады. Соның ішінде ең жиі кездесетіні қол сүйектерінің сынықтары, ал жамбас сүйектерінің сынықтары сирек кездеседі.

Қол сүйектері сынықтары ішінде:


  • Тоқпан жіліктің төменгі бөлігінің сынығы – 64 %
  • Иық сүйегі сынығы – 16%
  • Бұғана сүйегі сынығы – 13%

Пайдаланылған әдебиет

  • Балалар хирургиясы: оқулық / Ю.Ф. Исаковтың, А.Ю. Разумовскийдің редакцияларымен. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2014 – 1040 б.: ил. ISBN 978-5-9704-2906-8
  • “Балалар ауруларының пропедевтикасы” Б.Түсіпқалиев, Ақтөбе 2002ж
  • “Педиатрия” Б.Х.Хабижанов , С.Х.Хамзин ІІ том Алматы 2012
  • https://kazmedic.org/archives/5605
  • https://diseases.medelement.com/disease/бұғана-сынығы/13431

Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет