Жамбас сүйегінің сынығы
Балалардағы жамбас сүйектерінің сынуы көп жағдайда жол (транспортты) жарақатымен немесе биіктіктен құлаумен байланысты. Шамамен 62,3% зардап шеккен балалар стационарға ауыр немесе өте ауыр жағдаймен түседі.
Жамбас сүйегінің сынығының жіктелуі:
- Жамбас сақинасының бүтіндігінің бұзылмауымен жеке сүйектердің шектелген сынулары;
- Жамбас сақинасының бүтіндігінің бұзылуымен жүретін зақымдалулар:
- бір немесе екі жақты отырықшы және шат сүйектерінің зақымдалуымен жамбас сақинасының алдыңғы бөлімінің сынуы, шат байламының бұзылысы немесе осы жарақаттардың қосарлануы;
- жамбас сақинасының артқы бөлігінің сынуы, оларға сегізкөз, мықын сүйегінің сынуларын және сегізкөз-мықын байламының ажырауын жатқызады;
- Мальгеня, Вуальмье, Нидерл типті сынулар;
3. Ұршық ойығының сынуы;
4. Сынулар мен шығулардың қосарлануы — сегізкөз-мықын немесе шат байламының шығуымен жамбас сүйектерінің сынуы
Жамбас және жамбас буындарының рентгеноанатомиялық ерекшеліктері
Достарыңызбен бөлісу: |