Алақан сүйектерінің сынуы жиі кездеседі. Әдетте сыну ығысусыз болады немесе жарақат күшінен бұрыш жасап ығысуы немесе сүйекаралық тартылуы және құрт тәрізді бұлшықет бұрыш түзіп, алақан беткейіне қарауы мүмкін. Клиникалық көрініс және диагоностикасы: мұндай сынық кезінде жарақаттық ісіну, қан құйылу және пальпация кезінде сынық аймағында ауырсыну және күш түсіру кезінде сәйкес келетін саусақ білігінде ауырсыну байқалады.
Емі: жергілікті анестезиямен бір кезеңде жабық репозиция көрсеткіш болып табылады және иммобилизация мерзімі 2-3 апта баланың жасына байланысты.