Иық сүйегінің мойыны сыныуының жіктелуі: бір-біріне енетін, сүйекқабығы астылық және сынған сынықтардың ығысуымен болатын сынықтар, яғни мұндай сынықтардың абдукциялық (сынған сүйектің шеткері бөлігі ішке қарай, ал орталық бөлігі сыртқа қарай ығысады) және аддукциялық (мұнда перифериялық сынған сынық сыртқа қарай ығысады) деген түрлерін ажыратады.
Тұлғаны бойлай қол салбырап тұрады, қозғалысы кенет шектелген болады. Иық буыны аймағында және иықтың жоғарғы үштен бір бөлігінде ауырсыну, ісіну, дельта тәрізді бұлшықеттің ширығуы тән. Шамадан тыс ығысқанда (абдукциялық сынық) қолтықастында перифериялық сынған бөлік пальпацияланады.
Пальпациялағанда және қозғалғанда сынған бөліктердің шеті анықталады, мұндай манипуляцияны қолданбаған жөн, ол сынған бөліктердің қосымша ығысуына әкеледі, ауырсынуды күшейтеді, және тамыр-жүйкелік шоғырдың жарақатын туындату мүмкін. Диагнозы екі кескінде жасалған ренгендік зерттеуден кейін нақтыланады