Адамның төменгі жақ сүйегі 3 бағытта қозғалады: вертикалды (жоғары және төмен), ол ауыздың ашылуы мен жабылуына сәйкес келеді; сагиталды бағытта (алға және артқа); трансверсалды бағытта (оңға және солға). Төменгі жақтың әрбір қимылы буын бастарының бір мезгілде сырғып жылжуы мен айналмалы қимылдарының нәтижесінде пайда болады. Шықшыт буындарының бір қозғалысында айналмалы (шарнирлік) қимыл басым болса, екінші бір қозғалысында сырғып жылжу қимылы басым болады.