Төменгі жақ сүйегінің қозғалысы өте күрделі, ол әртүрлі қимылдардың жиынтығынан тұрады. Орталық окклюзияны анықтаудағы, сапалы тіс протезін дайындаудағы окклюдаторлар мен артикуляторлардың алатын орны ерекше. Артикулятор – қызмет көрсеткіштігі жоғары, сапасы жоғары тіс протезін дайындауда, окклюзия мен артикуляция аномалияларын талдауда, диагноз қоюда, емдеу шараларын таңдауда мүмкіндік береді. Артикулятор – стоматологиядағы тіс протезін жасауда ортодонтияда, гнатологияда, окклюзиодонтияда ешқашан қолданыстан шықпайтын қондырғы.