Сөж тақырыбы: 21. Максвелдің және Больцманның таралу заңдары. Штерн және Перенн тәжірибелері



бет4/4
Дата04.01.2022
өлшемі103,85 Kb.
#109356
1   2   3   4
Байланысты:
Болц

Больцман таралу заңы деп аталады.

Максвелдің заңы бөлшектердің кинетикалық энергиялары бойынша таралуын берген кезде Больцманның заңы потенциалдық энергияларының мәндері бойынша таралуын береді. Таралу заңдарының екеуіне де тән нәрсе ол – экспоненциялық көбейткіштің барлығы, оның дәрежесінде жеке молекуланың кинетикалық энергиясның немесе оған сәйкес потенциалдық энергиясының, молекуланың жылулық қозғалысының орташа энергиясына қатынасы тұр.



Штерн – Герлах тәжірибесі — атомның магниттік сәтінің бар екендігін және оның сыртқы магнит өрісі бағытындағы проекциясының нақтылы бір дискретті мәндер ғана қабылдайтындығын дәлелдейтін тәжірибе.

Штерн – Герлах тәжірибесінде күміс атомдарының шоғы әр текті магнит өрісі арқылы өткен кезде ондағы әр атомға: F=-μ(gradH)cos күші әсер етіп, оларды алғашқы түзу сызықты қозғалыс бағытынан ауытқытады, мұндағы μ - жеке атомның магниттік моменті, Н – магнит өрісінің кернеулігі. Классикалық теория бойынша, μ мен Н арасындағы бұрышқа ешқандай шек қойылмайтындықтан, РР пластинкада тек бір тұтас енді жолақ байқалуы тиіс еді. Ал тәжірибе нәтижесі бұдан өзгеше болып шықты: күміс атомдарының магнит өрімін қоспай тұрғандағы пластинка бетінде қалдыратын жіңішке сызық тәрізді ізінің орнына, олардың әр текті магнит өрісінен өткеннен кейін қалдыратын ізі, онымен салыстырғанда симметриялы болып орналасқан 2 жіңішке сызық түрінде пайда болатындығы байқалды. Бұл нәтиже кванттық теория болжаған кеңістіктік квантталудың бар екендігін дәлелдейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет