- ГЕПАТИТ А НЕГІЗГІ КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ - САРҒАЮ: ИНКУБАЦИЯЛЫҚ КЕЗЕҢІ, ПРОДРОМАЛЫҚ КЕЗЕҢІ (САРҒАЮ АЛДЫ), САРҒАЮ КЕЗЕҢІ, РЕКОНВАЛЕСЦЕНЦИЯ. СОНЫМЕН ҚАТАР, КӨП ЖАҒДАЙЛАРДА АУРУ САРҒАЮСЫЗ, СИМПТОМСЫЗ ӨТЕ АЛАДЫ (“АЙСБЕРГ ФЕНОМЕНІ”).
- АУРУДАН СОҢ ДАМИТЫН ИММУНИТЕТ ТҰРАҚТЫ, ҰЗАҚҚА СОЗЫЛАДЫ, ВИРУСТЫ НЕЙТРАЛДАЙТЫН АНТИДЕНЕЛЕР МЕН ИММУНДЫҚ ЕСТЕ САҚТАЙТЫН КЛЕТКАЛАРЫМЕН ҚАЛЫПТАСАДЫ.
МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫ - ГЕПАТИТ А ДИАГНОСТИКАСЫНА (МАЙМЫЛДАРДЫ ЖҰҚТЫРУДАН БАСҚА) ӘРТҮРЛІ ИММУНОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР ҰСЫНҒАН: КОМПЛЕМЕНТІ БАЙЛАНЫСТЫРУ РЕАКЦИЯСЫ (КБР), ИММУНОФЛУОРЕСЦЕНТТІ ӘДІС, ИММУНДЫҚ ЖАБЫСУДЫҢ ГЕМАГГЛЮТИНАЦИЯСЫ (ВИРУСТЫҚ АГ + АНТИДЕНЕ КОМПЛЕМЕНТ КӨМЕГІМЕН ЭРИТРОЦИТТЕРГЕ АДСОРБЦИЯЛАНАДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖАБЫСТЫРАДЫ). БІРАҚ БҰЛ ӘДІСТЕРДІ СИРЕК ҚОЛДАНАДЫ, СЕБЕБІ АРНАЙЫ ВИРУСТЫҚ АНТИГЕНДЕР АЗ БОЛАДЫ, АЛ ИММУНОФЛУОРЕСЦЕНЦИЯ РЕАКЦИЯСЫ БАУЫР БИОТОПТАРЫН (БИОПСИЯ) ҚАЖЕТ ЕТЕДІ. ӨТЕ НАҚТЫ ӘДІС БОЛЫП ИММУНДЫҚ ЭЛЕКТРОНДЫҚ МИКРОСКОПИЯ ЕСЕПТЕЛІНЕДІ, БІРАҚ ЖҮРГІЗУІ ӨТЕ ҚИЫН, ҚЫМБАТ ТҰРАДЫ. СОНДЫҚТАН, ИММУНОЛОГИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАРДАН ИММУНОФЕРМЕНТТІ АНАЛИЗ ҚОЛДАНАДЫ.
Достарыңызбен бөлісу: |