Сөж тақырыбы: «Ақпарат құралдары: радио, теледидар тілінің экспрессивтілігі: дыбыстық ерекшелігі, ортаға бейімделуі, көпшілік қауымды өздеріне тарта білетін қасиеттері туралы ой толғау» Орындаған: Алмас Аружан



бет2/2
Дата04.11.2023
өлшемі22,23 Kb.
#189770
1   2
Байланысты:
стилистика

спорт жаңалықтарында; Жаһан жаңалықтары; Бүгін сіздермен Айзада Жақсыбек, Медетжан Ызғұтты, т.б. Мұндай құбылыс – теледидар хабарлары тілінің табиғатына тән ерекшелік. Публицистикалық стильдің ауызша әдеби түрі – өзінің атқаратын қызметі, тілдік-стильдік элементтерді пайдалану принциптері, кімдерге қаратыла айтылатындығы жағынан жазба тілден де, ауызекі сөйлеу тілінен де бөлек танылатын құбылыс. Бұл түрі шаршы топ алдында сөйленетін, ресмилік сипаты бар тіл тәжірибесіне негізделеді. Демек, ана тіліміздің сөздік қорын байытып, әдеби тілімізді дамытып кеңейтетін, сөйлеу мәдениетін көтеруге пайдасын тигізетін теледидар тілін ғылыми тұрғыдан зерттеп-зерделеу мәселесі аса маңызды болып отыр. Осы бағыттағы түбегейлі ғылыми зерттеу жұмыстары бірінші кезекте радио-теледидар тілі дейтін мәселелердің жете сөз етілмей, қарастырылмай келе жатқандығын алғаш рет таныған ғалым М.Серғалиевтың бірқатар мақалалары мен ой-тұжырымдарынан басталады. Ғалым телехабарлардың тіл тазалығы 
жөнінде, ондағы тележүргізушілер мен дикторлардың тілінде ұшырасатын бейнормалық элементтердің орынсыз қолдану мәселелерін сынай отырып, тіл мәдениетінің көрсеткіші – газет-журналдар мен радио, теледидар тілі екенін пайымдай келіп: 
«Солай бола тұра, радио тілі, телевизия тілі дейтін мәселелер тасада қалып келе жатыр. Саусақпен санарлық газет мақалалары бұл олқылықты тіптен толтыра алмайды. Әлі бұл
тұрғыдан теориялық та, практикалық та мәні бар жайлар толып жатыр. Ондағы жылдар бойы жинақталған материалдар негізінде радио тілінің де, телевизия тілінің де теориясын жасайтын мезгіл жетті» – дейді. Бұл пікірдің айтылғанына біраз уақыт өтті. Бұл 
бағытта жоғарыда айтылғандай, теледидар тілін зерттеу ісі қолға алынып, теориялық мәселелері біршама ғылыми тұрғыдан игеріле бастады. Радио-теледидар хабарларының тілі қандай дәрежеде дегенде, жинақтап айтар болсақ, жаңалықтарды дер кезінде 
жеткізу қызметінің қалыптасқандығы; материалдардың нақтылы тақырыппен, жүйемен топтастырылуы; диалогке қатынасушылардың сөйлеуге әзірлену дәстүрі; хабар жүргізушінің еркін түрде, қысылмай сөйлеуі; хабардың берілу тәртібіне сәйкес техникалық құралдардың пайдаланылу реті т.б. біршама тартымды 
сипатта көрінеді. 
Радио-теледидар тілі ауызекі сөйлеу тілімен тең емес, арақатынасын ажырату керек. Осындай шарттары сақталмайды (ұйым-мекеменің атаулары толық айтылмайды, орыс сөздерінің орынсыз қолданылуы, бір сөздердің жөнсіз қайталанулары т.б.). 
Әрине, сөздерді сұрыптап, керегінше пайдалану хабардың жанрлық ерекшелігіне қарай
жүзеге асады. Ауызша сөйлеу түрі болған соң, әдеби тілде, оның норма-заңдылықтарын мүмкіндігінше сақтап жеткізуі қажет. Әсіресе, орфоэпиялық норма, оны құрайтын заңдылықтарды меңгеру, тыңдарман дұрыс түсініп қана қоймай, әсерлі қабылдауы үшін дауыс, интонация, екпінді дұрыс қою, кідіріс жасау, дауыстың сазы, қарқыны, сарыны, биіктігі тәрізді сапалық ерекшеліктерін жетік игеру маңызды болып есептеледі. 
Қазақстан жеріне қашаннан да көз алартушылар аз емес еді ғой. Қазақтың дүркін-дүркін қырылып, өспей қалғанының бір қырсығы – осыншама жерге өзгелердің өзеурей қарағандығынан емес пе еді ( Ш.Мұртаза). Бұл үзіндіде экспрессивті, бағалауыштық сөздер арқылы автордың қоғамдық-саяси жағдайға қатысы, оған баға беруі, өзіндік көзқарасының әлеуметтік сипаты анық көрінеді. Автордың «көз аларту» деп отырғаны жай көз аларту ғана емес, 
өзгеге үстемдік жасап, қоқан-лоққы көрсету деген сөздің «сыпайы» қолданысы болса, «қырылып, өспей қалу» – шындықты жалпылай жеткізіп тұрған тура мағыналы сөз. Ал «өзеурей 
қарау» – суық қолын салғысы келіп, қомағайлана, құныға қарау деген мағынада қолданылған деп түсінуге болады.

лексика-фразеологиялық: зат пен құбылысқа оқырман назарын аудару үшін экспрессивті-эмоционалды реңктегі сөздер және бағалауыш лексика (ХХI ғасыр көшбасшысы, ұлтжандылық, жарыс жүлдегері, еңбек майданы, ерлік мектебі, бәсекеге қабілетті, жасампаз ел, тұлға, перзент, сыбайлас жемқорлық, ұрпақтар сабақтастығы, егемендік, Тәуелсіздік, бостандық 


т.б)
тұрақты сөз тіркестері, мақал-мәтелдер, афоризмдер мен перифразалар (Жауапкершілігі ұлан-асыр істе заңғар шыңнан көріну – баршамызға парыз. Алдыңғы кезекте саналы болашаққа ұмтылу керек. «Жалғыз ағаш орман болмайтындай» алған білімің де өз басыңнан артылмаса несі пайда? Үш бәйтерек. Сәкен, Бейімбет, Ілияс! Үшеуінің де жөргегі  ұланғайыр бір даланың топырағы. Үшеуінің туысы қандай бір болса, тұрысы қандай әр бөлек... (Газеттен) 
морфологиялық: көптік тұлғалы зат есімдер, күрделі, қысқарған, жалқы, деректі, дерексіз зат атаулары, сан есім, сын есім, етістік тұлғалары, үстеулер (оқиғаның, т.б. қайда, қашан өткені жайлы...) шетелдік жұлдыздар, ең басты бәсекелестер, жиырма бірінші ғасыр, жоғары палата – сенат, т.б. 
синтаксистік: бұйрықты, лепті, риторикалық сұраулы сөйлемдер, сөз қайталаулар (Мен – тәуелсіз елдің ұрпағы! Бізге қандай қаламгер қажет? т.б.) 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет