1 түрдегі қант дибетінде, ұйқы безі жұмысының бұзылуына байланысты инсулиннің абсолюттік жетімсіздінен болады.
2 түрдегі қант диабетінде инсулиннің қатысты жетімсіздігі байқалады. Ұйқы безінің тіндері бұл кезде инсулинді (кейде тіпті артық мөлшерде) жеткілікті бөледі. Алайда, тіннің бетіндегі құрылым мөлшері азайған немесе қоршалған, бұл оның тінмен байланысын қамтамасыз етеді және глюкозаның қаннан тіннің ішіне түсуіне көмектеседі.
Диабетті емдеу үшін:
Диабетті емдеу үшін:
Арнайы диетаны ұстану керек: қант, шәрбат, тәтті жемістерді, печенье қолданбаған жөн. Аз-аздан күніне 4-5 рет тамақтану керек. Қантты алмастыратын өнімдерді қолданған абзал (аспартам, сахарин, ксилит, сорбит, фруктоза и тб)
Күнде инсуллин салу (инсулинотерапия) — 1 түрімен ауыратын адамдарға қажет немесе 2 түрі асқынып кеткен жағдайда қолдану керек. Дәрі арнайы шприц-қалам түрінде шығарылады, оңай салуға болады. Инсуллинмен емделу кезінде әрдайым қандағы және зәрдегі инсуллин мөлшерін бақылап отыру керек (арнайы жолақшалардың көмегімен).
Дәрі-дәрмек қабылдау, олар қандағы қантты түсіреді. Әдетте диабеттің 2 түрін емдеуді осы дәрілерді ішуден бастайды. Ауру асқынып дамыса инсуллин салу керек болады
Қант диабетіне шалдыққандарға дене жаттығулары пайдалы. Семіздікке ұрынған адамдар салмағымен күрессе ем нәтижелі болмақ.
Қат диабетін өмір бойы емдейді. Өзін-өзі бақылап жүру, дәрігер кеңестерін бұлжытпай орындау аурудың асқынып кетуіне жол бермейді.
Группы пероральных сахароснижающих препаратов
ҚАЛҚАНША БЕЗ АУРУЛАРЫНЫҢ ЖІКТЕМЕСі
ҚАЛҚАНША БЕЗ АУРУЛАРЫНЫҢ ЖІКТЕМЕСі
ҚБ ауруларының жалпы қабылданған жіктемесі жоқ. Жіктеменің негізінде қалқанша без қызметіне (гипертиреоз, гипотиреоз, эутиреоз) тәуелді қарапайым қағида жатыр. Төмендегі 3.3 кестеде аталған жіктеменің қысқартылған нұсқасы көрсетілген.
Жіктемені талдау барысында бірқатар терминологиялық сұрақтарды талқылау керек. Тиреотоксикоз термині ағзада тиреодты гормондардың артық болуынан дамитын клиникалық синдромды білдіреді және оның патогенетикалық үш түрін ажыратуға болады:
· Деструктивті (тиреолитикалық) тиреотоксикоз - ішкі және сыртқы түрткілердің әсерінен тиреоидты фолликулалардың деструкциясы нәтижесінде оның ішіндегі тиреоидты гормондардың қанайналымға шығуымен сипатталатын ҚБ типті патологиялық реакциясы. Бұл түрде ҚБ гиперфункциясы болмайды. Деструктивті тиреотоксикозбен өтетін аурулар кезінде, мысалы жеделдеу және босанудан кейінгі тиреоидиттер ҚБ гиперфункциясымен (Грейвс ауруы) салыстырғанда айқындылығы төмен тиреотоксикозбен сипатталады. Сонымен қатар, олардың болжамы жақсы.
· Медикаментозды тиреотоксикоз - тиреоидты гормон препараттарының артық мөлшерде берілуімен байланысты.