Сөж тақырыбы: Эндокринология аурулары



бет3/5
Дата14.10.2022
өлшемі3,7 Mb.
#152990
1   2   3   4   5
Байланысты:
stud.kz-30550

Грейвс ауруы (ГА, Базедов ауруы, жайылмалы уытты жемсау) — тиреотропты гормон (ТТГ) рецепторларына қарсы антиденелердің өндірілуінен дамитын, клиникалық ҚБ зақымданғаннан тиреотоксикоз синдромының дамып, экстратиреоидты патологиямен (эндокринді офтальмопатия, перитибиальды микседема, акропатия) бірге көрінетін жүйелік аутоиммунды ауру (3.5 кесте). Ауру алғаш рет 1825 ж. Калеб Парримен, 1835 ж. — Роберт Грейвспен, 1840 ж. — Карл фон Базедовпен суреттелген болатын.

  • Грейвс ауруы (ГА, Базедов ауруы, жайылмалы уытты жемсау) — тиреотропты гормон (ТТГ) рецепторларына қарсы антиденелердің өндірілуінен дамитын, клиникалық ҚБ зақымданғаннан тиреотоксикоз синдромының дамып, экстратиреоидты патологиямен (эндокринді офтальмопатия, перитибиальды микседема, акропатия) бірге көрінетін жүйелік аутоиммунды ауру (3.5 кесте). Ауру алғаш рет 1825 ж. Калеб Парримен, 1835 ж. — Роберт Грейвспен, 1840 ж. — Карл фон Базедовпен суреттелген болатын.
  • Этиологиясы
  • Белгісіз; HLA-DR3, HLA- DQA1*0501 гаплотиптерімен ассоциация, протективті гаплотип: HLA-DQA1*0701.

  • Патогенезі
  • Тиреотоксикоз синдромы мен ретробульбарлы шелмайда қабынулық өзгерістердің дамуымен сипатталатын ТТГ рецепторларына ынталандырушы антиденелердің өндірілуі.

  • Эпидемиологиясы
  • Әйелдер 10 есе жиі ауырады, әсіресе 20 мен 50 жас аралығында. Қалыпты йод қабылдайтын аймақтарда тиреотоксикоздың таралуы-әйелдердің 2%-да, ГА жаңа жағдайларының жиілігі- жылына 1000 әйелдердің 3-де.

  • Басты клиникалық көріністері
  • Тахикардия, суправентрикулярлы аритмия, жүрек жеткіліксіздігі, тәбеті жоғары бола тұра дене салмағының төмендеуі, бұлшықеттік әлсіздік, тремор, тершеңдік, қозғыштық, жылауықтық, тиреотоксикоздың көздік симптомдары, эндокринді офтальмопатия.


Диагностикасы

ТТГ↓, Т4 және Т3↑, эндокринді офтальмопатия, ҚБ көлемінің жайылмалы ұлғаюы, ҚБ сцинтиграфиясы бойынша 99mТс сіңірілуінің жайылып күшеюі, ТТГ рецепторларына қарсы антиденелер.

Салыстырмалы диагностикасы

Тиреотоксикозбен дамитын басқа аурулар.

Емі

Тиреостатикалық терапия (тиамазол, пропилтиоурацил), тиреоидэктомия (ҚБ субтотальды резекциясы), 131I-пен терапия.

Болжамы

Тұрақты эутиреозға қол жеткізгенде болжамы жақсы. Тиреостатикалық терапиядан кейін сауығып кету мүмкіндігі — 25–50 %. Радикалды әдістерді қолданғаннан кейін тұрақты тиреоидты гормондар препараттарымен орынбасушы терапия.

Грейвс ауруы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет