Энзимотерапия – ферменттерді емдеу мақсатында пайдалану. Мысалы, ферменттердің мүлде болмауы жағдайында немесе жетіспеушілігінде (тұқымқуаулушы немесе жүре пайда болған) асқорыту трактісі ферментерін (пепсин, трипсин, липаза, амилаза) дәрілік препарат ретінде қолдану (мезим, фистал – препараттары). Кейбір алмасу өнімдерін (мочевинаны), тормбтарды, жарақаттарды өлі ұлпалардан тазалау үшін спецификалық ыдыратуға пайдаланады.
Энзимодиагностикада – ферментерді клиникалық-диагностикалық лабораторияда қандағы майларды, глюкозаның, холестериннің және т.б. заттардың концентрациясын анықтау үшін пайдаланады. Бұл анализ 10 мкм қан плазмасымен бірнеше минутта жасалынады. Көптеген жағдайда клиникада анализ үшін иммобилденген ферменттерді пайдаланады. Энзимодиагностиканың негізіне ферменттердің мүшелер мен жасушаларға таралып бөліну принципі де жатқызылады.
Ферменттік терапия
Протозоилар антибиотикалық заттармен қоса тыныс алу жолдарында және тыныс алу жолдарының ауруларында пайдаланылған. Бұл бағытта ферментотерапия жақсы эффект көрсеткен.Қабыну процестерінде қолдану барысында, оның фибринолитикалық және мукоидтық әсері қоймалжың секреттер мен эксудаттардың тез таралуына, яғни сіңуіне әкеледі, олардың жойылуын тудырады.
Ферменттік терапия тыныс алу жолдарының мынадай ауруларында қолданылады: ларингит, бронхит, пневмония, шырышты қабаттардың қабынуларында.
Стоматология Хирургия Гинекология Терапия Кардиология. Сонымен қатар басқа салаларда да қолданылады: