Мүмкіндігі шектеулі баланы түзете-дамыту бағыты бойынша
Ақаудың құрылымымен оның айқындылық дәрежесіне байланысты болатын түзету жұмысының мазмұны анықталады. Мүмкіндігі шектеулі баламен жүргізілген диагностиканың қорытындысы түзете-дамыту жұмысы бойынша мынадай бағыттарды айқындап берді:
- сенсорлық және сенсомоторлық дамуын қалыптастыру;
- кеңістік-уақыт түсініктерін қалыптастыру;
- пішін мен көлем, түсті қабылдауын қалыптастыру;
-салыстыру, талдау, жинақтау, қорытындылау, жалпы ойлау операцияларын қалыптастыру;
- зейіннің тұрақтылығын, зейін шоғырлануын дамыту;
- көру, есту арқылы есте сақтауын дамыту;
- психомоторлық дамуды жүзеге асыру мен сөйлеу тілін, сөздік қорын арттыру болып табылады. Түзете – дамыту бағдарламасы баланың танымдық қабілеттерін дамытуға, баланың дамуындағы бос орынды толтыруға бағытталады. Яғни, бағдарламаны жүзеге асыру үшін баланың жеке жас ерекшеліктері, қабылдау деңгейі ескеріліп, әр тақырыпқа тапсырмалар тізбегі даярланады. Баламен жеке жұмыс сабақтан тыс уақыттарда өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |