Этностық таптаурындар - әлеуметтік таптаурынның бір түрі, бағыты – поляризациялы, этносаралық өзара әрекетпен детерминацияланады, болмыспен байланысты, орнықты, алайда әлеуметтік және психологиялық факторлардың әсерінен өзгереді. Этностық таптаурындар этномәдени әлеуметтену процесінің нәтижесі. Этностық әлеуметтенуде индивидте этностық топқа тән мінез-құлық, аттитюдтар, қабылдау, құндылықтар қалыптасады, ол өзіне және басқаларға сол топтың мүшесі ретінде қарайды.
Алайда, этнотаптаурындарға жеке бір индивидтердің өзгерген пікірлері жайлы зерттеулер өте жеткіліксіз. Этностық таптаурындардың қалыптасуына әр түрлі этностықтан тыс факторлар, ең алдымен этностың әлеуметтік құрылымы әсер етеді. Этностық таптаурындар ұрпақтан-ұрпаққа ауысуда тұрақты болғанымен, әр түрлі ситуациялардың әсерінен өзгере береді. Этностық таптаурындардың жұмыс жасау механизмдерін білу этносаралық қатынастардағы мәселелерді реттеуде өзіндік рөл атқарады. Онтенезде этностық сана-сезімдерді және оның компоненті – этностық таптаурындарды қалыптастыру әлеуметтенумен, аккультурациямен байланысты.
Этностық стереотиптің когнитивті (мазмұны) және аффективті (нанымдар) деп аталатын екі жағы бар. Ішкі бағдарлану стереотиптің когнитивті элементіне мазмұн береді, бағыттылық оның интенсивтілігін анықтайды. Адамда алдымен ішкі бағдарлану қалыптасады, содан кейін ол ішкі бағдарлануға сәйкес мазмұнда стереотиптің толықтырылатыны жайлы пікірлер эксперименттік зерттеулерде дәлелденді.
Этностық сана – сезімдердегі этномәдени феномендердің репрезентациясы, әлеуметтік – психологиялық құрылуларда ішкі орнықтылықты қамтамасыз ете отырып, этностық бірліктің, әлеуметтік мінез-құлықтың реттеуші негізгі механизмдеріне айналады. Этносаралық өзара әрекетте этностық таптаурынның когнитивті мазмұны дамиды, эмоциялық компоненті өзгереді, этностық топ позитивті өркендейді. Этностық түсініктер адамды этностық топтың мұшесі деп қана қабылдамайды, әрі этностың қоғамдық санасында қалыптасқан тұрмысын, мәдениетін, салт-дәстүрлерін де қабылдайды. Этностық тұсініктердің негізінде, этносаралық қатынастардың тарихи практикасында қалыптасқан орнықтылық, этнос топ мүшелерінің қабылдауы мен мінез-құлқын реттейтін этностық таптаурындар қалыптасады.
Этностық стереотип қандай-да бір адамның тұлға туралы көзқарасының қалыптасу кезінде туады. Кез келген адамның қатынас тәжірибесі этносымен, қоғамдағы қай топқа жататындығымен, жынысымен, жас ерекшелігімен, кәсібімен түсіндіріледі.
Жалпы зерттеулерге сүйене отырып, мынандай түйін жасаған жөн: этникалық стереотиптер әлеуметтік стереотиптердің ең жиі кездесетін түріне жатады, олар әлдебір этникалық топтар бейнесінің қалыптасу үрдісіне де ықпал етеді. Сондай-ақ, этностереотиптер кез келген адамның әлденені ұғынуына да керемет ықпалы болады. Өзге қоғамның бейнесін анықтайтын детерминант: объектілердің ұлттық ерекшеліктерінен бастап, топаралық өзара әрекетке дейін, бүгінгі күннің себебінен бастап, мәдени-тарихи тәртіптің латенттік факторларына дейін, жеке тәжірибеден бастап, көпшілік сананың көзқарасына дейін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |